Жұма, 23 Ақпан 2024
Ақмылтық 1617 3 пікір 7 Желтоқсан, 2023 сағат 13:12

Ермұрат Бапи: Ескі Қазақстан қайта күш алып келеді...

«Ескі Қазақстанның» клептократтары (билікті қолданып, мемлекеттік қаржыны ұрлаушылар) ел экономикасына қайыра қармақтарына түсіру үшін қам қылып жатыр. Осы мәселені сәрсенбінің сәтінде нақты мысалдармен Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи көтерді.

Ермұрат Бапи: «Бәрімізге белгілі, президент Қасым-Жомарт Тоқаев, жеті жылға сайланған уағындағы өзінің бағдарламасының басты бағыты әлеуметтік әділеттілік деп  осы жылдың қарашасында мәлім етті. Мемлекет басшысы бұдан бөлек өзінің президенттік парызы елден заңсыз сыртқа шыққан активдерді қайтару екендігін де мәлімдегентін. Кеше 5 желтоқсанда президентіміздің осы кең көлемді міндетті орындау үшін өкілетті орган активдерді қайтару комитетін құрған болатын.  Соңғы екі айда осы комитетттің не істеп не қойып жатқанын ешкім білмейді», - деп депутаттық сауал жолдады.

Бас прокурор Берік Асылов және активдерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдаулет Сүйіндіковтерден осы салада не істеп жатқандығын білгісі келген Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи құрамында әу баста президенттік нұсқаумен 130 штаттық қызметке алғындығын сөз ете келе, солардың қаншасы халықаралық іздестіру бойынша еңбек етіп жатқанын білгісін келетін алға тартып: «Соңғы екі айда қайтарылған әлдебір активтер бар ма? Егер бар болса, көлемі қанша? Құпия емес қызметтеріңізді жұрт алдында баспасөз конференциясы арқылы жария ете аласыздар ма?» - деп сұрау салды.

Иә, Мемлекет басшысына халық сенімінің басты тетігі Елбасизм кезінде сыртқа шыққан активтерді елге қайтару. Олар заңды түрде орала ма, әлде «ескі қазақстандықтардың» қазақ экономикасын қайыра билеп төсеуі үшін орала ма? Міне, осы мәселеге жаны ауырған депутат Бапи Бас  прокурор Берік Асылов және активдерді қайтару комитетінің төрағасы  Нұрдаулет Сүйіндіковтерді елмен ашық жауаптасуға шақырды.

Және бұрынғы президенттің қос күйеу балаларының сахна сыртындағы экономикалық айла-шарғылары төңірегіндегі қолында бар деректерін жайып салды.

Ермұрат ағамыз дұрыс мәселе көтеріп отыр: Ол ұрланған активтердің Заңды және Заңсыз оралуы. Бұған осы салаға жауапты Бас прокурор Берік Асылов және активдерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдаулет Сүйіндіковтер не дейді екен? Не қайрат қылады екен?

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1542
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1602