Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3743 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 12:10

Тұңғыш Президент күні: Елбасымен кездескен жастардың салиқалы сұхбаты

Тұңғыш Президент күніне орай Елбасының көзін көрген, сұхбаттасып сыр бөліскен аға буын өкілдері студент жастармен кездесіп, тағылымды әңгімелерімен бөлісті.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология жəне инжиниринг университетінде жиналған екі ұрпақтың кездесуіне «Жас Отан» жастар қанаты ұйытқы болды. Алқалы бас қосуға ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, партия ардагері Айтуар Өтегенов, техника ғылымдарының докторы, профессор, аталмыш университеттің проректоры Сенбіғали Зəкенов, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының идеология бөлімінің бастығы, Журналистер одағының мүшесі Есберген Іңірбай жəне Жазушылар одағының мүшесі Бектұр Төлеуғалиев қатысты.

Олар сарабдал саясаты арқасында əлемдегі дамушы елдер қатарынан орын алуына, мемлекеттің аяққа тұрып, дамуына елеулі үлес қосқан ел Президенті жөнінде өздері куə болған оқиғаларды еске алып, белсенді жастарға патриоттық сезім тудыратын, ел үшін еңбек етуге талпындыратын ғибратты сөздер айтты. Сондай-ақ кездесу барысында Елбасының өмірі туралы бейнетаспаны тамашалаған соң, студенттер қызықтыратын сұрақтарын қойды.

Мемлекет басшысымен тілдесуге мүмкіндік алған жастар да өңірімізде баршылық екен. Соның бірі – жас ақын Бақтыбай Жайлау Елбасының тұлғалық мінез-құлқын сипаттайтын əңгімесімен бөлісіп, Президентке арнаған əдемі өлеңін де əсерлетіп оқып берді.

Кездесу қорытындысында студенттер атынан «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Əсер Нуров қадірлі қонақтар мен студент жастарға алғысын білдіріп, аға буын жəне өскелең ұрпақтың ортақ мақсаттағы жүздесуі алдағы уақытта жалғасын табатынына сенімін білдірді. Жастар мен құрметті қонақтар естелік суретке түсіп, əсерге толы сезіммен тарасты.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3554