Дүйсенбі, 17 Маусым 2024
Билік 1990 28 пікір 23 Мамыр, 2024 сағат 17:10

Қазақстан-Сингапур: Екі елге ортақ не бар?

Коллаж суреттері Ақорда телеграм арнасынан алынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Сингапурде жүр. Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Онан соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-Сингапур бизнес-форумының жабылу рәсіміне қатысты.

Өз сөзінде президент Тоқаев Қазақстан - Сингапур стилінде экономикалық реформалары бар, орасан зор пайдаланылмаған мүмкіндіктері мен қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар ел екенін атап өтті.

ҚАЗАҚСТАН-СИНГАПУР: САУДА-САТТЫҚ КӨЛЕМІ ҚАНША?

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сингапур географиялық алшақтыққа қарамастан, саяси жағынан да, экономикалық жағынан да әрдайым жақын серіктес болып келгенін және болып қала беретінін айтты.

"Біз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші серіктесіміз - Сингапурмен берік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 1,8 млрд долларды құрады. Қазақстанға салынған сингапурлық инвестицияның жалпы көлемі 1,7 млрд доллардан асты. Таяу жылдары бұл көрсеткіштер екі есеге артуы мүмкін деп есептейміз. Осыған байланысты екіжақты әріптестікті дамыту үшін берік құқықтық база өте маңызды. Біз екіжақты инвестицияларды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификацияладық ", - деп атап өтті.

Бiздiң елiмiзде бiреулердің желбуағаздығымен Қазақстан ғаламдық ауқымда өзiн Сингапурмен тең дәрежеде позициялайды деген миф басталды. Шын мәнінде айырмашылық жетіп артылады. Және ортақ тұстарымызда жоқ емес.

ЕКІ ЕЛГЕ ОРТАҚ НЕ БАР?

Сингапур да Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет болып табылады: мұнда қытайлар, малайлар, үндістер мен еуроазиаттар, оған қоса 1,3 млн шетелдік мигранттар тығыз шоғырланған. Сингапурда мұнай жоқ, бірақ, заманауи МӨЗ-дер мен мұнай компаниялары бар. Қазақстанмен ортақ нәрсе осымен аяқталатын шығар.

Аумақ көлемі бойынша Қазақстан әлемде 9 орында, Сингапур - 171 орында. Біз халық саны бойынша Сингапурдан үш есе артықпыз (5,5 млн-ға қарсы 20 млн). Алайда қазақстандықтар бүкіл ел бойынша халық тығыздығы төмен: шаршы км. шаққанда 6,4 адам келеді.

Біздің мемлекетіміздің табиғи қорлары шексіз және тек Сингапур үшін ғана қол жетімді емес. Осымен біздің ата-бабаларымыз аманаттаған байлықпен көзге ұрған және кең табиғат берген таза сандық артықшылықтарымыз аяқталады.

Әрі қарай басқаша...

Шағын аралдағы жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты жиынтық көрсеткіштегі тағы бір рекордтық айырмашылық. Сингапурда ол Қазақстандағы $12 269-ға қарсы $56 294 құрайды (2014 деректері бойынша). Осылайша, ресурссыз үлкен Сингапурдың тұрғындары бізден 4,5 есе бай. Егер мәні бойынша айтатын болсақ, онда әрбір сингапурлықтың жыл сайын әр қазақстандықтан $44 мың артық пайда табады. Бұдан басқа, ипотекалық несиелендірудің ойластырылған мемлекеттік саясаты еліміздің әрбір ересек тұрғынын тұрғын үй иесіне айналдыруға мүмкіндік берді!

Бәлкім, сол себепті де сингапурлықтар біз сияқты бір баспаанға қалай қол жеткізем деген алаңдаушылықтан ада қаперсіз жандар.

Сингапур доллары АҚШ долларына пара-пар һәм тұрақтылыққа ие. Сондықтан теңге девальвациясының қазіргі қарқыны кезінде бұл тұрақтылық біз үшін тек арман.

Егер жемқорлық рейтингін алсақ, онда екі ел арасында орасан зор алшақтық туындайды: Сингапур әлемдегі ең аз жемқорлық жайлаған ел ретінде үнемі үздік он елдің қатарына енсе, қазақтар өкінішке қарай, бұл рейтингте 123-орынға жайғақан.

Мектептерден бастап университеттерге дейін осы елдегі ойластырылған білім беру жүйесінің құрылуы оларға өздерінің «Гарвардтарын» құрғызып, батыс мектептерін көш ілгері басып озғаны әлемге үлгі болуда. Олардың «Болашақ» бағдарламасы жоқ, бірақ «баршаға арналған Болашағы» бар. Ол – сапалы ұлттық білім. Соның арқасында бұл мемлекет шынайы білімнің иесіне айналды.

Сингапурдың меншікті университеттерінің түлектері стартаптардың рекордтық санын береді, микробиология, денсаулық сақтау, дәл машина жасау, ақпараттық технологиялар, АТ қорғау және қауіпсіздігі сияқты экономиканың прогрессивті секторларында құрылымдар құрады...

Біздің Сингапурмен теңдігіміз шындыққа айналу-айналмауы өз қолымызда. Білімді елге ана тілімізде айнала алсақ қана әлемдің білімнің шыңына шыға аламыз.

Енді сөз соңын екі ел арасындағы сауда-саттықпен түйіндейік.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ сингапурлық инвестор Жамбыл облысындағы фосфорит кен орнын игеруді жоспарлап отырғанын жазған болатын.

Қазақстан Сингапурмен өзара сауданы $2 млрд. дейін арттыруға ниетті. Бұл туралы осы елде ресми сапармен жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Ал екі елдің тауар айналымы осы жылдың І тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3% -ға төмендеп, $336,9 млн. жетті.
Сауда құрылымында Қазақстаннан Сингапурға экспорт басым - $314,1 млн, ол бойынша да айтарлықтай қысқару байқалады.

Қаңтар-наурызда жергілікті нарықтан осы елге 612,4 мың тонна тауар (-13,7%) шығарылды.

Жеткізілімдердің негізгі үлесі шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне тиесілі - 612,2 мың тонна (-13,7%).

Қазақстан Сингапурға шағын көлемде қорғасын - 22 тонна, мыс - 44 тонна, циклдық көмірсутектер - 130 тонна сатқан, олар өткен жылы экспортталмаған.

Сондай-ақ, бұл елге $3,6 мың сомаға жәрмеңкелік аттракциондар қойылды.
Сингапурдан Қазақстанға импорт сәл өсті - 0,9%, 853,6 тоннаға дейін ($22,8 млн).

Медициналық құралдарды (есту аппараттары, кардиостимуляторлар, коронарлық стенттер және т.б.) әкелу 2,2 есе, 6,9 мың бірлікке дейін ұлғайды.

Сондай-ақ, Қазақстанға 300 кг ($6,3 млн-ға) және 100 кг ($5,6 млн-ға) электрондық интегралды схемалар жеткізілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Сингапурдан пальма майын сатып алды - 44 тонна. Алайда басқа тауарлар бойынша айтарлықтай төмендеу байқалады.

Смартфондар мен телефондар жергілікті нарыққа 5,4 есе аз (236 бірлік), принтерлер мен баспа машиналары 2,4 есе аз (2 тонна), зертханалық және диагностикалық реагенттер 1,5 есе аз (200 кг), ал мотор және майлау майлары 32% аз (251,3 тонна) әкелінді.

Президентіміздің бұл сапары қазақ елінің кімге қарап бой түзеуі керектігін тағы бір рет паш етті.

Abai.kz

28 пікір