Сәрсенбі, 21 Ақпан 2024
1014 3 пікір 8 Желтоқсан, 2023 сағат 15:26

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы белгілі болды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторы қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев болды. Бұл жөнінде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жұма күнгі брифинг кезінде мәлімдеді.

Лаврентьев — Allur компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. (Аталған топ құрамында "Агромашхолдинг" және "СарыарқаАвтоПром" компаниясы бар). ArcelorMittal-ға ребрендинг жасалып, кәсіпорын басқа атауға ие болады. Кәсіпорынның жаңа атауы "Қармет" болуы ықтимал.

"Басқару құқығы оларға алдағы бір-екі күнде көшеді" деді журналистер сұрақтарына жауап берген Шарлапаев.

Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі мен АМТ арасында алғашқы келіссөз былтыр Ленин шахтасындағы апаттан кейін яғни, 2022 жылы 3 қарашада басталған. Келіссөз кезеңі 11 раундқа созылған: жетеуі 2023 жылдың қыркүйегінен кейін болған. Шарлапаевтың сөзінше, "АрселорМиттал Теміртау" активін 3,5 млрд долларға бағалаған. Алайда үкімет пен халықаралық кеңесшілер бұл бағаға келіспеген.

"Мемлекет активтер құнын $3,5 млрд-тан $286 млн-ға дейін төмендетті. Мәмілені жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен бір де бір теңге жұмсалған жоқ. Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясының алдында 4 жыл ішінде $250 млн сомасындағы қысқа мерзімді несиені және $450 млн ұзақ мерзімді несиені өтеу бойынша міндеттеме алады" деп жазылған үкімет хабарламасында.

Шарлапаев АМТ-мен келісім жөнінде "халықаралық құқық нормаларын толық сақтай отырып, құқықтық негізде жасалды" деп мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, жаңа инвестор комбинаттар мен шахталарды жаңартуға 3 млрд доллар бөлуг тиіс. Бұған қоса, ол АМТ қызметкерлерінің жалақылары мен әлеуметтік пакеттері бойынша міндеттемелерді орындауы қажет.

28 қазанға қараған түні Қарағанды маңындағы АМТ-ға қарасты Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 шахтер қаза болаған. Қайғылы оқиғадан соң Қазақстан билігі Қарағанды облысындағы шахталар мен кен орындарын "АрселлорМиттал Теміртаудан" қайтарып алатынын мәлімдеген. Ресми мәлімет бойынша, "АрселорМиттал Теміртау" нысандарында кейінгі 15 жылда 120-ден астам адам опат болған. Шахталарға 30 жыл уақыттан бері үндістандық миллиардер Лакшми Митталдың "АрселорМиттал" компаниясы иелік еткен.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1512
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1559