Жұма, 21 Маусым 2024
Айқай 1269 8 пікір 27 Мамыр, 2024 сағат 15:35

Путиннің «келесі құрбандары» кім? Зеленский не дейді?

Сурет: orda.kz сайтынан алынды

Украина президенті Владимир Зеленский Харьковте Орталық Азиядан келген журналистермен кездесіп, Украинадағы соғыс туралы мәліметтерімен бөлісті. Сұхбаттың толық нұсқасы Orda.kz порталында жарияланды. 

Украина президенті Зеленскийдің айтуынша Ресейді Украина майданында тоқтатпаса, олардың келесі құрбаны - Балтық жағалауы елдері, Молдова мен Қазақстан болмақ.

Зеленскийдің сұхбатта:

«Сонымен біз олардың басымдықтары арасында Балтық елдері, Молдова мен Қазақстан екені туралы ақпарат алдық. Бұл Ресей Федерациясының жақын мақсаттары», - деді .

Сондай-ақ Зеленский: «Мен бұл сөзімен ешкімді қорқытып, үрейлендіріп отырған жоқпын. Жай ғана, Украина жеңіліске ұшыраса, түбі болмай қоймайтын жағдайды ескертіп отырмын», - деді.

Украина президенті Зеленский сұхбат барысында Орталық Азия журналистерінің назарын Ресейге сенуге болмайтындығына аударып, Путиннің тек олардың елдеріне «дос» болып көрінгісі келіп, бірақ іс жүзінде бір саусағы бүгулі екендігін айтты.

Зеленский жиналғандарды Украинада не болып жатқанын көруге, жағдайды өздері бағалауға және Орталық Азияның Украинадағы апат пен геноцидтің ауқымдылығын толық түсінуі үшін өз көрермендеріне соғыс туралы шындықты жеткізуге шақырды.

Дариға Асқар

Abai.kz

8 пікір