Сейсенбі, 5 Наурыз 2024
Алаң 1204 0 пікір 27 Қараша, 2023 сағат 14:20

Екібастұздағы апат биыл да қайталанбасына кепіл жоқ!

Кезінде табиғи монополистерге қалай болса солай берілген қуат көздері нысандары 30 жылдан бері еш жаңартусыз, тек жеңіл-желпі сылап-сипаумен былтырға дейін ымы мен жымын білдірмей келген еді.

Және КСРО-ның осы мұрасы – жарылмай қалған бомба! ТМД елдерінің жемқор шенеуініктері бір күні халықты қан қақсатады дегенді Батыстық саясаткерлер осыдан 20 жыл бұрын айтқан болатын.

КСРО жылу жүйесі мен Батыстың жылу жүйесі екі бөлек. Батыс бір орында тұрып қалмай, жылу желілерін жаңартып отырады. Бізде бәрі керісінше. Атап айтсақ, былтыр апат орын алған Екібастұздағы жылу беру желісі. Дәл қазір осы қаладағы желілердің тозу деңгейді 91%-ды құрап, қазақ елінде көш бастап отыр.

Естеріңізде болса, былтыр Екібастұзда 26-27 қарашаға қараған түні жылу электр орталығында апат орын алды. Сарқырлаған 30 градустық сары аязда 149 көпқабатты үй, 114 жеке үй, сондай-ақ 15 әлеуметтік нысан жылу мен ыстық сусыз қалғанын жақсы білеміз. Іле-шала қалаға Төтенше жағдай режимі енгізіліп, апаттың барша салдарын жою жұмыстары бірнеше айға созылған еді.

Кезінде жылу көздеріне ие болғандар Павлодар облысы бойынша еш нәрсе істемегендіктен осы аймақтағы энергетикалық нысандарының желілерінің басым бөлігі әлі де тозған күйде қалып, халықты үрей үстінде ұстауда.

Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановтан Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында жабдықтың тозуы туралы сұралды.

– Жалпы энергетикалық нысандардағы жабдықтардың тозып тұр. Дұрыс айтасыз, ол мәселемен айналысу керек. Бірақ, өкінішке қарай, кейінгі бірнеше жылда инвестиция жеткіліксіз болды. Сондықтан алдыңғы кезеңдерге жауап бере алмаймын, өзімнің жұмыс істегеніме бір жылдан енді асты. Павлодар мен Ақсу қалаларында да тозу деңгейі жоғары. Павлодарда шамамен 86%, Екібастұзда шамамен 91%. Бұл желілердің тозу деңгейі. Желілердің басым бөлігі тозған күйде, - деді әкім.

Биыл осы аймақтың жұртты қыстан апатсыз аман шықсын деп тілейік, ағайын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 946
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 646
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 1355