Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3266 0 пікір 9 Қаңтар, 2014 сағат 06:25

Байжан Алтай. «Басты қатырмай орыс тіліне көш, қазақ!»

Өткен жылы қазақ БАҚ кеңістігінде бір көсемсіген мәңгүртіміз, Мұқаңша айтсақ, Шоқан Лаумулин жөнінде бірер мақалалар жарық көрген еді. Өзі Ұлыбританияда тұратын көрінеді.  Реті келгенде елге қонаққа келіп тұрады екен. Орыстілді баспасөздің сүйікті жаршысы, танымал авторы, керек болса, елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «ашаршылық болмағанда, қазақтың саны 45-50 миллионды құрайтын еді» деген сөзін ашық келеке етіп жүрген, тілге, ділге байланысты ұлттық намысымызды таптағаны былай тұрсын, жас қазақ жігіттердің маңдай терімен жинаған ақшаларын жеп алдап жүргені де бар, қысқасы, айта берсек, сөз көп, білгісі келген адам мына ғаламтор сілтемелерден көре алады:

http://maidan.kz/index.php/item/878 (Ұлтынан безген, ар-намысынан аттаған алаяқ), http://masa.kz/article/view/id/4828 (Чокан қудың құрығы қазақты зар еңіретіп тұр...),  http://zhebe.com/index.php/o-am/item/1231 (Қағынан жерігендер ұлтын сатып жүр),  http://www.tanym.tv/index.php?page=item14_1&item=tx_item14_1-274.htm (Ұлтынан безген, ар-намысынан аттаған алаяқ), http://massaget.kz/blog/9111 (Ұлттық Мүдде), ж.б.

Ел кәдімгідей шулады, айтар сөзін жеткізе айтты, бірақ бұдан шыққан нәтиже мүлде жоқтың қасы - ноль деуге болады!  Қазақ сөзін, қазақ тілін, туған халқының үнін ұғар жан жоқ! Әкім-қараның қарны тоқ, көйлегі көк  -  бізді, қарапайым елді не қылсын олар!

            “Абай.кз” сайты бастап, басқалар қостап ірі-ірі елдік мәселелер көтерілуде, ел-ағаларының жанайғайы (екі Мұхтар ағаларымызды айтып отырмын), хаттары, үндеулері басылуда...

            Үкіметте үн жоқ, Президент Әкімшілігі тып-тыныш, министрліктеріміз ұйқылы ояу. Атойлап жатқан ел бір жақта, тойлап жатқан билік басқа жақта... Бір-бірімен еш байланысы жоқ сыңайлы. Тілі де басқа, күні де басқа екі топ...

            Ал, мына Шоқан батырымыз батырлығын қоятын түрі жоқ. Қарасам, орыстардың  russianskz.info деген сайты “ақжолтайлап” қос алақанын соғып, ду қол шапалақтап жатқанына бірер ай болыпты:  http://www.russianskz.info/society/5079-chokan-laumulin-pora-priznat-chto-russkiy-yazyk-neotemlemaya-chast-kazahstanskogo-obschestva-i-sobstvenno-kazahov.html

            «Пора признать, что русский язык – неотъемлемая часть казахстанского общества и собственно казахов» деп Үкіметімізге бағыт-бағдар сілтеген мақаласы шығыпты Шәкеңнің.

            Мазмұны да өте қарапайым.

            Қазақ тілінің мазмұны ескірген, көнерген, көмескі тартқан екен, бүгінгі дамыған өмірімізге ол әсте лайық емес, оны, біріншіден, жетілдіріп, толықтырып, байытып алуымыз керек екен. Іске аспайтын шикізат ол.

            Ал орыс тілі дүниежүзіндегі ең керемет дара тіл екен, ол ағылшыннан да, басқа тілдерден де әлдеқайда озық, дамығын, ең оқымысты, дана тіл екен автордың түсінігінше. Интернетте де басқа тілдерден әлдеқайда көп орын алады екен. Тіпті, білім беруде де оған теңесер тіл жоқ-мыс. Осылай деп көсілген  Шоқан Лаумулин орыс тілі Қазақстанда мемлекеттік статусқа ие болмай, мына қазақ адам қатарына қосылмайды.

            Басқа сөзді бұл жігітке рәсуа қылғым да келмейді. Осы-ақ жетер. Бірақ, мәселе онда емес қой, мәселе тақырыпта. Және орысша жазылған пікір жоғары жаққа майдай жағып жатқанында.

Ал, керісінше, туған тілде, еліміздің жалғыз мемлекеттік тілінде, мемлекет құрушы халықтың ана тіліндегі мәліметті жоғары жақтың құлағына да қыстырмайтыны, ел сөзіне пысқырмайтыны – күмән келтірмейтін ақиқат!

            Оның себебі белгілі. Мәдениетсіз, кедей, көмескі, ескі тілді оқыған, бай, жоғары лауазымды, дамыған тілді меңгергендер не қылсын?

            «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген шығар, ағайын, не дейсің бұған?

Abai.kz 

0 пікір