Сәрсенбі, 21 Ақпан 2024
1369 2 пікір 1 Желтоқсан, 2023 сағат 17:02

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Самат Әбіш бостандықта жүр

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ, деп хабарлады Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев.

Бұлтартпау шарасы таңдалды-жазылым жоқ. Бүгінгі күні бұл бұлтартпау шарасы қалады, бүгінгі күні оны өзгертуге негіз жоқ. Іс Бас прокуратураның арнайы прокурорларының өндірісінде тергелуде», – деді Өміралиев бейсенбіде.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жиені болған Әбіш қаңтар айындағы оқиғалардан кейін көп ұзамай ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен айырылды. Қаңтар оқиғаларына дейін ол бейресми түрде Қазақстан Президенті лауазымына басты үміткерлер қатарында аталды. Қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша Әбіш қарапайым куәгер болып өтті.

19 қыркүйекте Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары»кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1512
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1559