Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3887 0 пікір 4 Желтоқсан, 2013 сағат 07:57

Әуезов театры - Жаңаөзенде

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 2013 жыл, 7-10 желтоқсан күндері  Маңғыстау облысының  Жаңаөзен қаласына гастольдік сапармен бармақшы. Театр  директоры Еркін Тілеуқұлы Жуасбектің басшылығымен баратын театр труппасы  Жаңаөзен халқына Р.Отарбаевтың « Бейбарыс сұлтан» (реж.Ю.Ханинго-Бекназар), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» (реж.О.Кенебаев),  Т.Әбдіковтің «Ұлы мен ұры» ( реж.Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан), И.Сапарбайдың «Қыз мұңы» (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай)  спектакльдерін көрсетеді. Әуезов театрының  қойылымдары  «Мұнайшы» мәдениет үйінде, сағат 19-00 де басталады.

 

Ұлы мен ұры

Т. Әбдіков,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

драма

 

қоюшы-режиссер  –  Е. Обаев, ҚР халық артисі, профессор

режиссер                -  Е. Нұрсұлтан

қоюшы-суретші      - Е. Тұяқов, Қазақстанның еңбек сіңірген

өнер қайраткері

композитор            - Ә. Мәмбетов

режиссер

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 2013 жыл, 7-10 желтоқсан күндері  Маңғыстау облысының  Жаңаөзен қаласына гастольдік сапармен бармақшы. Театр  директоры Еркін Тілеуқұлы Жуасбектің басшылығымен баратын театр труппасы  Жаңаөзен халқына Р.Отарбаевтың « Бейбарыс сұлтан» (реж.Ю.Ханинго-Бекназар), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» (реж.О.Кенебаев),  Т.Әбдіковтің «Ұлы мен ұры» ( реж.Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан), И.Сапарбайдың «Қыз мұңы» (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай)  спектакльдерін көрсетеді. Әуезов театрының  қойылымдары  «Мұнайшы» мәдениет үйінде, сағат 19-00 де басталады.

 

Ұлы мен ұры

Т. Әбдіков,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

драма

 

қоюшы-режиссер  –  Е. Обаев, ҚР халық артисі, профессор

режиссер                -  Е. Нұрсұлтан

қоюшы-суретші      - Е. Тұяқов, Қазақстанның еңбек сіңірген

өнер қайраткері

композитор            - Ә. Мәмбетов

режиссер

көмекшісі          - А.Қабдешова   

Спектакль оқиғасы қарт ғалымның  үйіне ұры түсуден басталады. Үй иесі полиция шақырудың орнына ұры жігітті аяп, екеуара әңгіме мүлдем басқа қалып алады. Таң қалған ұрыға  «...Ұрлық тек үй тонаудан тұра ма екен?!» деп жауап береді тележурналистерді күтіп отырған ардагер қарт. Сұхбат алуға келген  тележурналистің жеңіл-желпі, «әйтеуір жазып алсам болды, әйтеуір нанымды жеп жүрсем болды» дегендей сырғыма сұрақтары, ардагердің «жынына тиеді». Осы тұста үйге ардагердің журналист ұлы келеді де, телесұхбат әке мен бала арасында  ар шындығы, қоғам шындығы туралы ащы пікірталас, айтысқа ұласып, бірте-бірте ақиқат шеті көріне бастайды.

 Кешеден бүгінге жалғасқан көкейкесті, күрделі небір сауалдар алдан шығады. Жап-жас жігіт неге ұрлық жасап жүр? Бүгінгі қоғамда әртүрлі деңгейдегі ұры неге көбейді?  Қоғамның құнары неге кеміп барады? Мұның түп-тамыры неде?..

 

Тендерге түскен келіншек

М.Сәрсеке                                                                      

драма

қоюшы-режиссер О.Кенебаев

қоюшы-суретші Е.Тұяқов

Драмада бүгінгі күн оқиғасы бейнеледі. Машинамен кісі қағып кеткен жалғыз  ұлдарын пара беріп соттан құтқармақ болып шарқ ұрған ерлі-зайыпты. Ақыры әйелі «тендерге түсіп» сатылады.  Нәтижесінде драма кейіпкерлерінің бәрінің малы түгел. Тек бәрінен түңілген, «намыстан өлген» отағасы ғана тентіреп кетеді...

«Баланың жолында жан құрбан» дейді ата-ана. Бірақ , шаңырақты ортаға түсірген мұндай құрбандықта мән бар ма?!.

 

Қыз мұңы

И.Сапарбай

лирикалы драма

қойылымның көркемдік жетекшісі Е.Обаев

қоюшы-режиссер Т.Аралбай

қоюшы-суретші М.Сапаров

Спектакль арқауы – бүгінгі күн. Алматының Арбатында сурет салып отырған Ғазизге өз құрбылары арасынан даралана көрінген Сағыныштың ұнап қалуында әлдебір сыр бар. Ол Сағынышты әлдекімге ұқсатады. Ызғарлы Желтоқсан оқиғасы кезінде бастарынан қиындық-қорлықты бірге өткерген аруға ұқсайтындай ма, қалай?!. Сағынышты іздеу жолында суретші кешегі «бұйрықты орындаушы» лейтенант, «бұйрықты орындап жүріп» бүгінгі таңда шені өскен Генералдың алдынан бірақ шығады... Сырлы да мұңды әуендермен көмкерілген спектакльде Ғазиз бен Сағыныштың адами болмыс, мөлдір сезімдерінен сыр шертеді.

 

БЕЙБАРЫС СҰЛТАН

Р. Отарбаев

тарихи драма

қоюшы-режиссер            - Ю.Ханинго-Бекназар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

қоюшы-суретші                - Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

киім үлгісі суретшісі         - Л.Возженикова

музыкамен көркемдеуші – Е.Есенбаев

балетмейстар                    - Г.Мұхамеджанова

режиссер ассистенті         - М.Дүнгешов

Дешті қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) - қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тұлға.  Өз өмірінің жарқын 17 жылын Мысыр елін гүлдендіруге арнаған, тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты және мазмұнды  тұлға.  Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетіне ие болса да  Бейбарыс бабамыздың  жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына,  жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»  дегенді халық бекер айтпаса керек...

Бейбарыс сұлтан- Азамат Сатыбалды

Уәзір-Бекжан Тұрыс

Қалауын-Еркебұлан Дайыров

Құтыз-Алмас Шаяхметов

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565