Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
924 5 пікір 23 Ақпан, 2024 сағат 15:19

Ауруын жасырған өледі, Кірісін жасырған былыққа кіреді

Сурет: ашық дереккөзден

Кірістер комитетінің өкілдері мүлік иелерін салықтан жалтармауға шақырады. Статистика бойынша Қазақстанда 80 мыңнан астам адам үйін жалға береді екен. Осыған байланысты баспанасын жалға беретін азаматтар да салық төлеуге міндетті

Кірісін жасырғандар 60 мың мен 300 мың теңге аралығында айыппұл арқалайды.

Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркеліп, Е-Salyq мобильді қосымшасы арқылы пайдаңыздың 1 пайызын салық ретінде төлеу керек. Тек жылдық табысыңыз 13 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Ал әскери және мемлекеттік қызметкерлер жалпыға бірдей декларация толтыру кезінде осы кәсібінен түсетін пайдасын ашық көрсетіп, 10% төлейді. Жылжымайтын мүлікті тәуліктеп қосалқы жалға беретін болсаңыз да салық төлеу қажет. Жауапты комитеттің мәліметінше, Қазақстанда 80 мыңнан астам адам үйін жалға береді.

Abai.kz

5 пікір