Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4352 0 пікір 24 Желтоқсан, 2013 сағат 07:34

Күлсалғышқа айналған бас сүйек Кенесары ханның басы ма?

Әлеуметтік желілерде Кенесары ханның бассүйегінің фотосуреті пайда болды. Бұл сенсациялық суретті Facebookке журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда өңірі бойынша меншікті тілшісі Ержан Байтілес салыпты.

Оған «Хабар» арнасының ОҚО бойынша меншікті тілішсі, журналист Болат Көкенайұлы көрсеткен екен. Болат Көкенайұлына да өз кезегінде бұл суретті WhatsApp арқылы бір досы жіберген.

Енді суретке назар аударайық.

Суретте күлсалғышқа айналған қазақтың соңғы ханының бассүйегі тұр. Жоғарғы жағын күміс не темірмен жиектеп, қаптап шығыпты.

Басты арнайы темір қондырғыға қойыпты. Алдыңғы күрек тістері түгел, сау.

Фотосуретте сарғыш тартқан белгі-қағазға "КЕНЕСАРЫ ХАН КАСЫМОВ, последний разбойник киргизкой степи 1837-1847 жж. " деген жазу тұр. Бұл жылдар Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілістің болған жылдары екені мәлім.

Аталып отырған бассүйек мұражайларға тән әйнектің ішінде сақтаулы тұр. Қасында тағы бір бассүйектің шеті көрінеді. Бассүйек телефонның камерасымен түсірілген. Әйнектен телефонның сұлбасы байқалады.

Егер бұл шынымен Кенесары ханның басы болса, ол қай мұрағатта немесе қай мұражайда бұлай ашықтан ашық тұруы мүмкін. Қанша сайланып шыққан экспедиция таба алмай қойған бұл киелі дүниені кім осылай еркін көре алды?

Әлде бұл қазаққа қарсы, жат пиғылдың әрекеті ме? Мүмкін қазақты мазақтап, фотошоп арқылы жасаған қорлауы ма? Әлде шындық па? Кім анықтай алады мұны?

Ұлт порталы - http://www.ult.kz/

Тақырып өзгертіліп алынды. Түпнұсқадағы тақырып: Кенесары Ханның басы ма бұл?

0 пікір