Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3409 0 пікір 30 Қараша, 2013 сағат 10:28

Денсаулық сақтау министрінің Жаңаөзендегі кездесуі

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Жаңаөзен қаласында медицина қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде Салидат Қайырбекова еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер және ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді шешу үшін қандай іс-шаралар атқарылып жатқанын әңгімеледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз қызметін саланың басты міндеттерін шешуге жұмылдырды. Жүйелі іс-шаралар қабылдау нәтижесінде бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді: қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы артуда, ағымдағы жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 70 жастан асады. 2013 жылдың 9 айы қорытындысында ана өлімі 24%, нәрестелер өлімі 18% азайды. БҰҰ сарапшылар бұл саладағы статистикалық мәліметтердің дұрыс жүргізілетінін растады. Скринингтер өткізу және жоғары технологияларды енгізу нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштері 8,3% төмендеді.

Сонымен қатар, Министр азаматтардың өз денсаулықтарына ортақ жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығын айтып, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылған Елбасының «Өзінің жеке басының денсаулығын алдымен адамның өзі ойлауы керек. Егер денсаулықты ойлау әр отбасының шаруасы болса, онда мемлекет жүзеге асырып жатқан қадамдар әлдеқайда тиімді шығар еді» деген сөзін келтірді.

Бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы ғана азаматтардың денсаулығын нығайтуға болады. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, дұрыс тамақтану машығын қалыптастыру басым бағыттардың біріне айналып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551