Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3003 0 пікір 2 Қараша, 2013 сағат 15:51

Қасымхан Бегманов. Қош, Маңғыстау

     Маңғыстау, маңғаз дала,

еспе құмды,

Қимадым теңізде өткен кештерімді.

Болмаса Йассауйдей ақын бабам,

Өкіндім Оңтүстікте өскенімді.

Кене мола, Әулие тас, ескі қырат,

Ары-бері қанша ауыл көшті жылап.

Тандыры кепкен сонау бір шөлейттерге,

Ақсыншы тарихы бар ескі бұлақ.

Сес көрсеткен көктегі құдайға да,

Толқынданып құмдары құлайды ана.

Батырларын жоқтай ма, ақындарын,

Мұңын шағып желдері жылайды, Аға.

Маңғыстау, табындырды

сағындырды,

Кілкіген көз ұшында сағым тұрды.

Жібектей Оңтүстіктің бір баласы ем,

Аруақты дала қайта «қағындырды».

Қайғыға Адайларым күрсінбепті,

Жүрегін талай ердің дүрсілдетті.

Қыздары-ай жанары от, әзілі бал,

He дейін, көкірегімде бір сыр кетті.

Әжімінен ескі өмір аңғарылған,

Сыр тарттым сиреп калған шалдарынан.

Үш жүз алпыс екі әулие, колда мені,

Іздеп келдім баяғы Шавгарыңнан.

Маңғыстау, маңғаз дала, еспе құмды,

Білші сен, Түркістанда ескенімді.

Темірхан көкем менің жыр оқыған,

Қимай барам армандай кештерімді.

Терезеңнен үңіліп көрші келіп,

Жер жүрегімнен аспан жүрегіңе емші

болып,

Ақ көйлекпен қалықтап Ай барады,

Шаттандырып таң атсын айналаны,

     Маңғыстау, маңғаз дала,

еспе құмды,

Қимадым теңізде өткен кештерімді.

Болмаса Йассауйдей ақын бабам,

Өкіндім Оңтүстікте өскенімді.

Кене мола, Әулие тас, ескі қырат,

Ары-бері қанша ауыл көшті жылап.

Тандыры кепкен сонау бір шөлейттерге,

Ақсыншы тарихы бар ескі бұлақ.

Сес көрсеткен көктегі құдайға да,

Толқынданып құмдары құлайды ана.

Батырларын жоқтай ма, ақындарын,

Мұңын шағып желдері жылайды, Аға.

Маңғыстау, табындырды

сағындырды,

Кілкіген көз ұшында сағым тұрды.

Жібектей Оңтүстіктің бір баласы ем,

Аруақты дала қайта «қағындырды».

Қайғыға Адайларым күрсінбепті,

Жүрегін талай ердің дүрсілдетті.

Қыздары-ай жанары от, әзілі бал,

He дейін, көкірегімде бір сыр кетті.

Әжімінен ескі өмір аңғарылған,

Сыр тарттым сиреп калған шалдарынан.

Үш жүз алпыс екі әулие, колда мені,

Іздеп келдім баяғы Шавгарыңнан.

Маңғыстау, маңғаз дала, еспе құмды,

Білші сен, Түркістанда ескенімді.

Темірхан көкем менің жыр оқыған,

Қимай барам армандай кештерімді.

Терезеңнен үңіліп көрші келіп,

Жер жүрегімнен аспан жүрегіңе емші

болып,

Ақ көйлекпен қалықтап Ай барады,

Шаттандырып таң атсын айналаны,

Күн нұрымен тарайды той хабары.

Ашып тастап көңілдін, тас қамалын,

Көшесінде той жасап астананың,

Ақын досым оқиды асау жырын,

Әнші досым шырқайды асқақ әнін.

Сыналмаған сынайды бағын әлі,

Трамвайлар, таксилер ағылады.

Тау басынан қызықтап қарап тұрар,

Алатаудың тәкаппар тағылары.

Бұлақтар да бет бұрар жылғаларда,

Сәлем айтар қамыстар ырғаларда,

Caп түзейді ақ үйлер Көктөбеде,

Топ-тобымен келеді тырналар да.

Бір-біріне бәйгеде дес бермеген,

Арғымақтар атылар қос пернеден.

Жымияды қарт ақын жүрегінен

Жүрегіне ұрпақтың көшкенде өлең...

Дала жатыр ерекше сыр аңғарып,

Жоғалды, әне, ініне жылан барып.

Үйірді алып барады ару бөкен,

Нөкер ерткен сұлудай сылаң қағып.

Оқ тиді ме,

сол бөкен сүрінді анық,

Тасыды өзен долданып,

буырқанып.

Аспан сынды алыптың жүрегіндей,

Жалғыз тырна қалқиды діріл қағып.

Құзғындар жүр мекен ғып жыраларды,

Жиренішті істері бұдан арғы...

Шұлғи тастап бастарын үйір жылқы,

Ортасына суаттың тұра қалды.

Ескі мола орныққан қыр төсіне,

Мұңлы оқиға салады жұрт есіне.

Шыжыған күн апшысын қуырды ма,

Тепендеді қойшы шал күркесіне...

Оттан да сақта, құдайым,

Судан да сақта, құдайым.

Беретін болсаң, жасаған,

Азғана тілек сұрайын.

Айналсын дарын дастанға,

Шалқысын жалын аспанға.

Ұят бер жігіттеріме,

Ынсап бер қарындастарға.

Елім деп ылай қақты ішкен,

Самайға сонау ак түскен.

Құшағына алар қара жер,

Өссең де, жаным, ақ сүтпен.

Сақталған сыры жыр хатқа,

Шалдықпай сана сырқатқа,

Береке, бірлік, байлық бер

Бабамнан қалған ұрпаққа.

Қайғысы қайғым халықтың,

Куат бер нұрлы жарық күн.

Арылтам деумен мұңынан,

Қаршадайымнан қамықтым.

Тұрса да басты ғажап күн,

Қайғысы қайғым қазақтың.

Көзінді салшы, тәңірім,

Құрбаны етпей мазақтың.

Жазылған жайлар маңдайға,

Тимей-ақ қойды-ау таңдайға.

Тұнжырап тұрған бейіттер,

Көңілге мұнды ой салмай ма?

Алаңдамасын анам да,

Алаңдамасын балам да.

Мәңгілік тұрсын КӨК ТУЫМ,

Бабамнан қалған даламда!

Түніменен қобыз кеудем жылады,

Ағыл-тегіл ағытылып бұлағы.

Жағамнан ап, қатал тағдыр сұрағы,

Түніменен қобыз кеудем жылады.

Түніменен қобыз кеудем егілді,

Көз алдыма елестетіп меңіңді.

Қиял шіркін кейінгіге шегінді,

Түніменен қобыз кеудем егілді.

Түніменен кобыз кеудем өксіді,

Іздеп сонау ұмытылған ескіні.

Жүріп жатты жүрегімде сұрапыл,

Оралмайтын қайран жылдар көшкіні.

Түніменен қобыз кеудем өксіді.

Abai.kz

0 пікір