Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4660 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 04:40

Шахан Мусин сөз азабын тартты...

Кеше, Алматыдағы М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Шахан Мусинді еске алу кеші өтті.

Ол - небәрі 23 жасында аштықтан қырылған елдің жоқғын -жоқтап, «халық жауы» атанып, «Колыма» лагеріне айдалған  Алаштың аялы азаматы, өнер тарланы.  Жалынды шағының 18 жылын тар қапаста  өткізсе де, оның жігері мұқалмады,  өнерге ықыласы кемімеді... Елге орала салысымен театр сахнасында жасындай жарқырап, өнерде ізін қалдырды. Еске алу кешінде жас әртістер қайраткердің заман зарын жырлаған өлеңдерін оқып, сахналық қойлым көрсетті. Ал, оның көзін көріп, сахналас болған әріптестері  өткен жылдардан  есіп естеліктер айтты. Театр ұжымы атынан өнер ордасының директоры  Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек­­ - Ш.Мусиннің жары, тілші-ғалым, академик  Рәбиға Сыздықованың иығына қүндыздан шәлі жапты.

 

Әшірбек Сығай, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының лауреаты,  театр сыншысы:

Кеше, Алматыдағы М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Шахан Мусинді еске алу кеші өтті.

Ол - небәрі 23 жасында аштықтан қырылған елдің жоқғын -жоқтап, «халық жауы» атанып, «Колыма» лагеріне айдалған  Алаштың аялы азаматы, өнер тарланы.  Жалынды шағының 18 жылын тар қапаста  өткізсе де, оның жігері мұқалмады,  өнерге ықыласы кемімеді... Елге орала салысымен театр сахнасында жасындай жарқырап, өнерде ізін қалдырды. Еске алу кешінде жас әртістер қайраткердің заман зарын жырлаған өлеңдерін оқып, сахналық қойлым көрсетті. Ал, оның көзін көріп, сахналас болған әріптестері  өткен жылдардан  есіп естеліктер айтты. Театр ұжымы атынан өнер ордасының директоры  Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек­­ - Ш.Мусиннің жары, тілші-ғалым, академик  Рәбиға Сыздықованың иығына қүндыздан шәлі жапты.

 

Әшірбек Сығай, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының лауреаты,  театр сыншысы:

- Шахан Мусин басынан қилы тағдыр өткізген адам. Ол бірауыз өлеңі үшін жазықсыз жапа шекті.  «Халық жауы» болып айдауға түсті. Итке таланды, ағаш кесті, түрмеде 18 жылынын өткізді.  Шахан аға соншама қиындықтардан қаймықпай, қабырғасы күйремей келіп, «Ақан сері», «Сырым серілерді» саханалады.  Ал, бұл үшін адамдаға ерен жүрек, жалынды жан толқыны  керек. Шахан аға өнерде қопаралыс жасаған адам. 18 жыл емес, 18 күн отырып көрші изолияторда? Қандай жағдайға душар болар екенсің?.  Ол кісі 18 жыл бойы басынан өткерген қайғы-қасіретін шығармашылық ізденістерден тапты. Романтик актер еді. Сахнада жанып, лапылдап, от көсеп ойнайтын актер. Сонымен қатар, көрерменмен контакты жасауда, аудиторияның  жан-дүниесін қозғауда Шахан Мусин сияқты бүкіл тұла бойымен ойнайтын әртістер қазір кем. Ол буын өтті деуге болады. Қазіргі актерлардың  көбісі сылдырақ, жылтырап сөйлейтін жаттанды жадағай сөзге құмар. Шахан Мусин – сөз азабын тартты. Өнер азабын тартты. Тағдыр азабын тартты.  Ол кісі қазақ театр өнері үшін үлкен сабақ, мектеп деуге лайықты тұлға. Тағдыр тартысы мен өнер тартысын табыстыра келіп, Шахан үлкен белеске шыға білді.  Бүгінгі жиын жай жиналып, өлген кісіні мақтай салайық деген сөз емес. Шын мәнінде, өнерде «көтерліс», «қопарлыс» жасаған қазақтың даңқты өнерпазы Шахан Мусинді жоқтау, сағыныш, іңкәрлік  кеші деп білуіміз керек.

 

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі: 

    - Мен Шахан Мусиннен өмірде де, өнерде де көп нәрсе үйрендім. Ол кісі ішкі мәдениеті жоғары, көргені көп, ақын жанды азамат еді. Біз сол кездері жастар едік, ол кісі бауырына тартып, еркелетті. Енді бүгін бір ғасыр өткен адам  туралы қайғырып айтудың керегі жоқ.  Бұл -100 жылдық той!

 Шахаң жастармен әдемі әзілдесетін. Бір-екі қызықтарын айтып берейін. Сол кезде студенттер Шаханың қалатасын ақтарып, ақшасы болса алып алушы еді. Содан ол кісі қалтасына ақша салуды қойып, жиған-тергенін галстугінің ұшына тығып қоятын болды. Бір күні үйден жасырып шыққаны болса керек, біз байқап қалып, өзіне білдірмей алып алғанымыз есімде... Содан, бір күні аға да қулыққа басты. Әдеттегідей галстуктің ұшын ақтарып жатырсақ, ішінде бір қағаз шытырлайды.  Алып шықсақ бір аққағаз екен. Содан қағазды ашып қарасақ «Ни хрина...» деп жазып қойыпты. Бұны мәдениетті түрде айтып тұрмын... Тағы бір қызық. Ол кісі жиған ақшасын үйдегі кимейтін аяқ киімінің басына тығып қойып, шетінен аздан алып жүреді екен. Бір күні үйден шығарда ақшасын тыққан туфли жоқ дейді. Содан,жары Рәбиғадан сұрайды. Ол кісі болса , ақша салынған аяқ-киімді қайыр сұрап келген бір дуанаға ұстатып  жібергенңн айтыпты ....  Сөйтіп, біраз ақша қорынан айырылғаны бар.

 Біз онысына «көңіл» айттық.

 

Рәбиға Сыздық, тілші-ғалым, академик, Ш.Мусиннің жары:

    - Біздің қазақта сонау ноғайлы заманнан келе жатқан «Өлдің, Мамай, қор болдың!» -деген сөз бар еді. Бұл елге танымал болған, елге қызмет еткен адамдардың өмірден өткеніне көп жыл өтпей-ақ, ұмыт болуын меңзейді.

Аты көп аталмай, есімі еске түспей қалатын жағдайға айтылса керек. Міне, бізде  сол сөзді айтқызбайтын жақсы дәстүр бар. Халыққа еткен қызметі, ақындығы бар, артына  қалдырған Шаханды жоқтап, 100 жылдығын тойлап жатырсыздар. Кезінде орыс ақыны Александр Блок, «біз- Ресейдің ең бір қиын кезеңінде өмір сүріп отырмыз» - деп мұңғайған екен. Ал, Шахан қазақ халқының ең қиын кезеңі емес, нағыз қасіретті жылдарында, ашаршылықта, ауыртпалық түскен кезеңде  өмір сүрді. Отызыншы жылдың басындағы аштық, отыз жетідегі қазақтың барша сүт бетіне шығатын қаймағын сыпырып алып, құртып жіберген кезеңді бастан өткерді. Қазіргі 21-23-ке келген жастар өздеріңізді Шаханның орнына қойып көріңздерші?..

 Сонда, Шахаң:  «Астық пен етің толып тұрғанда, қазақ неге аштан қырылып қалды?» – деп, хат жазады. Міне, сол сөзі үшін 23 жастағы Шахан он жылға сотталып, «Колыма» лагеріне айдалады. Содан бері де талай заман өтті...

Бүгінгі кеш- Шаханды ұлықтаумен қазақтың рухын көтертін кеш болды. Жастарды ұлтжандылыққа үндейтін нақты мысал- осы кеш болды.

Сол үшін де,  М.Әуезов  театрының ұжымына мың алғыс айтамын!

 

   Дайындаған  Әз-Жәнібек Ғалым

Abai.kz

0 пікір