Дүйсенбі, 17 Маусым 2024
794 1 пікір 28 Мамыр, 2024 сағат 17:11

Ерболат Ибрайханов: Қытайдағы бұзылған дамбыдан қауіп жоқ

Сурет: inbusiness.kz

Қытайда жарылған дамбының суынан Қазақстанға қауіп жоқ. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

– Иә, Қытайда дамбы жарылды. Бізге ешқандай зияны тиген жоқ. Қазіргі таңда Бұқтырма су қоймасында 49,5 млрд кубқа дейін жинауға болады. 40 млрд кубтай су бар. 9 млрд кубтай су жинай аламыз. Бірақ жарылған дамбыны Қытай жамап қойды, – деді Ulysmedia.kz тілшісіне вице-министр мәжіліс кулуарында.

Abai.kz

1 пікір