Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3773 0 пікір 9 Қаңтар, 2014 сағат 17:46

Бас редакторлар: «Қазайтыстың» қоқан-лоққысы мен қысымын қатаң айыптаймыз!

 

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ. Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуатқа «Қазайтыс» сайтының ресми веб-жәшігінен қоқан-лоққыға толы, отбасы мен жеке өміріне қауіп төндіріп, қысым жасаған хат келді. Бұл тек қана Abai.kz ақпараттық порталы мен оның бас редакторына ғана жасалған қысым емес, азат ойлы, ашық пікірдегі, өзіндік көзқарас ұстанымы әрі айқын бағыт-бағдары бар баспасөзге, жалпы журналистерге көрсетілген сес. Осыны бек түсінген әрі қашанда бір-бірін қолдап, ұлт мәселесі мен мемлекет мүддесі жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан қазақ баспасөзінің өкілдері «Қазайтыс» сайты тарапынан Дәурен Қасенұлына жасалған қысастықты бір ауыздан айыптап отыр. Әрі мұндай қауіптің дереу алдын алып, дер кезінде лайықты жазасын беру керек деп есептейді.

Төменде редакция сауалдарына жауап берген бір топ бас редакторлардың ой-пікірлерін жариялап отырмыз!

 

1. Екі сайттың арасындағы пікірталас жеке басқа қауіп төндіруге ауысып, азаматқа қоқан-лоққы жасауға ұласты. Сіз «ҚазАйтыстың» осы әрекетіне адам ретінде, кәсіби журналист ретінде қалай қарайсыз?

2. Мұндай харекеттерге құқық қорғау орындары не істей алады?

 

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ. Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуатқа «Қазайтыс» сайтының ресми веб-жәшігінен қоқан-лоққыға толы, отбасы мен жеке өміріне қауіп төндіріп, қысым жасаған хат келді. Бұл тек қана Abai.kz ақпараттық порталы мен оның бас редакторына ғана жасалған қысым емес, азат ойлы, ашық пікірдегі, өзіндік көзқарас ұстанымы әрі айқын бағыт-бағдары бар баспасөзге, жалпы журналистерге көрсетілген сес. Осыны бек түсінген әрі қашанда бір-бірін қолдап, ұлт мәселесі мен мемлекет мүддесі жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан қазақ баспасөзінің өкілдері «Қазайтыс» сайты тарапынан Дәурен Қасенұлына жасалған қысастықты бір ауыздан айыптап отыр. Әрі мұндай қауіптің дереу алдын алып, дер кезінде лайықты жазасын беру керек деп есептейді.

Төменде редакция сауалдарына жауап берген бір топ бас редакторлардың ой-пікірлерін жариялап отырмыз!

 

1. Екі сайттың арасындағы пікірталас жеке басқа қауіп төндіруге ауысып, азаматқа қоқан-лоққы жасауға ұласты. Сіз «ҚазАйтыстың» осы әрекетіне адам ретінде, кәсіби журналист ретінде қалай қарайсыз?

2. Мұндай харекеттерге құқық қорғау орындары не істей алады?

3. «ҚазАйтыстың» шектен шыққан әрекетіне не істеу керек?

 

БАУЫРЖАН БАБАЖАНҰЛЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ «АҚТӨБЕ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ (2-суретте):

1. Бір-бірінің қолтығынан сүйеуге тиіс екі қазақ сайтының арасында осындай жайттың орын алғаны өте өкінішті. Әрине, адамдар арасында пікір қайшылығы болуы заңды, бірақ оны жеткізудің де мәдениеті бар ғой. Мысалы, біреудің жазғаны ұнамаса соған өз уәжіңді келтіре отырып, жауап бер. Жеке басына тиіспе! Ал бұл жерде «Қазайтыс» шектен шығып отыр. Жеке басты былай қойғанда, Дәуреннің қатын-баласына «ауыз салды». Бұл — ешқандай ақылға сыймайтын әрекет! «Қыздарың зинақор болады...» — деген сөзді жазған адамды адам деп санауға бола ма?!

2. Құқық қорғау органдары, бұл мәселені, анықтауы тиіс. Бұл үшін олардың қолында барлық мүмкіндіктер бар. Кінәлі адамдар жазалануы керек. Мүмкін, екі араға от салу үшін үшінші бір топтар жазып отырған шығар хатты?

3. Меніңше, екі-үш күнде мәселенің ақ-қарасы анықталуы тиіс. Өз басым «Қазайтыстың» уәжін күтемін. Хатты жазған кісі қолымен істегенді мойынмен көтереді деп ойлаймын. Бәлкім, бұл — тұтас сайттың емес, сондағы бір адамның «пікірі» шығар . Ал егер хат шынымен сайттағылардың ортақ «еңбегі» болса, онда бұл мәселемен құзырлы органдар айналысуы керек.

 

СЕРІК ӘБІКЕНҰЛЫ, «ПАРАСАТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ (3-суретте):

1. Дәуреннің жазғанын оқыдым. Егер расымен әріптес атанып жүргендер осындай тірлікке барса сұмдық екен. Сене алмадым. Арандату шығар деген күдігім басым. Олай болмаса "жеткен жеріміз осы деу" керек. Айтыс ешкімнің меншігі емес, қазақтың өнері. Оны сынауға да, мақтауға да әр қазақтың хақысы бар. Ашық пікір алаңын ұйымдастырып өзінің кәсіби қызметін адал атқарған бас редакторды өзге авторлардың мақаласы үшін жазалағысы келіп "жұдырығы" қышып жүретіндер көлеңкедегі "құдіреттерсіз" де жетіп артылады. Бірақ Дәуреннің жағдайы "арбаға байлап сабағанның" кері болып тұр. Отбасына шүйлігу арсыздықтың асқынғаны. Дәуреннің "Жас Алашта", "Алтын ордада" шырқыратып мақала жазып жүргенде бұлай селт еткенін байқамап едім. Демек отбасына шын қатер төнгені, хат мазмұны тым ащы болғаны....

2. Адамның жеке басына ғана емес тұтас отбасына қатер төнгенде құқық қорғау орындарының бірақ амал-харекеті бар - қоқан-лоқы жасаушыны тезірек анықтап, жауапқа тарту, қатал жазалау. Бірнеше адамға қастандық ойластыру жазасы ауыр қылмыстардың бірі.

3. "Қазайтыс" па, басқа ма арада бақан сүйреткен "әріптестердің" пайда болғаны анық. Ол бақан қазақ ұлының маңдайын жарса арты жақсылыққа апармайды. Сондықтан заңи тұрғыда мәселеге нүкте қоймаса болмайды. Екіншісі, егер араға арандатушы енген болса екінші тарап та оның есімі жария болғанына ат салысуы керек.

 

ЕСЕНГҮЛ КӘПҚЫЗЫ, МІНБЕР ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ (4-суретте):

1. Әркім өз ойын ақпарат құралдарында, басқа да қоғамдық орындарда айтуға құқылы. Бұл ретте, кім-кім болса да, айтатын әңгімесіне байланысты аргументтері жеткілікті, дәлел-дәйектері сараланған болса және айтылған сын қарсы тараптың жеке басын қаралауға әрі ар-намыс, іскерлік беделіне нұқсан келтірмеуге, дәйексіз жала жабуға, масқараламауға тиіс. Ал журналистің жасырын қоқан-лоқы көрсетуі , дөң айбат шегуі – журналистік этикаға да, ешқандай заң шеңберіне де сыймайды екен. Егер, аргументтері жеткілікті ме, мәдениетті түрде және заң шеңберінде ашық айтыса білсін. Газет беттерінде талай айтыстардың куәсі болдық, тіпті кейбір ағаларымыз бен апаларымыздың пендешілікке салынғанын да көзіміз көрді. Алайда, о заманда, бұ заман қазақ журналистерінің бір-біріне жасырын түрде қоқан-лоқы жасағаны жайында естімеппіз. Бұл – қорқақтың тірлігі. Сондықтан, ол кісі өз аргументтерін өзінің сайтының бетінде айта білгені орынды болар еді. Оқырман көпшілік те, кімнің қандай деңгейде, қандай дәрежеде екендігін бағамдай біледі. Және оқиғадан хабардар болады. Ал қазіргі жағдайда «Қазайтыстың» жасырын түрде қөорқытуы бізді таңқалдырып отыр. Және бұған қандай да бір пікір айту оңай болмай тұр. Өйткені, екінші тараптың пікірі ашық емес.

2. Құқыққорғау орындары зардап шеккен тараптан шағым түскен жағдайда ғана жұмысқа кіріседі. Көбінде бұндай жағдайда олар екі жақты бейбіт түрде келістіруге шақырады. Егер, бейбіт келісімге келмей жатса, істі сотта қарап, әкімшілік жаза қолдануы мүмкін. Біз заңгер болмағаннан кейін, бүге-шігесіне дейін түсіндіріп бере алмаймыз.

3. Қазірдің өзінде бұл сайттың имиджісіне әжептәуір нұқсан келді. Меніңше, ендігі қадамды олардың өзінен күткен жөн. Олар өз қателігін түсініп, кешірім сұрайды деп ойлаймын. Болмаса заң шеңберінде сотқа жүгіну арқылы ғана шешіледі деп ойлаймын.

 

АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК, ULT.KZ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ (5-суретте):

1. Бұл жағдай біздің қоғамдағы ашық айтуға ешкімнің батылы жетпей жүрген проблемалардың, тереңде ағып жатқан күрделі ағыстарын су бетіне алып шыққандай болды. Бұрын ұлтшыл мен шала қазақтың айтысын білетін болсақ, енді әсіредіншіл топтар мен ұлтшылдар армиясының арасындағы, бұрын көрінбейтін текетіресті, керек десеңіз, Исламның ұлтымызға жат ағымдардың қазақ қоғамына ықпал ету ісіндегі гегемониялық пиғылды да көрсетіп алды. Бұл күндердің күнінде қылаң береді-ау деп жүр едім, бірақ осындай жабайы формада көрініс табады деп ойламаппын. Бір жағынан бұл жағдай кім қандай масканың артында жасырынып тұрғанын анықтап берді. Әрине, мұны мен пікірталас жүргізудің өркениетті түрі деп айта алмаймын.

2. Дәурен Қуаттың қоқан-лоққыға толы хатты алғаны туралы ашық жариялағаны дұрыс болды деп ойлаймын. Себебі, мұндай хат алу психологиялық тұрғыдан алғанда, өте ауыр. Адам не істерін білмей абдырап, қайнаған қазанның бетін жылы жауып қою да ықтимал. Дәурен олай істемегені, бірден қоғамның назарын аударғаны жөн болды. Себебі, беті әуелде қайтпаған дерттің асқынуы оңай. Санасы сергек көптеген сайттар іліп әкетіп Дәуреннің үндеуін жариялады. Қарсы шығып, хаттың авторын, келген жағын қолдаған жоқ. Бұл да болса, қазақ қоғамының мұндай кесір әрекеттерге тойтарыс бере алатынын көрсетті. Бұл ең алдымен, адамның құқығын таптау мен жеке бастың, оның жанұясының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін акт болғандықтан, құқық қорғау органдары, арнайы қызметтер әбжіл назар аударып, шара қолдануға тиіс.

3. Ең алдымен, шынымен сол сайттан келгенін нақты анықтау керек. Дәлелденген жағдайда, заң аясында жауапқа тарту қажет.

Abai.kz

0 пікір