Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 9055 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 11:13

Маңғыстау тарихы: Қарақия

Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат  созылып жатыр. Қарақия – түрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді.

Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат  созылып жатыр. Қарақия – түрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді.

Баяғы заманда бұл жерде көл болған және оның аты – Батыр деп аталған деп айтылады. Оның ұзындығы – 40 шақырым, ені -10 шақырым болған. Ойпаттың пайда болуын Каспий теңізінің жағалауында тұзды тау жыныстарының сілтіден айырылу, шөгу және карсталу үрдістерімен байланыстырады. Карстың негізіне жер асты табиғи сулардың шайылуы және ашылуы жатады. Жер асты суы, әк, доломит және гипстері бар жарық арқылы өтіп, бірте-бірте тау жыныстарын ерітіп, осы жарықтарды кеңейтеді, соның нәтижесінде орасан үлкен терең және тар тік жарлар пайда болған. Үңгірлер үлкейген сайын олардың төбелері мен қабырғалары жоғарыда жатқан қабаттардың салмағымен құлаған. Бұл үрдіс тоқтаусыз қайталанып, тұзды және әкті тау жыныстары жатқан жерге ауысқан. Нәтижесінде ұсақталған тау жыныстарымен толтырылған орасан үлкен қуыстар, шұңқырлар, қараңғы аңғарлар, қуыс және үңгірлер, жыралар, тілмелер, жүрістер, табиғи құдықтар пайда болған. Осылайша Қарақия ойпаты пайда болған. Бұл жұмыстар әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы жалғасып жатқан бет-бедер  пайда болу үрдісіне кең және терең тілінген ойпатта тік жарланып және кемершектеніп мүжілген шатқалдар куә болады.

Қазақстан ғалымдары бірнеше жылдар бойы зерттеулер жүргізген. Қарақияның сусыз ойпаты жауын бұлтының табиғи генераторы болған. Нәтижесінде жаздыгүні ойпаттың үстінде бірнеше шақырымға созылған жауынды бұлттар жиналатын болған. Мұны жерасты бақылаулары мен космостан алынған спутникті фотосуреттер көрсеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516