Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3678 0 пікір 19 Желтоқсан, 2013 сағат 05:44

Сейілбек Мұсатаев. Қазақ немқұрайлығының қатері (басы)

Ақиқат» журналының 2013 жылғы № 10 санындағы «Қазіргі қазақ мәселесі» атты тақырыпта өткен келелі кеңесте Темірхан Медетбек: «Ұлт мәселесі дегенде, менің ең қатты қорқатыным − қазақтың самарқаулығы әрі немқұрайдылығы. Бойымызды немкеттілік билеп алған: ешқандай іске білек сыбанып кіріспейміз. Ол азғантай топқа ғана керек сияқты. Бұл немқұрайлылық пен самарқаулық әрі немкеттілік кеңестік санадан қалған, құлдық психологияның жемісі» деп, қынжылыспен ойын білдіріпті. Осы сарындағы ой көптен бері менің де көкейімде жүрген еді. Бұл мәселе көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық зиялы қауым өкілін мазалайды деп ойлаймын. Адамдарды дендеген немқұрайдылық күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бастап, қоғам өмірі үшін маңызды саналатын саясат, құқық, экономика, денсаулық сақтау, өнер, мәдениет, білім, ғылым сияқты белді салаларына әбден сіңгені соншалық, бұл бір әдеттегі үйреншікті жағдай сияқты саналатын болған. Қазіргі қоғамымызда орын алып отырған түрлі келеңсіздіктерге арқау болып отырған факторлардың қатарында нақ осы немқұрайдылықтың алатын орны ерекше екені даусыз.

Ақиқат» журналының 2013 жылғы № 10 санындағы «Қазіргі қазақ мәселесі» атты тақырыпта өткен келелі кеңесте Темірхан Медетбек: «Ұлт мәселесі дегенде, менің ең қатты қорқатыным − қазақтың самарқаулығы әрі немқұрайдылығы. Бойымызды немкеттілік билеп алған: ешқандай іске білек сыбанып кіріспейміз. Ол азғантай топқа ғана керек сияқты. Бұл немқұрайлылық пен самарқаулық әрі немкеттілік кеңестік санадан қалған, құлдық психологияның жемісі» деп, қынжылыспен ойын білдіріпті. Осы сарындағы ой көптен бері менің де көкейімде жүрген еді. Бұл мәселе көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық зиялы қауым өкілін мазалайды деп ойлаймын. Адамдарды дендеген немқұрайдылық күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бастап, қоғам өмірі үшін маңызды саналатын саясат, құқық, экономика, денсаулық сақтау, өнер, мәдениет, білім, ғылым сияқты белді салаларына әбден сіңгені соншалық, бұл бір әдеттегі үйреншікті жағдай сияқты саналатын болған. Қазіргі қоғамымызда орын алып отырған түрлі келеңсіздіктерге арқау болып отырған факторлардың қатарында нақ осы немқұрайдылықтың алатын орны ерекше екені даусыз.

Немқұрайдылық, енжарлық, самарқаулық, жаныашымастық, үндеместік, үмітсіздік, еріншектік, бойкүйездік, немкеттілік... Адамның бойындағы осынау жағымсыз сипаттағы сезімді сипаттайтын синонимдерді санамаласақ, оның небір нұсқасы бар екенін байқаймыз. Олай болатын себебі, немқұрайдылық кеселі адамның бойына батпандап еніп, мың құбылып жайылып, жер бетіндегі пенденің басым бөлігін әбден дендеп алған. Психологиялық дерттей жабысқан немқұрайдылық адамзатқа тоқтаусыз опық жегізіп келе жатыр. Адамдар соны біле тұра, немқұрайдылықтан арылмай келеді.  Бұл тақырыптағы мақал-мәтелдер де жетерлік. Қазақтар: «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын», «Көрмес түйені де көрмес», «Ақылы жоқтың арманы жоқ», «Жатқанға жан жуымас»,  «Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды», «Ерді еріншектік аздырар», «Тілі жоқтың тегі жоқ, тегі жоқтың елі жоқ», «Ермек қуған бәлеге жолығады», «Тоқтығында жараспаған, аштығында қараспайды», «Ынжықтардың елін ұрысы билейді, ынтымақты елді дұрысы билейді», «Ел болатын жігіттер, ел намысын жыртады. Ел болмайтын жігіттер, елін ұрлап құртады», «Үйде шешен, дауға жоқ, Үйде батыр, жауға жоқ», «Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз», «Үндемеген үйдей бәледен құтылады», «Менен кейiн бұл болмаса күл болсын», «Сен тимесең, мен тимеймін бадырақ көз»...

Өзге ұлттардың да немқұрайдылық туралы нақыл сөздері көп. Мысалы, орыстар: «Знать не знаю и ведать не ведаю», «Далеко глядит, а под носом не видит», «Гром не грянет - мужик не перекрестится», «Скажи, да укажи, да в рот положи», «Под лежачий камень вода не течет», «А там (после нас) хоть трава не расти», «Мое дело петушиное - прокричал, а там хоть не рассветай», «Моя хата с краю - ничего не знаю», «После нас хоть потоп!», «Почить на лаврах», «Я не я, лошадь не моя, я не извозчик. Я не я, и хата не моя, я не дворник»... Егер, «Қазақ немқұрайдылығы» ұғым-түсінігін философиялық категория деңгейінде қарасақ, онда ол орыстың «Русская лень» деген пайым-парасатымен деңгейлес болып шығатын құбылыс. Орыс жалқаулығы «Емеля мен шортан», «Алтын балық», «Сиқырлы дастархан» сияқты ертегілерді туындатса, одан кейінгі кезеңде небір шығармаларға арқау болды. Қазақ немқұрайдылығы сияқты, орыс жалқаулығы да тұтас ұлттың өмір-салты мен дағдысына айналған жағымсыз рухани құбылыс. Немқұрайдылық туралы украиндар: «Не спрашивают, так молчи, а коль не бьют - не кричи», «Хоть три дня не ест, лишь бы с печи не слезть», «Где деньги говорят, там правда молчит», «Хоть кол на голове теши, ему безразлично»...  Қытайларда: «Немқұрайдылықтың арқасында Цзинчжоудай қаланы да жоғалтқанбыз», «Жай ғана немқұрайдылық аса маңызды шығынға ұшыратады», «Қорғанмен қоршалғанды жау алмас», «Қазаны бөлектің, қайғысы бөлек» сияқты мақалдар жетерлік. Қытай философиясы «Мақалды жаттап алып, оларды қолданбау - жерді жыртып, оған дән салмаумен тең» дейді екен.  Бұқара халық көп жағдайда осы сарындағы ұстаныммен «аспан айналып жерге түссе де» селт етпейтін самарқаулыққа, «неменем кетер» дейсің деп, немқұрайдылыққа берілуді жөн көретіні байқалады.

Немқұрайдылық туралы айтқан түрлі ойшылдардың афоризмдері де жетерлік. Драган М. Еремич: «Өзіңе немқұрайлы қарау – қателік, басқаларға немқұрайлы қарау – дерт», Вильгельм Фишер: «Немқұрайдылық жиіркеніштің бір бөлшегі», Халиль Жебран: «Ынта – жартылай өмір; немқұрайдылық - жартылай өлім», А.П. Чехов: «Равнодушие – это паралич души, преждевременная смерть»,  Тереза Шешей: «Адамзаттың ұлы күнәсі зұлымдықпен жеккөру емес, адамдардың бір біріне немқұрайдылықпен қарауы», Джордж Бернард Шоу: «Адамдарға қатысты біздің жасайтын қылмысымыздың ең жаманы – бұл оларды жеккөру емес, немқұрайды қарау. Адамгершілікке жат рақымсыздықтың мәні осындай». М. Горький: «Немқұрайды болмаңыз, өйткені немқұрайдылық адамның жан-дүниесіне өлім әкеледі», Михаил Мамчич: «Единогласие – это не когда все заодно, а когда всем всё равно»,  Тагуи Семирджян: «Равнодушие – это смерть при жизни», Пьер Корнель: «Беспечность - худший враг, чем вражеская рать», М. Саади: «Если ты равнодушен к страданиям других, ты не заслуживаешь названия человека». Бұл тізімді ұзақ жалғастыруға болады.

Немқұрайдылық ұғымына қоғамдық ғылымдардың әр саласы өзіндік анықтама беруге тырысқан. Тіл ғылымында Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «Равнодушие, безучастное отношение к кому-чему нибудь. Безразличие к окружающим» деген анықтама беріледі. Психологиялық сөздікте бұл ұғым апатия терминімен беріліп, «қатты шаршаудың, сары уайым немесе қатты сырқаттанудың, ішкі қайшылықтардың әсерінен болатын, қоршаған ортаға қызығушылық жоғалып, немқұрайдылық сезім басатын психикалық жағдай» деп анықталады. Г.В. Морозов пен В.А. Ромасенко «Нервные и психические болезни» деген ғылыми еңбектерінде апатияны «симптом, выражающийся в безразличии, безучастности, в отрешённом отношении к происходящему вокруг, в отсутствии стремления к какой-либо деятельности» деп түсіндіреді.

Философиялық сөздікте бұл сезім индифферентизм деген терминмен беріліп, «постоянное равнодушие или безразличие в отношении к чему-нибудь. Принципиальное значение имеет индифферентизм в области высших вопросов жизни и знания – индифферентизм религиозный и философский. Противоположная индифферентизму крайность есть фанатизм, коего не чужда и философия» деген анықтама беріледі.

Кезінде немқұрайдылық мәселесін арнайы зерттеген Бруно Ясенский «Заговор равнодушных» атты романының әлқиссасын Роберт Эберхардттың мынадай ойынан цитата келтіріп бастаған екен:  «Не бойся врагов - в худшем случае они могут тебя убить. Не бойся друзей - в худшем случае они могут тебя предать. Бойся равнодушных - они не убивают,  не предают, но с их молчаливого согласия существует на земле предательство и ложь». Осынау оймақтай ойдың мәні қандай терең десеңізші. Немқұрайдылықтың қаншалықты қауіпті болатынын талай ғалым зерттеген. Немқұрайдылықтың қай түрі болмасын қауіпті, бірақ, оның аса қауіптісі – саяси немқұрайдылық екені даусыз. Өйткені, саясат бүкіл дүниежүзінің, белгілі бір елдің, мемлекеттің, ұлттың тағдырын шешетін құдіретке ие. Осы жерде Жан Бодрийардың «В тени молчаливого большинства, или Конец социального» атты еңбегінен үзінді келтіре кетейік: «Долгое время казалось, что апатия масс должна приветствоваться властью. У власти сложилось убеждение, что чем пассивнее массы, тем эффективнее можно ими управлять. Исходя из него, она и действовала в период, когда властные механизмы были централизованы и бюрократизированы. Однако сегодня последствия этой стратегии  оборачиваются против  самой власти: безразличие масс, которое она  активно поддерживала, предвещает ее крах. Отсюда радикальная трансформация  ее  стратегических  установок:  вместо  поощрения пассивности - подталкивание к участию в  управлении, вместо одобрения молчания - призывы  высказываться.  Но  время уже ушло. "Масса" стала "критической", эволюция  социального сменилась  его инволюцией в поле инертности. От масс постоянно требуют, чтобы они  подали свой голос, им навязывают социальность избирательных кампаний, профсоюзных акций, сексуальных отношений, контроля над руководством,  празднований, свободного  выражения мнений и т.д. Призрак должен заговорить, и он должен назвать свое имя. Молчание масс, безмолвие молчаливого  большинства - вот единственная подлинная проблема современности».

Бұл тұжырымды Ж.Бодрийардың субъективті пікірі дегенімізбен, оның мәні ақиқатқа жақын. Қоқытып-үркіту арқылы халықтың аузын жауып, ерік-жігерін құм еткен сайын, халықтың саясатқа, ел мен жер тағдырына, болашаққа деген немқұрайдылығы мен бөгделену сезімінің  арта түсері даусыз. Айтқанға көніп, айдағанға жүретін немқұрайды халықты басқару оңайырақ, олар ойларын ашық айтпайды, сынап-мінемейді, наразылық көрсетпейді, дау-жанжал тудырмайды, құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін күреспейді. Бұл билік үшін оңтайлы: саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық татулық, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету сияқты «жетістіктерге» тез қол жеткізеді. Мұндай жағдайда немқұрайды халықтың ел-жұрт үшін тағдырлық маңызы бар күн туса, бас көтермей, пікірін айтпай, нақты іс-әрекет жасамай, самарқау қалатынын  кім ойлайды дейсіз. Осылайша, ел халқы қара тобырға айналып шыға келеді. Өз елінің тағдырына халқы немқұрайды қарайтын болса, ондай елдің де, халықтың да болашағы жоқ. Міне, немқұрайдылық деген осындай қатерлі дерт... Тағы бір бүркемеленіп жатқан қауіп-қатер – халықтың  наразылығын білдірудің легитимді арналары дұрыс болмауынан, немесе, тұншығып, бұқараның ішіне жинала беруінен әлеуметтік кернеудің туындауы. Бұл кернеу өз кезегінде сыртқа шығудың балама жолдарын іздеуге әкеліп соғады, осыдан келіп, экстремизм, терроризм, сектанттық, суицид, ауыр қылмыстар, ереуілге шығу, көтерілістер мен төңкерістер жасауға қосымша алғышарт туындайды.

Несін жасырамыз, «Балық басынан шіриді» демекші, біздің қоғамдағы немқұрайдылық жоғары мемлекеттік биліктен бастап, кәрі-жасын таңдамастан, қатардағы барлық азаматтарға дейінгі аралықты тұтасымен қамтып отырғаны анық байқалады. Қазақстандық шенеуніктер өздерінің атқаратын қызметтеріне салғырт қарайтыны, ұлттық мүддені қорғауға немқұрайдылық танытатыны айтылып-жазылудан, сыналып-мінелуден кем де емес. Жемқорлық пен бюрократия жайлаған, немқұрайдылықтан мең-зең болған мемлекеттік машина тиімді әрі нәтижелі жұмыс істеуден қалатыны заңдылық. Біздің шенеуніктердің өздері біліп, атқаруы тиіс қызметтерін толыққанды жүзеге асырмайтыны, бюджеттік қаржы-қаражатты орнымен игере алмайтыны, ел байлығын талан-таражға салуы немкетерлікпен жасалатын саботаж емей немене? Бұл - қасқырға қой бақтыру сияқты аянышты жағдай. Президент ұрысып, сынаса, шенеуніктеріміз бір серпіліп, қамшы тиген шабан аттай, ілбіген жүрісін аздап тірілтіп қояды. Билік басындағыларды қою тұмандай басқан немқұрайдылық биылғы күзде аздап сейілгендей болды. Бірқатар министрлік пен әкімдіктердің өкілдері сөгіс алды, біразы қызметінен босады, кейбірі істі болды. Отанымызда орын алып жатқан олқылықтарға қарасаң қарның ашып, Қазақстанның болашағына алаңдайтын, патриот саясаткерлердің азайып кеткені жаныңа батады.  Ел-жұрттың тағдырына жауапты басқарушылардың жауапкершілігі неге өте төмен?  Мемлекеттік қызмет жүйесін жайлап алған бұл не деген немқұрайдылық?

Өкілдік демократияның жолымен сайлауда өз дауыстарын беріп, билік органдарын қалыптастырған халық та, сол биліктің қызметін барша қоғам болып бақылауға алуға құлықсыз. Біздің халық демократия мен құқықтық мемлекет жағдайында мұндай тамаша мүмкіндіктің бар екенін ойлап басын қатырмайды да. Бұқара халық өз елінде жүріп жатқан саясатты театр сахнасындағы қойылымдай қарап, сырттай тамашалайтын көрерменге айналған. Демократия азаматтардың саяси қатысуына негізделетініне, сайлау – демократияның басты саяси механизмі екеніне, саяси партия мен азаматтық бірлестіктер арқылы билікке ықпал етуге болатынына, қысқасы, әрқайсымыздың тағдырымыз бен болашағымыз саясатпен өзара тәуелді байланыста дегенге кекесінмен қарау басым. Осыдан келіп, халықтың саяси бөгделенуі, сайлаушының дауыс беруден жалтаратын абсентеизмі (саяси немқұрайдылығы), өздерінің құқықтық мүмкіндіктеріне шүбәланатын азаматтардың нигилизмі сияқты самарқаулықтың небір түрлері туындауда. Азаматтардың  саяси сауаттылығы мен қоғамдық белсенділік деңгейі тым төмен, ал, оның есесіне, қоғамдық сана-сезімді бодандық саяси мәдениет пен немқұрайдылық әбден басып алған. Бұл тұрғыда Андре Моруа (шын аты Эмиль Эрзог) «Саясатқа деген немқұрайдылық – бұл да бір саяси іс-әрекеттің түрі әрі жүргізілген саясаттың жемісі» деп тегін айтпаса керек. Қазіргі Қазақ елінде немқұрайдылық деген, бейне бір жұқпалы ауру сияқты, жоғарғы биліктен бастап, бұқара халыққа дейінгі аралыққа жаппай таралып отыр. Уақыт зырылдап өтуде, өмір ырғағының қарқыны да күшті, адамдар асығыс, әлденеге ашулы, қатыгез, жан-жағына қарауға құлықсыз... Билік пен атақ-мансапқа қол жеткізген шенеуніктерге жеке бастарының мүддесі жақын болса, нарықтың қыспағына түсіп, тұрмыс тауқыметін тартқан қараша халық күнделікті күйбең тірліктің қамын ойлаудан әрі аса алмай жүр. Эгоизм, яғни, қарақан басты ойлау бүгінгі қоғамда басты орынға шығып, басқа мәселелерге адамдар немқұрайды қарайды. Патриотизм, ұлттық мүдде, альтруизм (көпшілдік), гуманизм аңқауларға арналған құндылықтарға айналды. Қоғамдық дамудың осындай үрдіспен жалғаса беруі түптеп келгенде, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретініне де ешкім алаңдамайтын сыңайлы...

Ұлттық тұрғыдан қарасақ та, немқұрайдылықтың кесірі тиіп тұрған мәселелер жетіп артылады. Солардың ішінен ең басты деген, жанымызға бататын негізгі үшеуін атап айтсақ, біріншіден, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізе отырып, мемлекет құрушы қазақ ұлтының ар-намыссыз бөлігі өздерінің ана тілі - қазақ тіліне, қазақы ұлттық болмысқа немқұрайды қарауы. Екіншіден, патриоттық сезім мен іскерлік қабілеттері жетіспей тұрса да, қилы жолдармен билікке қол жеткізген басшылардың немқұрайдылығынан еліміздің дамуы тежеліп, Қазақ елінің ұлттық мүддесіне кереғар келетін іс-әрекеттердің жиі орын алуы. Үшіншіден, халыққа «Өз күндеріңді өздерің көріңдер, қазір нарық» деп немқұрайды отырған биліктің шарасыздығынан, конституциясында әлеуметтік мемлекет деп танылатын Қазақстан кейбір тұстарда қанаушылыққа негізделген капиталистік мемлекетке айналды. Кей саладағы әлеуметтік әділетсіздік, жұмыссыздық, қымбатшылық халықты әбден қажытып, шаршатты. Сананы тұрмыс айқындап, халқымыздың рухани жан дүниесі өзгерді.

Қазақтардың бойында немкетерлік басым екенін кезінде Абай атамыз да айтып, «Қара сөздерінде» жан-жақты қарастырған болатын. Одан кейін де Алаштың талай қайраткерлері қазақты немқұрайдылықтан арылтуға күш салды. Міржақып Дулатұлы да «Оян, қазақ!» өлеңінде:

Көзiңдi аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, дiн нашарлап, хал харам боп,
Қазағым, ендi жату жарамасты
- деп ұрандады.

1911 жылы 10 қаңтарда Троицк қаласында қазақ халқының тұңғыш журналын шығарған Мұхамеджан Сералин журналдың «Айқап» аталуын: «Біздің қазақтың «Әй, қап» демей тұғын ісі бар ма? Біздің қазақтың неше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» деген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкінішімізге ылайық «Айқап» болды» деп түсіндірген екен. Содан бері қазақтың қанша қайраткері ұрандап, немқұрайдылықты еңсеруге  шақырғанымен, халық селт етер емес.

Немқұрайдылықтың көрпесін серпіп тастап, қазақтың жаппай оянған кезеңі 1986 жылғы желтоқсанда болған көтерілістен басталып, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарын қамтыды. «Желтоқсан», «Азат», «Невада-Семей», «Арал-Балхаш» сияқты қозғалыстарды халық қолдады, ұлттық рух жалындап, зиялы қауым да өте белсенді болды. Ел болып, етек жеңімізді жинаған соң, халқымыз эйфорияға, яғни, асқақ сезімнің еліткіш буына беріліп, қайта маужырап, қалғып-мүлги бастады. Біз тарихымыздан сабақ алып, ата-бабаларымыздың «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадай» қасіретті кезеңдерде тас түйін жұдырықтай жұмылып, жауға соққы бергенін, қан майданда жеңіске жеткен соң, бейбіт өмірде қайтадан ыдырап кетуінен отарлық езгіге түскенін ұмытпауымыз керек. Өкініштісі сол, мемлекеттілікті нығайту мен ұлттық мүддені қорғау үнемі қырағылықты қажет ететінін, ұлттық мемлекетті дамытудың ұлы ісі немқұрайдылықты кешірмейтінін бүгінгі қазақтар естен шығарып алған сыңайлы. Оның үстіне, тәуелсіздікпен бірге ілесе келген нарықтық қатынастар қазақстандық қоғамда тұтынушылық психологияны туындатып, оны жылдан жылға жандандырды. Бізде әлі күнге дейін материалдық сипаттағы құндылықтарға басымдылық берілуде, Қазақстанды қоса алғанда бүкіл ТМД елдерінде тұтынушылық аласапыран жүріп жатыр. Тұтыну қоғамы деген ұғымды ғылыми айналысқа ендіруші неміс ғалымы Эрих Фромм оған мынадай баға берген: бұл - адамдарды тұтынудың (азық-түлік, киім-кешек, ойын-сауық, сән-әшекей, опа-далап, техника т.б. тұтыну) құлына айналдыратын қоғамдық қатынастың түрі, мұндай қоғамда адамдар ашкөз, арамза, қызғаншақ, жауапсыз, өзімшіл, төңірегіндегілерге немқұрайды болады. Тұтынушылық қоғамның моральдық құндылықтары адамның ой-санасы өсуін, адамгершілігі мен рухани дамуын қажет деп есептемейді, адамға тек тұтынушы ретінде қарайды. «Тұтынушы бар болса, экономика дамиды» деген қағида алдыңғы орынға шығады. Бұл қағиданы насихаттау мен жарнамалаудың өзі дербес индустрия. Мұның барлығы түптеп келгенде халықтың дүбәра тобырға айналуын, ұлттың жойылуын, адамдардың деградацияға ұшырап,  адамгершіліктен айырылуын, гендік қордың бұзылуын, мәдениеттің құлдырауы мен имандылықтың жойылуын туындатады.  Э. Фромм ХХ ғасырдың басты моральдық проблемасы – тұтынудың соңына түскен адамдардың өзіне-өзі немқұрайды қарауы деп көрсеткен. Оның айтқан тұтынушылық қоғамы қазір бізде салтанат құрып отыр. Енді бізде тұтынушылардың құқығын қорғайтын арнаулы мемлекеттік орган да бар: күні кеше жаңа агенттік құрылды.

Биылғы жаздың соңғы күні Алматы қаласының тұтынушылары көп жиналатын «Прайм Плаза»  сауда ойын-сауық кешені алдында орын алған қақтығыс бәріміздің есімізде. Наразылықтың себебі - тұтынушылық психологияның жетегіндегі тобыр мен Қайрат Нұртас атты әншінің арасындағы түсініспеушілік. Үш мыңға жуық қазақстандық азамат қатысқан жанжалдың аяғы жаппай төбелеске, полициямен қақтығысқа ұласып, бірнеше автокөлік, концерттік құрал-жабдық, аталған сауда үйінің ғимараты мен қаланың  коммуналдық меншігі қиратылып, ішінара өртелген. Осылайша, тұтынушылардың қанағаттанбауы күтпеген жерден теріс нәтиже берді. Ал, осы оқиғаның алдында еліміз бен жеріміз үшін маңызы зор небір саяси жағдайлар орын алса да, азаматтарымыз оларды елемей, немқұрайдылық танытып келген болатын. Мысалы, Байқоңырдағы «Протон» зымыраны құлап, қазақ ауылдарына гептилмен улану қаупі төнгенде, саусақпен санарлық қоғам қайраткерлері бас көтерді, қалған халық қол қусырып, қарап отырды. 600 тонна гептилден Қазақ елінің шеккен зияны бүгін 14 млрд. теңге деп бағаланып отыр. Бірақ оған Ресей де селт еткен жоқ, қазақтар да құн төлетуге немқұрайды. Мұхтар Шахановтың шырылдауымен, мемлекеттік тілді қолдау мен дамыту мәселесіне қатысты өтетін қоғамдық іс-шараларға да халықтың қатысы немқұрайды. Қазақстанның табиғаты тек Мэлс Елеусізовке керек сияқты. «Аттандайтын» аса таяқты Амантай қажы ғана. Ат төбеліндей аз тобы болмаса, Кедендік одақтың келешегі қалай болады деп алаңдаған қалың қазақ жоқ. Отанына оралғысы келетін қазақ бауырларымыздың көшін кідіртіп, азаматтық алуын төрт-бес жылға дейін созатын саяси шешім қабылданғанда, басқасы басқа, қазақ азаматтар үндемеді. Тағы да сол, қазақтың бірнеше зиялы қауым өкілі байбалам салды да қойды. Өзгелерінде «Мемлекет құрушы ұлт – қазақтар көбейсе, Қазақстан мықты болады ғой» деген ой жоқ. Қазақстандық қазақтар «Бізге оның қатысы жоқ, оралмандардың проблемасы» деп үндемей қалды, сөйтіп, немқұрайдылық механизмі қапысыз қызметін атқарды. Басқасы басқа, тіптен, еліміз үшін ең ұлық күн - 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесі жаңа жылды қарсы алудың қамы мен шырша безендірудің қалқасында қалатыны да ащы шындық... Сонда Қазақ елі үшін Тәуелсіздік мейрамына қарағанда Жаңа жылды тойлау маңызды болғаны ма?

(жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір