Жұма, 21 Маусым 2024
979 3 пікір 23 Мамыр, 2024 сағат 11:19

Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді

Сурет: iapn.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілді, деп хабарлайды Abai.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Маңғыстау облысының шекарасы Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі аумақтық суларының (теңізінің) ені мен аумақтық сулардың сыртқы шегін өлшеуге арналған негіздік сызықтар арасындағы жерлерді ( 1 638 837,5075 га) Маңғыстау облысының аумағына қосу жолымен өзгертілсін", – делінген құжатта.

Ендігі жерде Маңғыстау облысының шекарасына енгізілетін өзгерістер төмендегідей сипат алады:

  • Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
  • Солтүстік-Шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
  • Оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
  • Оңтүстік-шығыс шекара қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
  • Батыс шекара Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.

Маңғыстау облысындағы аумақтық сулар (теңіз) ені бойынша облыс шекарасынан бастап бастапқы сызыққа дейінгі аумақ төмендегідей:

  1. Ақтау қаласы бойынша 87171,2282 гектар;
  2. Бейнеу ауданы бойынша 81805,1200 гектар;
  3. Қарақия ауданы бойынша 513287,6044 гектар;
  4. Маңғыстау ауданы бойынша 150105,7313 гектар;
  5. Мұнайлы ауданы бойынша 49808,5611 гектар;
  6. Түпқараған ауданы бойынша 756659,2625 гектар.

Қаулы 2024 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енеді.

Abai.kz

3 пікір