Жұма, 21 Маусым 2024
1326 21 пікір 24 Мамыр, 2024 сағат 15:49

Путин Лукашенкоға бірлескен ядролық соққы беруді ұсынды

Сурет: © Sputnik / Михаил Метцель

The Moscow Tilmes басылымының хабарлауынша Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкоға тактикалық ядролық соққы беру үшін бірлескен жаттығулар өткізуді ұсынбақ. Бұл туралы ол 23 мамыр күні кешке Минскіге барғанада айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

 [Ядролық] жаттығулардың екінші кезеңі туралы сөйлесейік. Бұл біздің белорус достарымыздың, әскери саладағы әріптестеріміздің осы іс-шараларға тікелей қатысуының арқасында, - деді Путин (ТАСС).

2023 жылы Ресей Беларуське тактикалық ядролық қару берді. Ол Украинамен шекарадан 200 шақырымдай жерде орналасқан Осиповичи қаласында болды, – деп жазды The New York Times.

 Беларусь әскері «Искандер» зымырандарын пайдаланып, 300 км-ге дейін жетеді ядролық оқтұмсықтарды ұшыруы мүмкін. Мұндай зымыран Балтық жағалауы елдеріндегі, Польша мен Украинадағы нысаналарды ата алады.

Abai.kz

21 пікір