Жұма, 1 Наурыз 2024
1375 4 пікір 8 Желтоқсан, 2023 сағат 15:29

Өзбекстан Ресейге көмектескені үшін санкцияға ілінуі мүмкін

Өзбекстан Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясы үшін Еуроодақ салған санкциялардан айналып өту үшін қолданатын платформаға айналуы мүмкін. ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы елшісі Дэвид О’Салливан Gazeta.uz басылымына сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Дэвид О’Салливан 29-30 қараша аралығында Өзбекстанда болды. Еуропалық дипломат кейінгі сегіз айда Орталық Азияға осымен екінші мәрте келіп отыр. Бұл аймақта ол сәуірде де болған.

Кейінгі жылдары ЕО-ның Орталық Азияға экспорты едәуір ұлғайғаны байқалады. Бұл уақытта аймақ елдерінің Ресейге өнім жетізу көрсеткіші де арта түскен.

«Бұған дейін Ресеймен жасалған сауданың бағыты өзгергенін көріп отырмыз. Енді ол Қазақстан, Өзбекстан, Армения, Сербия, Түркия, БАӘ елдеріне қарай кетіп жатыр. Тауарлардың кейбір түрі осы елдер арқылы Ресейге өтіп жатқаны бізді толғандырады» дейді Дэвид О’Салливан.

Брюссель мұндай жағдай Кремльге санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп алаңдайды. Дегенмен ЕО Ташкентке Мәскеумен сауда-экономика қарым-қатынасын қысқартуды талап етпейді.

Биыл 14-15 желтоқсан аралығында өтетін саммитте Брюссель Ресейге қатысты жаңа санкцияларды мақұлдауы мүмкін. Құжат жобасында санкцияға іліккендер арасында Өзбекстанның тағы бір компаниясы – Mvizion бар.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 284
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 155
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 406