Жұма, 1 Наурыз 2024
920 5 пікір 11 Желтоқсан, 2023 сағат 13:44

Бас Прокуратура: «Сатыбалды мерзімінен бұрын еркіндікке шығуға өтініш берді»

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдының бостандыққа мерзімінен ерте шығуға өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Кез келген сотталушының мерзімінен бұрын босатуға немесе жазасын жеңіл түрге ауыстыруға өтініш беруге құқығы бар. Қайрат Сатыбалды мұндай арыз берді. Оның өтініші сотта қаралатын болады. Қай уақытта екені белгісіз. Сот өтінішті қанағаттандыруға немесе бас тартуға құқылы”, – деді Әсет Шындалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Әу баста тұңғыш президенттің жиенін тұтқындау кезінде оның басқа қылмыстарға да қатысы болуы мүмкін екені айтылған-ды. Антикор сотқа дейінгі тергеуді былтыр тамыз айында аяқтады. Ведомство өкілдері «тергеу барысында мемлекетке жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден асатын немесе 500 миллион АҚШ долларынан асатын заңсыз сатып алынған активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды», деп мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Сатыбалды «салықтар мен кедендік төлемдерден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша» қосымша тергеліп жатқаны хабарланған.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 301
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 164
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 433