Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2842 0 пікір 21 Қараша, 2013 сағат 17:04

Дәстүрлі Дін: Даму барысы мен болашағы

Ақтау қаласындағы «Ренессанс» қонақ үйінде «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы дінтанулық білім және ағартушылық: Даму барысы мен болашағы» атты халықаралық конференция өтті.

Оны облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова ашып, жүргізіп отырды.

Конференцияда Стамбулдың Мармара университетінің профессоры Челеби Ильяс «Дұрыс діни білімнің мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығына қосатын үлесі» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбековтың «Радикалды ағымдардың пайда болуы мен қоғамға тигізер залалы», Дін істері агенттігінің сарапшысы Нұрғали Қабыловтың «Қазақстандағы діни білім берудің қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелері», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Сұлтанмұрат Абжаловтың «Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы білім берудің қажеттілігі» туралы баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Бақтығали Шапиев, Қазақстан Қажылар қауымдастығының төрағасы Еркінбай Дуанаев, «Ансар» қайырымдылық қорының төрағасы Асқар Сабдин жастарға діни білім беру, елімізде діни ағымдардан зардап шеккендермен жұмыс жүргізу жөнінде баяндамалар жасады.

Пленарлық мәжілістен соң конференция жұмысы төрт секцияда жалғасты. 

0 пікір