Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5107 0 пікір 27 Қараша, 2013 сағат 05:23

Тізімбек Анашұлы. Шексіздіктің құшағы

(Мұхтар МАҒАУИННІҢ «Көкбалақ» романы туралы)

«Көкбалақ» - жақсы кітап. Біз оқып болдық деп қаламыз, болмағанымызды кейін білеміз. Әлдебір уақытта сол кітапта айтылған бір дүние өз басыңа келгенде сөз иесін басқа қырынан танисың. Сөз иесі аштысы мен тұщысы миша былыққан өмірден саған керекті бір дәмді дәл тауып, таза қалпында аузыңа тосады. Тұшынасың – бір, сергисің – екі, сіздің ішіңізде де бір Тоқсаба жұр – үш... сізді - бұдан бұрын Мұхаңның Абайын, Махамбеттің «менін» өзінің бір бөлшегіне айналдырып алған сізді енді Тоқсаба деген Ұлттық Рух киіп әкетеді. Өзіңізді Тоқсаба екенмін деп ойлайсыз. Сонда бір адамның жан әлемінде қаншама сұрапыл тасқындар тудыра білетін, тазарта білетін шын жазушылықтың машақатын мына қарапайым біз де мықтап сезінеміз. Шын суреткердің құдіреті сол – ең соңында кітап оқып отырғаныңды ұмытып қаласың, жазушыдан жазылушы Тоқсаба әлдеқайда жақындап кеткен. Кейін бір жерден жазушының өмір-тарихын көріп отырасыз, сонда сізге шашын қайырып тараған толық денелі, Қазтуған, Доспамбеттерді жарыққа шығарған Мұхтар МҰҚАНҰЛЫ емес, автордың өзінен де кемелге жеткен Тоқсаба елестесе, ол - сол жаңағы машақаттың құдіреті деп біліңіз.
Үлкен дарынның жан азабын, қыспақ өмірін үлкен адамдар ғана жақсы білсе керек.

Мұхтар ӘУЕЗОВТЫҢ тіліндегі музыкалық сарын ол кісінің жазғандарынан желдей есіп сезіліп тұрады. Бұл жел – Мұхаңның қаламынан соққан жел жерге құлаған сары жапырақты ауаға алып шығады, жапырақ кеңістікте аударылып-төңкеріліп жүреді. Баяу жел аулақтағы көлдің бетін де шымырлатып өтеді, желге қарсы келе жатқан қыздан да айналып кетпейді, не шашын, не көйлегінің етегін желпіп қалады. Міне, әлгі желіміз түзу жолға түсіп алып, тартып бермейді, ол маңайына әсер етеді. Айнала тіршілік атаулыны шамасы келгенін шайқалтып, келмегенін сыбдыратып бірге ала жүреді. Бейне өмірдегідей. Жанды сурет сызған, айнытпай сызған тілде ғана әуезділік болады. Жақсы кітап оқығандағы әсер мен жақсы күй тыңдағандағы әсер бірдей, кітап та, күй де адамды жүйелі, терең, жарқын ойға жетелеп шешім табатын түйінге тура апарады, жәй кезде басыңыз қатып жүретін идеялық жүктерден өздігіңізден босанып шыға келесіз. Сондағы айтпағымыз – әдебиеттің музыкалығы, музыкамен тікелей қатысы. Музыкасы бар болғандықтан әдебиет – көркем әдебиет.

Ендеше, Мұхтар Мағауия немересіндей сезімтал суреткердің күй тақырыбында шығарма жазуы – өте заңды. Жазбауы мүмкін емес те. Әдебиетіңізді аудармаса өзге жұрттың кісісі ұқпай қалар, бірақ күйін аударусыз ұғады. Қазақтың күйі – күллі адамзаттың музыка өнеріне қосылған үлкен үлес, өшпес мұра. Ұлттық рухымыздың Тәңірінің айырықша рахымымен жіберілген жебеушісі. Тоқсабаның қазаққа ғана емес, адамзатқа ортақ мұраның аз мұрагерлерінің бірі екенін бар ынты-шынтысымен түйсінген жазушы осы қарапайым ауыл адамының(әрине, сырт көзге) жан әлеміне ұлы даланы сидырып жіберген. Шығармаға бойлап енген сайын шын өнер адамына тән Тоқсабалық Рух биіктеп өседі. Ол рух сізге барлық ұлттық құндылықтарға жасырын да, ашық та шектеме қойып отыратын Совет қоғамындағы ергежейлі өнерсымақтардың тобынан сорайып оғаш көрініп тұрғандай. Тоқсабаға Советтік құрлысыңыз, Лениныңыздың құны – күйдің алдында көк тиын. Күй мен күйді шығарушыны шатастырып алса, Ленинді де кінәлаудан тайынбайды. Оның
Алматыда соншама көреременнің алдында «әйгілі» акедемикті шамдандырып алғаны - сол өнерге адалдықтан.

Күйге қатысты романның тілі де күйдей. Алаштың алқалаған еркесіне айналуға тиіс Тоқсаба ең соңында күйші екенін көршілері де тым терең танымаған бейсауат қалпында өмірден өтіп кетті. Оның өнерге келуі, шарықтап өсуі – бәр-бәрі де жазмыштық қисынға жүгінген. Ең бастысы – автор кейіпкерін өз идеясының құлы етпей, шынайы қалыптады. Шынайылығы сондай – ең соңында Тоқсабаны бағызы күйшілер өз тобына қосып, кеңістікке сіңіп кететін жерін де шын екен деп қаласыз. Басқалай аяқталуға мүмкіндік жоқтай сезінесіз. Өмірден тиісті бағасын алмаған күйшінің рухын ертегілік мұратына жеткізіп – ұлы күйші-салдардың тобына қосуда әрі шеберлік, әрі имандылық бар. Жазушы күй тақырыбына да осындай асқақ рух, айнымас адамгершіліктің жетегінде барған. Өздері табанына таптаған ұлттардың аймаңдай ұлдарымен бірге сөніп кететін құндылықтарды жоқтамау, кемеліне жеткізе жырламау ـ жазушының арына сын.

Жә, романды оқып біттіңіз дейік. Біздің бар сөзіміздің мәні осы оқып бітуге тіреліп тұрғандай. Сонымен оқып біттік. Тоқсаба мен Айтан екінші рет әрі соңғы рет кезігетін күйдей кешті ұмыта алмадық; Алматыдан торығып қайтқан хас өнердің сүлдерін ұмыта алмадық; хан жайлауды дүркіреткен сал мен серінің салтанатты көшін ұмыта алмадық. Бір күнгідей болып баяндап тұрмайтын баянсыз дүниеден өтіп кеткен қасиеттер-ай! Ішіңде біреу егіліп барады... Тоқсабаны өз атаңнан бетер жоқтайсың. Мұхтар Мағауя немересі Тоқсаба арқылы жеке адамды рухани азаттыққа – бостан «менін» мәңгілік еркіндіктің шексіздігіне алып барғысы келеді. Өз ішінде азат адам – нағыз еркіндікке жеткен адам. Жұмекен ақынның «кісен салса қолыма – қорыққаны деп түсіні» де рухани бостандыққа жеткен адамның сөзі. Көкбалақ - ең әуелі тұлпардың аты. Атқа қонған адам өзін құдайдай сезінеді. Бұны қазақ өте жақсы біледі, ат туралы ән де, күй де жетерлік. Ешбір ақын өзін рухани бостандыққа шығармайтын дүниенің қызығына арнап саф өнердің туындысын жасай алмайды. Жүйрік атпен жүйткітіп баратқандағы көңілдің тасқыны мен күй тыңдағандағы толқудың да қиылысатын жері – осы рухани бостандық.

Сонымен оқып біттік. Жақсының жақсылығын сезінесің. Ең кереметі - жақсының жақсылығын сезінетін қасиет біткен. Бұл қасиет біздің қоғам аса ділгір нәрсе дер едік. «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі – бос» дегендегі Абайдың да мақсаты – есті қазақты осы қасиетке жеткеру шығар. Біз де Мұхтар МҰҚАНҰЛЫНЫҢ жақсылығын асырып, шарапатты жазушымыздың халқымыздың рухани қазынасына арналған аса бағалы шығармасына өз пікірімізді айтып жатырмыз. Жазушының мұраты – ұлы өнердің мұраты. Бірақ үлкен кісіміздің «мұратымен» жағаласып жүргендер де бар екен. Шығармада ұлы өнер жеңіске жетті, адамгершілік жеңіске жетті. Біз соған қуанамыз. Жетпісінші жылдарда жазылса да, Мұхтарға ғана тән соны сыпат, қайталанбас шеберлік айқын көрініс тапқан. Рухани бостан адам кімге де құл болмайтынын айғақтап, шын өнердің соры мен бағын, қасиеті мен қасіретін жазу арқылы оқырманға мәңгілік сарындарға қаныққандай, шексіздіктіңтің құшағына енгендей жетелі сезімдер силайды. Мінез баулиды. Жақсы кітап – мінездің мектебі.

Автор туралы:

Тізімбек АНАШҰЛЫ, Шығыс Түркістандандағы Алтай қаласында дүниеге келген. Қазір ҚХР-дың астанасындағы Бейжиң педагогикалық университетінде оқиды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530