Сенбі, 2 Наурыз 2024
1122 5 пікір 1 Желтоқсан, 2023 сағат 17:15

Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу барысы қаралды

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа академиялық басылымның редакция алқасы мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында көптомдықты әзірлеу барысы қаралды, деп хабарлайды Kazinform.

Академиялық басылымның әр томының жетекшілері – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу жөнідегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры Меруерт Әбусейітова, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған Мемлекеттік кеңесшіні жалпыәлемдік үдерістер аясында Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері қалай жазылып жатқанынан хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерлан Қарин ғылыми іссапар барысында шетел архивтерінен табылған төл тарихымызға қатысты жаңа мұрағат құжаттары және соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулердің қорытындылары осы іргелі ғылыми еңбекке енуге тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші сапалы басылым әзірлеу үшін ғалымдардың бұл жұмысқа жауапкершілікпен қарауы, авторлар мен редакторлардың тынымсыз еңбек етуі өте маңызды екенін айтты.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 392
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 228
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 569