Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4759 0 пікір 30 Тамыз, 2013 сағат 10:31

Қазақты шоқындыру: Әйгерім қалай Анюта атанды

Осыдан біраз бұрын жазғанымызда «Астана және Алматы Епархиясының Свято-Сергиевск діни қауымдастығы» жанындағы жетімдер үйінің жетекшісінің заңсыз жұмысы туралы жазылған еді. Алматы облысы, Іле ауданының білім бөлімі мен құқық қорғау органдары жетімдер үйінің жетекшісі  Сафроний әкейге (суретте) қатысты  қатаң шаралар қолға ала бастағаны сол еді, ол қалай да заңсыздықтарын жалғастыру мақсатында  түрлі әрекеттерге барып, бұқаралақ ақпарат құралдары арқылы билік тұтқалары мен құқық қорғау органдарына қарсы жөнсіз мәлімдемелер жасай бастады. Балаларға қол жұмсауды күнделікті тәрбие құралының бірі ретінде қалыптастырып алған және кәмелетке толмаған қазақ балаларын шоқындырып, тағы басқа да заңсыздықтарға баруды үйреншікті нәрсе ететін жағдайға жеткен «әкей» осылайша қоғамдық пікір туғызу арқылы өзін өзі қорғауға көшті.

Десе де, оның «биліктегілер жетімхана орналасқан жерге көз тігіп отыр» деуінің жөні жоқ. Өйткені, ол жер осыдан біраз жыл бұрын Астана және Алматы Епархиясына берілген. Сондықтан, оны аталған епархия заңды тұрғыда өз мақсаттарына пайдалана алады.

Қалай болғанда да, азаматтардан діни қауымдастық жанындағы жетімдер үйінің шектен шыққан жағдайлары туралы арыз түскенше, көз алдындағы келеңсіздіктерді көрмей келген прокуратура және мемлекет атынан балалардың құқын қорғау жүктелген басқа да органдардың да өзіндік кінәсі барлығы анық. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясында «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдарына сәйкес жетімдер үйі қызметінің типтік тәртіптеріне сай ол міндетті түрде заңды тұлға болуға тиісті. Ал өзінің күмәнді жұмысын жүргізіп келе жатқанына біраз жыл болған Сафроний әкей мұны да естен шығарып, «Радонеж» корпоративтік қайырымдылық қорының Жарғысы мен Ережесіне жазылғандарды басшылыққа алған. Өз кезегінде прокурорлар тіпті аталған қордың жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды да ұмыт қалдырулары арқылы ҚР «Прокуратура туралы» заңының 7-бабындағы 2-бөлімнің талаптарын  орындамаған. Осындай жауапсыздық пен қадағалаудың жоқтығын пайдаланған Сафроний әкей Әйгерім Нұрахметованы шоқындырып, оған Анюта деген ат береді және бұл ойын жүзеге асыру барысында жасөспірімнің жақын-туыстарының келісімін де алмайды. Және тілін алмаған, балалық қызығушылықпен діни қауымдастықтың тым қатал шектеулерінің шеңберінен шығып кеткен жасөспірімдерді жазалап, қол жұмсауды басты тәрбие құралы етіп алған.

Алматы облысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576