Жұма, 1 Наурыз 2024
Жаңалықтар 611 3 пікір 8 Желтоқсан, 2023 сағат 15:04

Жас ғалымдарды даярлаудағы дәстүрлі пән

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің магистранттарына тұлғааралық қатынас пен ұжымдық еңбекте жетекші рөл атқаратын басқарудың маңызы мен мәнін айқындап, түрлі әдіс-тәсілдерін теориялық және практикалық тұрғыдан тең талдай отырып түсіндіретін «Басқару психологиясы» атты арнаулы пән жүргізілуде.

Адам танымы мен мінез-құлқындағы көпке беймәлім қалың қатпарлар мен құпия қалтарыстардағы өзгешеліктер, тұлға болмысындағы даралық қасиет, ерекшеліктер басты зерттеу нысанына айналған психология бүгінде іргелі ғылым саласы. Ол жеке тұлғалық болмыстан бастап, тұтас қоғамдық сана мен мінез-құлықтың табиғатын танып, зерделеу ісінде біршама жетістіктерге жетті. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда адам болмысын түзеп, ішкі-сыртқы жайсыздықтардан арылу, қоғамдық келеңсіздіктерге саналы өзгеріс нәтижесінде жол бермеу  ісі мүмкін болып отыр. Ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униерситетінің магистранттарымен жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан «Басқару психологиясы» дәрісі бүгінгі ғылымдағы осы жетістіктерді жас ғалымдардың танып білуіне, игеруіне жол ашуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдарға арналған білім беру жүйесіне дәстүрлі пән ретінде енгізілген бұл дәріс қазіргі таңда психология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.С.Жұбаназарованың жетекшілігімен (лектор, семинарист) Филология факультетінің 1-курс магистранттарына өтілуде.

«Басқару психологиясы» дәрісі жас ғалымдар мен келешек жоғарғы оқу орындары мұғалімдерінің білім, білігін қатар көтеруді көздеген арнаулы пән. Сондықтан сабақ барысында теориялық біліммен қатар практикалық тәжірибе жұмысына да баса назар аударылады. Нәтижесінде, магистранттар жаңа білімдерді игеріп қана қоймай, іс жүзінде тәжірибе жүргізіп, шеберліктерін шыңдай алады.

Бұл арнаулы пән Л.А.Вайнштейн, Л.Д.Столяренко, Т.С.Кабаченко сынды ғалымдардың психологиядағы іргелі ғылыми зерттеу еңбектері мен Н.С.Ахтаеваның «Басқару психологиясы» атты арнайы оқу құралы негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, өзге де ғылыми емес психологиялық еңбектер мен тәжірибе жұмыстарының нәтижесін көрсететін жинақтар, басқа да ақпарат көздері пайдаланылады.

Жубаназарова Н.С.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Аязбаева Б.,
аға оқытушы.
Т.Қ. Ешімов,
ҚазҰУ, Филология факультеті, 1-курс магистранты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 314
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 170
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 447