Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 3015 2 пікір 1 Қараша, 2023 сағат 13:59

Көңілбайдың «Amanat-ы» ақ екен...

Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын «Abai.kz» сайтына «Көңілбай Шүкеновке шүйлігіп жүргендер кім?» атты «Ашық хат» жазып, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерінің баса-көктеп кіріп, Көңілбай Шүкенов негізін қалаған «Amanat Drive» тұтыну кооперативінің үш кабинеті мен үйіне тінту жүргізгенін, соттың тінту жүргізу туралы шешімі «Amanat Drive» тұтыну кооперативін емес, «Amanat Home» кооперативін тінту туралы шығарылғанын жұртқа баяндағамыз.

Аталған «Ашық хаттың» басына «Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың назарына!» деп, ескерпе бергеміз. Ескертпе беріп қана қоймай, сол  «Ашық хатты» Бас прокурордың өзіне жолдаған болатынбыз.

Бас прокуротура ол «Ашық хатты» Астана қаласының Прокуротурасына жіберіпті.

Міне, сол «Amanat Drive» тұтыну кооперативінің үш кабинеті мен Көңілбай Қалдыбекұлының үйіне жүргізілген тінту оқиғасына байланысты Астана қаласының Прокуротурасынан арнайы жауап келді.

«Amanat Drive» тұтыну кооперативінің салымшылары мен қолдаушыларына түсінікті болу үшін сол жауаптың толық нұсқасын беруді жөн деп таптым.

***

А. Мұқибекке

Сіздің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (бұдан әрі - ЭТТД) қызметкерлерінің «AMANAT DRIVE» тұтыну кооперативінде тінту жүргізу фактісі бойынша келтірген арызыңыз қаралды.

Осы ретте, Астана қаласы бойынша ЭТТД өндірісінде «AMANAT HOME» ТК және «AMANAT HALYK» ТК қатысты ҚР ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігімен (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) тіркелген №237115031003140 сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны анықталды.

Қылмыстық іс материалдарын зерделеу барысында, 23.08.2023 жылы Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен, қылмыстық қудалау органының Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 19 үй, 1001С кеңсесі, Астана қаласы, А. Бараев көшесі, 16 үй, «А» блогы, 201 кеңсесі және Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12 үй, ВП 9 мекен-жайларында тінту жүргізу туралы қаулылары санкцияланды.

Осыған байланысты, 06.09.2023 жылы тергеу органымен көрсетілген мекен-жайларда тінту жүргізілді.

ҚР ҚПК-нің 107-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының қылмыстық қудалау органының тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.

Осыған орай, сот актісімен келіспеген жағдайда, Сіз оған Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты арқылы Астана қаласының сотына шағым келтіруге құқылы екеніңізді түсіндіремін.

Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 11-бабы 5-бөлігіне сәйкес, соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн тиiстi соттар ғана ҚПК-да көзделген тәртiппен тексере алады және қайта қарай алады.

Қала прокурорының бірінші орынбасары

Е.Бердібеков. орынд: А.Мади тел: 71-21-49

***

Көріп отырсыздар, бұл жерде «AMANAT HOME» ТК және «AMANAT HALYK» ТК қатысты ҚР ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігімен (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) тіркелген №237115031003140 сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр екен.

Ал, ол қылмыстық істің «AMANAT DRIVE» тұтыну кооперативіне ешқандай қатысы жоқ деген сөз.

Соған қарамастан, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Көңілбай Шүкеновтың кеңселері мен үйін заңсыз тінткені көрініп тұр.

Қала прокурорының бірінші орынбасары Е.Бердібековтың жауабына сай, осы тінту оқиғасына байланысты, Көңілбай Шүкенов өз  қорғап, сотқа шағымдануына құқылы екен.

Міне, жоғарыдағы Қала прокурорының бірінші орынбасары Е.Бердібековтың қолы қойылған жауапта бұл туралы: «Осыған орай, сот актісімен келіспеген жағдайда, Сіз оған Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты арқылы Астана қаласының сотына шағым келтіруге құқылы екеніңізді түсіндіремін » - деп, ашық жазылған.

Алдағы жерде Көңілбай Қалдыбекұлы сотқа жүгіне ме, жоқ па, оны Өзі біледі.

Ал, біз өз тарапымыздан «AMANAT DRIVE» тұтыну кооперативі сынды бірегей халықтық жобаның қолдаушысы ретінде өз пікірімізді айтып, Прокуротораның нақты жауабын алдық.

Тұшымды жауап алып қана қоймастан, «AMANAT DRIVE» тұтыну кооперативіне деген сеніміміз одан ары арта түсті. Сондай-ақ, оның қарсыластарының көптігіне және олардың баса көктеп, заңсыздыққа бара беретін арсыздығына да көзіміз жетті.

Мен тағы қайталап айтамын, «Amanat Drive» тұтыну кооперативі «Жаңа Қазақстанның» жаңа брендті. Аталған жоба күн емес, сағат санап жұрттың күнделікті көзайымына, жақын серігіне, арқасүйеріне айналып барады!

Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай халыққа тиімді жоба болған емес, болатын түрі де көрінбейді...

Сондықтан, оны көздің қарашығындай қорғау – бүкіл Алаш жұртының міндеті!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661