Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3273 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 04:54

Алматыға "Жастар театры" келе жатыр

«Жастар театры» Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев шығармаларының желісінде «Шыңғыс хан» қойылымымен шымылдығын ашты. Сол кезеңнен бастап халықаралық, республикалық театр фестивальдеріне қатысып, бірнеше рет Гран-при иегері атанды. Бүгінгі таңда талантты жастар құрамымен жасақталған жас театрдың репертуарында жиырмаға жуық қойылымдар бар. Сондай-ақ алғаш рет труппа құрамында Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының биылғы бітіруші 4 курс студенттері әлемдік тәжірибеде дуалды оқыту жүйесі бойынша тәжірибе алмасуда.
Сол жүйенің негізінде Астаналық жастар театры 2013 жылдың 2-3 желтоқсан күндері Алматы жұртшылығына кіші гастрольдік сапарын өткізеді. 2-желтоқсан күні Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық... » сахналық повесі, 3-желтоқсан күні С.Раевтің «Меккеге қарай ұзақ жол» қойылымдарын ұсынбақ. Қоюшы режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Аталмыш қойылымдар қазақ театр өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында өтеді. Осы кіші гастрольдік сапарды ұйымдастыруға мұрындық болған М.Әуезов театр ұжымына Астана Жастар театры өз алғысын білдіреді.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549