Дүйсенбі, 20 Қыркүйек 2021
Жаңалықтар 3724 0 пікір 9 Мамыр, 2009 сағат 09:45

Өткенге өкінбейтін Жапония

Жапондардың қандай сезімде екенін ұғу үшін біз алдымен өз сезімімізге бойлауымыз керек.

Жапония - Екінші дүниежүзілік соғыс естелігін осы күнге дейін жадынан өшірмеген аз ғана ел санатында. Оның бір себебі бұл елдің өткен күндер күнәлары мен қылмысынан толық арыламағандығында, тазармағанында болса керек. Көптеген жапонның үнсіз ымырасынан туындаған тарихқа қатысты мәмілесіздік қазіргі Жапонияның даму бағытында ұстанып отырған негізі болып табылады. Оның жақсы жағы да, келеңсіз тұстары да жетерлік.

Алдымен жақсы жағына тоқталайық. Жапондықтар күйзеліске бейім, бастан кешкенін талдауға әуес халық. Дегенмен оларда өз тарихының жасампаздығы туралы сенімнен туған мызғымайтын рух бар. Оның жақсы жақтарын мақтаныш етеді, ал жаман жағын объективті баға беріп, мойындай алмайды. Жапондықтардың басым бөлігіне тән тарихи оптимизм мен табиғи, «елім-жерім» деп еңіремейтін үнсіз патриотизм осыдан шығады.

Жапонияның көршілері, әрине, бірінші кезекте Қытай мен екі корей мемлекеті одан өткен күндердің қателіктерін мойындап, әлем алдында кешірім сұрауды талап етіп түртпектеп келеді. Әділдік олардың жағында, бірақ жапондықтар ақталуды қаламайды. Жапонияның өз өткеніне объективті қарай алмауы - Азиядағы жапон саясатына өзге мемлекеттердің сенімсіздігін тудырады.

Жапондардың қандай сезімде екенін ұғу үшін біз алдымен өз сезімімізге бойлауымыз керек.

Жапония - Екінші дүниежүзілік соғыс естелігін осы күнге дейін жадынан өшірмеген аз ғана ел санатында. Оның бір себебі бұл елдің өткен күндер күнәлары мен қылмысынан толық арыламағандығында, тазармағанында болса керек. Көптеген жапонның үнсіз ымырасынан туындаған тарихқа қатысты мәмілесіздік қазіргі Жапонияның даму бағытында ұстанып отырған негізі болып табылады. Оның жақсы жағы да, келеңсіз тұстары да жетерлік.

Алдымен жақсы жағына тоқталайық. Жапондықтар күйзеліске бейім, бастан кешкенін талдауға әуес халық. Дегенмен оларда өз тарихының жасампаздығы туралы сенімнен туған мызғымайтын рух бар. Оның жақсы жақтарын мақтаныш етеді, ал жаман жағын объективті баға беріп, мойындай алмайды. Жапондықтардың басым бөлігіне тән тарихи оптимизм мен табиғи, «елім-жерім» деп еңіремейтін үнсіз патриотизм осыдан шығады.

Жапонияның көршілері, әрине, бірінші кезекте Қытай мен екі корей мемлекеті одан өткен күндердің қателіктерін мойындап, әлем алдында кешірім сұрауды талап етіп түртпектеп келеді. Әділдік олардың жағында, бірақ жапондықтар ақталуды қаламайды. Жапонияның өз өткеніне объективті қарай алмауы - Азиядағы жапон саясатына өзге мемлекеттердің сенімсіздігін тудырады.

Тарих мәселесіне қатысты өз көршілерімен ымыраға келу - Жапония үшін өте қиын. Олай бола қалған күнде, Жапонияға Нанкиндегі қантөгісті немесе корей және қытай әйелдерін жинап, жапон солдаттарына «қызмет» көрсетуге мәжбүрлеген саясатты да толық мойындап, айыптауға тура келер еді. Жапония бұл мәселелерде риясыз өкінішке беріле алмайды.

Ал Германия бұның барлығынан өтті. Осының нәтижесінде мүмкін жекелей алған израйлдықтың немістерге қарсы өшпенділігі сақталған болса да, Германия мен Израиль мемлекеттерінде тарихи оқиғаларға қатысты проблема жоқ.

Дегенмен Ресей мен Польша арасында бұндай түсініспеушілік сақталып отыр. Оның себебі - Ельциннен кейінгі Ресей қолбасшыларының да, жалпы қоғамның да поляк халқына қарсы Сталин режимінде орын алған қылмысқа қатысты жауапкершілікті мойындай алмай отырғанында. Катынь маңындағы поляк офицерлерін жаппай қыру оқиғасын, жантүршігерлік азаптауларды Ресей тарапы ашық мойындап, тергеу жұмыстарын жүргізуге дайын емес. Бұл жағынан біз жапондарға ұқсаймыз.

Жапонияның тарихи жадының символы болып Ясукуни шіркеуі саналады. Ол жерде Жапония үшін қаза  құшқандардың барлығының рухтары тыныштық тапқан. Жапондықтар ақты да, қараны да Ясукуни шіркеуінде еске алады, дұға бағыштайды. Синтоистік дәстүр осындай, жапондықтар бұдан ешқайда қашып құтыла алмайды. Барлық діннің дәстүрін құрметтей отырып, біз Ясукуни шіркеуінде орын алған діни қағидаға да түсіністікпен қарауымыз керек деп ойлаймын. Жапонияның көптеген премьер-министрлерінің ресми санатта Ясукуни шіркеуіне кіруден бас тартуы да жапондарға дұрыс көрінеді.

Жапония тарихи жадын саналы түрде сақтап отыр деуге болмайды. Бір себеп - оған еш қажеттіліктің жоқтығы. Жапонияда түрлі қоғамдық көңіл-күй орын тепкен, жапондардың басым көпшілігі өткенге оралуға, орны бітпеген жараны тырмалауға қарсы. Бұған бір мысал, Қытайдың арқасында әлем назарында отырған мектеп оқулықтары болып табылады. Жапон оқулықтары өткен тарихқа баға беруде «толерантты» позицияны ұстанады. Мен оларды Филиппов редакциясында шыққан біздің оқулықтарға ұқсатар едім. Біржақтылық деңгейі шамалас. Бұл жағдай көрші мемлекеттердің шамына тисе, жапондардың өздері бұған жеңіл қарайды.

Әрине, Жапонияда өз халқының тарихи жадын басқа елдер мен халықтарға қарсы жек көру сезімін ояту үшін пайдаланғысы келетін радикалды топтар бар. Дегенмен, бұл топтар оқшау, қоғамнан тыс өмір кешуде.

Жапонияда ұлтшылдық ушығып келе ме? Осыдан бес-алты жыл бұрын көптеген мамандар бұл сұраққа «иә» деп жауап берер еді. Ал, қазір бұл бағыттың қайта төмендегені байқалады. Өте қатты төмендегені. Қоғамдағы көңіл-күйдің бір түрі ретінде ұлтшылдық толқыны - тек Жапонияда ғана емес, басқа елдерде де синусоид түрінде дамиды. Жапониядағы ұлтшылдық - дәл қазір Конституцияны қайта қарау үшін немесе Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелерін саналы түрде талдау үшін жеткіліксіз. Бұндай талпыныстар Жапонияның соғыстан кейін таңдап алған даму жолына сәйкес келмейді.

Жапондар өте мақсатшыл халық, оларды ортақ мүддеге біріктіруге болады. 1945 жылға дейін ол мүдде - әлемді білектің күшімен бағындыру еді. Бұл жерде жапондар жеңіліс тапты. Енді мақсат өзгерді. Содан бері жапондар әлемге де, өздеріне де экономикалық бейбіт сайыста елдің әлемдік көшбасшылардың біріне айнала алатынын дәлелдеуге кірісті. Жетістіктер жеткілікті, және әзірге өзін-өзі дәлелдеудің басқа жолын іздегенді тоқтатты. Дегенмен, әрине, жапондықтардың тарихи жады мықты, өзін ренжіткендерді ұмыта қоймайды.

Осы жерде солтүстік аумақтарға байланысты проблеманы айтуға болады. Әрине, «солтүстік аумақтар» деген сөзді қанша жерден тырнақшаға алсаң да, термин жапондықтардікі болып қалады. Ал, біз үшін ол Жапония өз құқығын білдіріп отырған Оңтүстік Куриль аралдары.

Мен өзіме жауапкершілік ала отырып, жапондарға бұл аралдардың қажеті шамалы дегім келеді. Әсіресе қазіргі кедей, арып ашыған кейпінде. Оңтүстік Курильді қайтарып ала қалса, өз елінің деңгейіне көтеру үшін жапондықтар оған қарымтасыз өте үлкен қаржы құюға тиіс болады. Ал дәулетті Жапонияның артық ақшасы жоқ. Бәлкім ол ақшаны далаға шашпайтындығынан да дәулетті шығар.

Басқа жағынан алып қарайтын болсақ, көптеген елдер өздерін белгілі бір саясаттың, әділетсіздіктің, сырттан келген жаудың құрбаны ретінде көрсетуге құштар. Жапондықтарда бұл «құрбандық синдромы» Оңтүстік Куриль мәселесіне қатысты оянады. Мәселенің өз-өзінен тумағаны түсінікті. Ол - саяси айла-амалдың немесе замануи терминге салсақ, саяси технологиялардың жемісі. Бірақ, Жапонияны жазғырмай тұрып, алдымен өз еліміздегі Қырымды немесе тарихи Ресейдің аумағынан шығып қалған өзге де жерлерді мемлекетке қайтару керек деп үндеу тастайтындардың логикасы неге құралған деп ойлап көрейікші. Жапондықтардың да сүйеніп отырған логикасы осы. Бұл логиканың қазір күн тәртібіне шығарылмай, сөреде жатқаны да ыңғайлы.

Әрине, жапондардың бұқаралық санасында бұл мәселе өзге көршілеріне қатысты аумақтық талаптардан маңыздырақ. Оның бір себебі, Ресейге, дәлірек айтқанда КСРО-ға қатысты Жапония көп себептермен өзін жәбір көрген тарап ретінде сезінетіндігінде. Жапондықтар өздерінің АҚШ-қа шапқыншылық жасағандарын жақсы біледі, бірақ КСРО-ны шабуылдаған жоқ. Керісінше КСРО Жапонияға шапқыншылық жасады. Соғыстан кейін жарты миллионнан астам әскери тұтқынды Сібірге айдап әкетті, халықаралық құқық атаулыны түгел бұзып, көп жылдар бойы босатпай ұстады. Әрбір оныншы әскери тұтқын аштық пен суықтан, ауыр жұмыстан азаптанып қаза тапты. Осыны ұмытпаған жапондар біздің елге қатысты өздерін зәбірленген тарап сезінеді. Ал, Кореяға қатысты өздерін, керісінше, зәбірлеуші санайды. Сондықтан да қазіргі таңда Корея Республикасына тиесілі, бірақ Жапония өзінікі деп есептейтін Докто (Такэсима) аралдары Оңтүстік Куриль тәрізді психологиялық және символдық мәнге ие емес.

Ресей мен Жапония арасында тікелей ұқсастықтар іздеу, әрине, дұрыс емес. Мүлде басқа елдер, басқа ұлттар, менталитеті де тарихы да әртүрлі. Соғыста жеңіліс тапқан жапондықтардың қандай сезімде болғанын ұғу үшін өз еліміздегі көптеген адамдардың қазір қандай сезімде жүргенін ойлап көру керек. Жапондықтар жеңілгеннен кейін қатты қорланды. Бір жағынан біз қырғи-қабақ соғыста жеңіліс таппаған да сияқтымыз. Дағдарысты даму жолынан саналы түрде бас тарту арқылы жеңген де секілдіміз. Дегенмен, миллиондаған адам өздерін жәбірлендік, қорландық деп санайды. Әрине, бұл жағынан ұқсастық іздеуге болады.

Жапондықтар өздерінің өкпесі мен өкінішін бейбіт арнаға бағыттай білді. Ал біз болсақ қорлану сезімін барынша өсіріп, аялап отырмыз, әлі күнге дейін ескі әдістерді пайдаланып әлдене дәлелдегіміз келеді. Қазір жаппай қолданыста жүрген «тізерлемей, орнымыздан тұрайық» атты үндеу қорланған халықтың бейнесін саналы түрде пайдалану емей, немене? Жапондар өздеріне қатысты бұндай сөзді қолданған емес. Олар тістеніп алып, жұмыс істеді.

 


Аударған Мадина Омарова.

 

0 пікір