Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3651 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 03:28

Төрт бейiмделу: Неге дайын болу керек?

Кеңес заманы адамдарында ұдайы болатын әлеуметтiк қорқыныш - ерекше құбылыс. Ол көбiне түйсiнiлмейдi (саналы ұғылмайды), бiрақ көп жағдайда адамның мiнез-құлқын, оның қылықтарын, шешiмдерiн анықтайды.

Кейбiр жағдайларда ол сананың үстiне шығып, қорқыныш, үрей деңгейiне жетiп және аласұруды шақыруы мүмкiн. Бұл бiрiншi қорқыныштың себебi «Ал кенеттен менi октябрятқа қабылдамаса ше?»

Бұл қорқыныш «Бәрi сияқты боламын!» деген қоғам мен отбасының өмiр әдетiнен туындады. Бұл жастағы баланың санасында «Көсем (Ленин) ұнатпаған бала болу - демек, бәрiн жоғалту» деген қатаң сiңiрiлдi. Бiрiншi бейiмделу iске асты.

Екiншi бейiмделу пионерге қабылдау кезiнде болатын. Алдын ала бәрiн емес, тек лайықтыларды қабылдайтыны хабарланды. Әрбiр октябрятшы лайықты болуға тырысты. Барабан тарсылы мен горнның дыбысы, қызыл ту астында және алау жағылып, қабылдау рәсiмi жүрдi. «Пионерлер, Коммунистiк партияның iсiне әрқашан дайын бол!» жалынды ұраны айтылды. Неге дайын болу керек? Не iстеу қажет? Бұл жағы нақтыланбады. «Әрқашан да дайынбыз!» деп күрсiндi пионерге қабылданғандар. Екiншi бейiмделу де табысты және сәттi өттi.

Комсомолға өту - бұл үшiншi бейiмделу болатын. Оған өту үшiн ұсыныс, комиссия алдында сынақтан өту қажет болды. Өткендер қызыл билет пен төсбелгi алды. Ал комсомолдан сөгiс алу немесе одан шығып қалу қорқынышы өте күштi болатын. Бұл совет адамының қалыптасуындағы үшiншi бейiмделу едi.

Төртiншi бейiмделудi - Коммунистiк партия қатарына өту бақытын қоғамның тек санаулы бөлiгi ғана иелендi. Бұл жердегi дәстүрлер барынша бюрократталған едi. Партиялық билеттен айрылу немесе партия қатарынан шығарылу ату жазасымен тең келетiн.
Бұл жүйеде бұрынғы КСРО аумағында өмiр сүрген адамдардың төрт ұрпағы тәрбиелендi.

Ендi ол толығымен күйредi, нәтижесiнде тәрбиелiк бос қуыс (вакуум) қалыптасты. Бiлiм беру мекемелерi тәрбиелiк қызметiнен бас тартты. Отбасы мұндай қызметтердi игере алмады. Тек қайта жанданған дiн ғана жаңа ұрпақты тәрбиелеуге өзiн ұсынды.
Мiне, елiмiздегi қалыптасқан келеңсiз құбылыстың негiзгi себептерi осылар болатын.

Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,
дәрігер психолог.
Қызылорда қаласы.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499