Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3305 0 пікір 27 Қараша, 2013 сағат 03:27

Маңызды 13 шақырым

Көп адам, мүмкін, 13 шақырым аса маңызды қашықтық емес деп ойлайтын шығар. Жақсы көлігі бар адамға бұл он минуттан аз жүретін қашықтық. Ал, жаяу жүргіншіге, тіпті, ол асықпай келе жатса да осындай жерді жүріп өтуге екі жарым сағаттан үш сағатқа дейінгі уақыт қажет. Бір сөзбен айтқанда, бұл үлкен қашықтық. Бірақ, мұнай өндірумен айналысатын«Эмбамұнайгаз» АҚ, Атырау облысындағы С.Балғымбаев кен орнының мұнайшылары үшін осы 13 шақырым жерді бағындыру оңай болған жоқ.

С.Балғымбаев кен орны әкімшілік бөлінуі бойынша Атырау облысы Исатай ауданына жатады. Ең жақын елді мекен – аудан орталығы, Аққыстау ауылы. Бұл жерде республикалық маңызы бар, Атырау мен Астрахань қалаларын байланыстыратын жол орналасқан. Тек Аққыстау жерінен осы кен орнына апаратын жол ылғи да қара жол болатын.

Бұл жердің топырағының сазды(балшықты) және тұз сіңірілген екенін осы өңірде болған адамдардың бәрі біледі.Бұдан басқа, кен орындары негізінен каспий маңы ойпаттарында, теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Сондықтан да, тіпті, аз жауын жауғанның өзінде қара жол жүруге мүлдем жарамай, ұзақ кеппейтін бөкпеге(жижа) айналады. Қыс мезгілі бұл елді мекенде боранды өтеді. Сол боранның кесірінен, жолды қар басып, тіпті сол жолдың ізі де көріндейді. Сол себептен де, жаңбыр мен боран болған кездерде, осы 13 километр жерді жүріп өту үшін арнайы техника қажет еді. Жолға шамамен бір сағаттан артық уақыт кететін. Күн райының ашық болғанның өзінде, өзінің автокөлігімен осы таусылмас ойықтар мен шұңқырларды ешкім жүріп өткісі келмейтін.

Кен орнында вахталық қыстақ ұйымдастрылған. Жайлы жатақханалар, ас үйлері салынған, медициналық пункт те бар. Мұнай өндіру режимі мен ұңғымалардың жағдайын қадағалап отыратын диспетчер бөлімі жұмыс істейді. Ұшақжайлар, гараждар және арнаулы техниканы жөндейтін цехтер бар. Қысқасы, вахта барысында мұнайшылар ыңғайлы өмір сүріп, жұмыс істеу үшін жағдай жасалған.

Алайда, аудан орталығымен байланыс жасайтын транспорт ылғи да болатын. Бұл - ауыз суының да, азық-түліктің де, сондай-ақ қосалқы бөлшектердің де жеткізушісі. Кей кездері, керек кезде, жаңа вахташыны табу да үлкен мәселе болатын. Ал, кенеттен, күтпеген жерден төтенше жағдай орын алып, біреуді шұғыл емханаға жеткізу керек болса не болады? Ал, мұнда жол жоқ.

Бұл мәселе жергілікті әкімшілік пен облыс басшылығы алдында бірнеше рет көтерілді. Бұл жолдың құрылыс жұмысымен айналысу дәл осы жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Бірақ, құрылыс жұмыстары үшін қажетті құралдар табылмай қала беретін.

Әйтеуір, осы жылы бұл мәселені шешумен «Эмбамұнайгаз» АҚ акциясының 100% -ы тиесілі, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ айналысты. Ұйымдастырушылық сұрақтарын жергілікті билік жөнге келтірді, өз бюджетінен компания қажетті қаржыны бөлді. Тендер өткізіліп, мердігер ұйымдармен келісім орнатылды. Құрылыс басталды.

Қазір Аққыстау аудан орталығы мен С.Балғымбаев кен орнындағы вахталық қыстақты жаңа, асфальтталған жол байланыстырады. Енді осы 13 километр жерді жүріп өту үшін көп уақыттың қажеті жоқ. Сапарды енді жаңбыр да, жел де бөгей алмайды.

Abai.kz

0 пікір