Бейсенбі, 23 Мамыр 2024
Билік 800 0 пікір 10 Сәуір, 2024 сағат 14:29

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды

Коллаж суреттері: Баспасөз қызметінен

Адам - табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арығы, каналдардың көзін ашқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.

«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.

* «Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
* «Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
* «Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
* «Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

Акцияға Байзақ ауданының жұртшылығы да өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене кірісті.

Бүгін Байзақ ауданының орталығындағы Дендросаябақ аумағында волонтерлардың қатысуымен тазалық жұмыстарын жүргізу, сәндік көшеттерді отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – аудан тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету болып табылады.

Іс-шараға 200-ге жуық волонтер жұмылдырылды. 100-ден астам сәндік ағаштары егіліп, саябақтың іші тазартылды. 1 км-ге жуық каналдар мен арықтар тазаланып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2273
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2625
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2653
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1717