Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3749 0 пікір 29 Қараша, 2013 сағат 08:50

Мұрат Алмасбекұлы. Неге жаба береді?..

немесе Тәуелсіздік пен тарих биліктегілердің «ұятты жері» ме? «Айтпаса сөздің атасы өледі» деп жатушы еді. Сол сөз атасының «ажалы» дәл біздің айтқан-айтпағанымызға қарап тұрған жоқ шығар. Бірақ, «Тамшы су тасты теседі» деген де бар. «Тырс» еткен тамшы құрлы үн шығара алмасақ, бұлақ болып құр сылдырап, өзен болып өтірік шалқығынның да мәні болмас. Тасты тесіп, таскерең құлақтарға бірдеңе жеткізу де мақсатымыз емес. Әйтеуір, дегеніміз біреу болса да кейінгі жастың жүрек көзіне «жылт» еткен ұшқын түсіріп, жетесіне бір жылы сәуле қалдырса болды деген үміт. «Айғайлай айғайлай қасқырдан да ұят болды» депті. Бірақ, қасқыр жарықтық ұялуға тұратын қасиетті аң ғой. Біз айта береміз, себебі, ұялатын жағдайда емеспіз. Сен ұялу үшін де сені ұялтататын жақтың ұялуға таитын титімдей болса да абырой, беті болу керек қой. Бір қуаныштысы, ондай «қызылы бар» беттің бедері білінбейді. Жалпы, біз ұяты жоқ мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Аталарымыз қасқырдан да ұялатын ұятты халықтың ұрпағы болғанымызға бүгін қайран қалмасқа амал жоқ. Қазір басшы халықтан, халық басшыдан ұялмайтын, ойларына не келсе соны істейтін сорақы қоғамға қолымыз жеткен. «Әлемде ұяттан сұлу нәрсе жоқ» депті ғой Сократ деген философ.

немесе Тәуелсіздік пен тарих биліктегілердің «ұятты жері» ме? «Айтпаса сөздің атасы өледі» деп жатушы еді. Сол сөз атасының «ажалы» дәл біздің айтқан-айтпағанымызға қарап тұрған жоқ шығар. Бірақ, «Тамшы су тасты теседі» деген де бар. «Тырс» еткен тамшы құрлы үн шығара алмасақ, бұлақ болып құр сылдырап, өзен болып өтірік шалқығынның да мәні болмас. Тасты тесіп, таскерең құлақтарға бірдеңе жеткізу де мақсатымыз емес. Әйтеуір, дегеніміз біреу болса да кейінгі жастың жүрек көзіне «жылт» еткен ұшқын түсіріп, жетесіне бір жылы сәуле қалдырса болды деген үміт. «Айғайлай айғайлай қасқырдан да ұят болды» депті. Бірақ, қасқыр жарықтық ұялуға тұратын қасиетті аң ғой. Біз айта береміз, себебі, ұялатын жағдайда емеспіз. Сен ұялу үшін де сені ұялтататын жақтың ұялуға таитын титімдей болса да абырой, беті болу керек қой. Бір қуаныштысы, ондай «қызылы бар» беттің бедері білінбейді. Жалпы, біз ұяты жоқ мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Аталарымыз қасқырдан да ұялатын ұятты халықтың ұрпағы болғанымызға бүгін қайран қалмасқа амал жоқ. Қазір басшы халықтан, халық басшыдан ұялмайтын, ойларына не келсе соны істейтін сорақы қоғамға қолымыз жеткен. «Әлемде ұяттан сұлу нәрсе жоқ» депті ғой Сократ деген философ. Бірақ, байқұс гректің шалы біздің өзгеше әлеміміз бар халық екенімізді қайдан білсін. Өйткені жоқ нәрсені сұлу дейтін біз ол ойлағандай «ақымақ» емеспіз, біздің сұлулық өлшеміміз басқа. Жә, ол бөлек әңгіме... Тәуелсіздік алған соң біз ұятты тіпті ұмыттық. Ең алдымен әлгі қасқырдан да қымсынатын «ұялшақ» аталарымыздан арамызды алысқа салып, өзімізден басталатын жаңа тарих жасап алдық. Қанша дегенмен біз де қордалы қоғам, арлы адам затынанбыз ғой, ұяттың жұрнағы қалған шығар? Жоқ, ең үлкен құндылық Тәуелсіздіктен ұялмаған ел болған соң, ар жағына ауыз ауыртудың қажеті қанша? Тәуелсіздікті де біз түкке алғысыз бір зат ретінде ұстап жүрегіміз өтірік емес. Оны өзімізге онша бір жақындатқымыз келмейді, «ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздік» деп одан іргемізді аулақ салуға тырысамыз. Бұл сөзге қарағанда біз оны армандаған жоқ секілдіміз. Бәлкім содан да шығар, ең соңында ешкімге керегіміз жоқ кезде барып амалсыздан «тәуелсіздікті алдық» дей салыппыз. Әсілі біз ұялуға тиісті айдың бірі желтоқсан еді, өйткені онда қазақ жастарының қаны төгілген, шын тәуелсіз болуға ұмтылған қазақ өрендері қыршынынан қиылған. Бірақ, дәл сол күнді тәуелсіздікті тойлайтын мерекемен апарып жаптық. Не керек, «ырду-дырдуға толы мереке болса да, қазақтың тәуелсіздік алған күні ғой» деп оны да жуып-шаюға болар еді. Өйткені, тәуелсіздікті құрметтеген адам, оны көзге ілмеуге ұяты жібермейтін адам, жетоқсан қырғынын да, бабалар арманын да ардақтай алады. Бірақ, бұл ойымыз да құр далбаса, аңғалақ көңілдің айға қарап ұлыған ауаны екен. Бізді ұялуға тиісті тәуелсіздікті де жауып, қымтап тастайтын «жаңа жыл» дейтін жойқын даңғаза бар екен. Оның сұрапыл даңғазалығы сондай, ұят, ар, аманат, тәуелсіздік, ұлт, халық, адам, қазақ деген құндылықтардың бәрін ұмыттырып, шамға қарап шыршаны ғана айнала беретін «әңгүдікке» айналдырып жібереді екен. Ал, енді ұялып көр! Бізді ұялтатын қасиетіміздің бәрін жауып тастадық, қымтап қойдық. Иә, ұятты жерді жапқан дұрыс қой деп отырған боларсыз. Әрине, оған талас жоқ. Бірақ, біздің биліктегілер тарих, тәуелсіздік дейтін жарқырап тұруға тиісті құндылықтарымызды, өздерінің жауып жүруге тиіс «ұятты жерлерімен» шатастырып алған сыңайлы. Немесе, соның қатарына әдейі «қойып» жүр. Бір жан ауыртарлығы сол ұятты жерлерін керек кезінде қалай пайдаланса, тәуелсіздік, тарих дейтін қасиеттерімізді де солай пайдаланғысы келеді. Басқа түк те емес. P.S. Негізі бұл ой қайдан туды. Әрине, жылтыраққа толы жаңа жылдық мерекеден, оны жатып кер жарнамалап, басына көтеріп жатқан жайдақ биліктің жалаң әрекетінен туды. Қазір Астананың төрінде сумақы, сүйір тұмсықатары аспанға, аспанға емес-ау, Тәуелсіздіктің жүрегіне қаладған алып шыршалар көз қамайды. Ал, тәуелсіздік қайда? Оны табатын текті мінездің өзі табылмай тұр. Шыршаға шырматылып, шампанға шалқитын соқыр көңіл әуелі соны сезінер емес... Алдымен «новый год», сосын «Тауелсизидик». Ақ орда мен Сенаттың ұйғарымы солай!.. Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3529