Жұма, 21 Маусым 2024
1039 2 пікір 27 Мамыр, 2024 сағат 17:00

ҚТЖ-ның лауазымды тұлғалары сотталды

Сурет: rail-news.kz

ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген 12 млн теңге жымқырған азаматтарға қатысты үкім шықты. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.

Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Abai.kz

2 пікір