Сәрсенбі, 21 Ақпан 2024
1335 4 пікір 1 Желтоқсан, 2023 сағат 17:07

Түркістанда лауазымды тұлғалар қамауға алынды

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады

«Қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдіктеліп отыр», - делінген прокуратура хабарламасында.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөзі: Qaz365kz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1512
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1559