Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4842 0 пікір 28 Тамыз, 2013 сағат 08:06

Сәкен Сыбанбай. Шарапты бүйрекке қалай құяды?

Мұндай тосын сұрақтың жауабын білгіңіз келсе, Леонид Гайдайдың әйгілі «Иван Васильевич мамандығын өзгертеді» комедиясының қазақша аудармасын көріңіз...

 

«Қазанға кірдім, ал Шпактікіне кіргенім жоқ»

Турасын айтайық, қазір бізде аудармамен кім көрінген айналысатын болды. Телеарналарға бәрібір – олар үшін тапсырыс дер кезінде орындалды, ал бұл ел аузында «50 де 50» аталып кеткен әлгі бір заң талабына сай әрекет етуге мүмкіндік береді, бітті. Оның сапасы, мазмұны, түпнұсқамен қаншалықты сәйкесетіні, туындының болмысын, кейіпкердің мінезін қаншалықты ашатыны еш ойландырмайды да. «Көтере алмас шоқпарды беліне байлағыш» белсенді аудармашысымаққа да бәрібір – уақытында аяқтады, өткізді, енді қаламақысын алса болды, басқасына бас ауыртпайды. Басы ауыратын – баяғы сол аударылған дүниені көретін байғұс көрермен ғана. Яғни, қазақ. Яғни, сіз бен біз. Өйткені, тәржіменің деңгейін тексеріп, қадағалап отырған ешкім жоқ. Әр телеарна өз білгенін істеп жатыр.

Мұндай тосын сұрақтың жауабын білгіңіз келсе, Леонид Гайдайдың әйгілі «Иван Васильевич мамандығын өзгертеді» комедиясының қазақша аудармасын көріңіз...

 

«Қазанға кірдім, ал Шпактікіне кіргенім жоқ»

Турасын айтайық, қазір бізде аудармамен кім көрінген айналысатын болды. Телеарналарға бәрібір – олар үшін тапсырыс дер кезінде орындалды, ал бұл ел аузында «50 де 50» аталып кеткен әлгі бір заң талабына сай әрекет етуге мүмкіндік береді, бітті. Оның сапасы, мазмұны, түпнұсқамен қаншалықты сәйкесетіні, туындының болмысын, кейіпкердің мінезін қаншалықты ашатыны еш ойландырмайды да. «Көтере алмас шоқпарды беліне байлағыш» белсенді аудармашысымаққа да бәрібір – уақытында аяқтады, өткізді, енді қаламақысын алса болды, басқасына бас ауыртпайды. Басы ауыратын – баяғы сол аударылған дүниені көретін байғұс көрермен ғана. Яғни, қазақ. Яғни, сіз бен біз. Өйткені, тәржіменің деңгейін тексеріп, қадағалап отырған ешкім жоқ. Әр телеарна өз білгенін істеп жатыр.

Рас, мемлекеттік арналарда бұл мәселенің дұрыс жолға қойылғаны байқалады. Мұны, әсіресе, «Қазақстанның» дубляжына байланысты айтуға болады. Сөйлемдер түпнұсқа мағынасын сақтай отырып, қазақ тілінің заңдылығына орай құрылуымен құлаққа жағады. Сондықтан да теледидардағы корей немесе түрік кейіпкерлер тура қазақша сөйлеп жатқандай әсер қалдырады. Экран етегіндегі орысша субтитрден гөрі актерлердің қазақ тіліндегі мәтінді оқуы һәм ойнауы диалогтар мазмұнына етене үйлеседі. Мұның бәрі ұлттық арнада аударма мәселесімен кәсіби команда шұғылданып жатқанын аңғартады.

Ал басқа арналар өз қалауынша тәржіме жасап, шикілі-пісілі дүниелерін эфирге тоғытып жатыр. Тілді бұлай қорлауды қалай тоқтатамыз? Біздіңше, енді аударма саласына бір орталықтан қадағалау, бақылау қажет-ақ. Телеарналардың өздерінің дубляж жасауына тыйым сала алмаспыз, бірақ олардың аудармасының сапасы үнемі назарда болуы керек.

Жақында теледидардан («КТК») даңқты режиссер Л.Гайдайдың осыдан қырық жыл бұрын түсірілген «Иван Васильевич мамандығын өзгертеді» («Иван Васильевич меняет профессию») атты комедиясы көрсетілді. Әрине, орыс тілінде. Бірақ экран етегінде қазақша субтитрі жазылып отырды. Фильмді бұрын да сан рет тамашалағандықтан, бар зейінімізбен телеэкранның төменгі жағындағы сол жазуларға үңілдік. Үңілдік те түңілдік.

Себебі, фильмде көп кездесетін, қоғамның сол кездегі тынысынан хабар беретін астарлы да уытты әңгімелер кәдімгі «сен бардың, мен келдім» кейпіндегі сылбыр сөйлемдерге айналып шыға келіпті. Күллі көрермен жатқа соғатын қызық диалогтар дұрыс аударылмаған, күлкілі де тапқыр сипаттарынан жұрдай боп тоналып, жұпыны, солғын, бейшара күйге түскен. Аударманың мұндай сиқы кімді қызықтырсын?

Мәселен, осы заманға өтіп кеткен баяғы шын патшаны «қолға түсіріп», тергеп жатқанда тәртіп сақшыларының одан «Квартиру Шпака вы брали?» («Шпактың пәтерін тонаған сіз бе?») деп сұрайтын жері бар, есіңізде шығар? Сонда патша «Казань брал, Астрахань брал, Ревель брал, а Шпака... не брал» деп жауап береді. Яғни, бұрын өз билігіне қаратқан қалаларын тізе келіп, Шпак та (бас кейіпкер Шуриктің көршісінің фамилиясы) сондай шаһарлардың бірі ме деп далбасалағаны ғой... Соны тәржімешілер «Қазанға кірдім, Астраханға кірдім, Ревельге кірдім, ал Шпактікіне кіргенім жоқ» деп аударыпты! Дұрысы – «Қазанды алдым, Астраханды, Ревельді де алдым, бірақ Шпакты... алғаным жоқ» болмай ма?..

«Что это у вас, товарищ ученый? На площадке милиция дежурит...» дейтін баукеспе ұры Милославскийдің сөзін «Бұл не, ғалым жолдас? Аулада милиция жүр...» деп тәржімелепті. Ал фильмді көріп отырсаңыз, милиция аулада емес, пәленінші қабаттағы Шурик пәтерінің есігінің алдында жүр. Яғни, бұл жерде «площадка» – «лестничкая площадка» мағынасында болып тұр. Демек, «аулада» емес, «есік алдында» деу жөн болар еді.

 

Билеушінің әмірі емес, тамаданың өтініші сияқты...

Әрі қарай кеттік. Үй ішін ұры үптеп кеткен әлгі Шпак айта беретін «дом высокой культуры и быта» деген сөйлем «тұрмыстық деңгейі жоғары үй» деп қазақшаланыпты. Сауатты тәржімесі «Мәдениеті мен тұрмысы жоғары үй» болса керек-ті. Магнитофонды «магнитті таспа» депті. Магнитті таспа деген «магнитная лента», яғни, үн (ән) жазылған таспа емес пе? «Магнитофон» сөзін сол күйі қалдырған дұрыс еді.

«Боярин» де, «князь» да – «ақсүйек» боп аударылыпты. Осыларды қазақшалаудың қажеті бар ма еді? Рас, екеуінің де «ақсүйек» деген ұғымға жақын екені анық, бірақ «бояр», «князь» деген байырғы атақ-шендер қазақша-орысша сөздіктердің бәрінде де сол күйі берілген ғой! «Великий государь» деген тіркес біресе «ұлы патша ағзам», біресе «ұлық патша ғұламам» боп жүр. «Ағзам» деген сөздің өзі «его величество», «великий» ұғымдарын береді, яғни, «ұлы» сөзімен екеуін бекер қабаттастырып, қабыстырған. Ал «ғұлама» деген сөз бұл жерде тіптен артық. Қазақы ұғым үшін «патша ағзам» мен «тақсыр иемнен» ыңғайлысын табу қиын-ақ.

«Не вели казнить!» те, «Пощадите его!» да – «Аяй көріңіз деп аударылыпты. Жарайды, бұлардың екіншісіне мұндай тәржіменің сәйкес келетініне келісейік. Ал біріншісін, әлі есімде, өзбектер баяғыда-ақ «Қасық қанымды кеше гөрдеп аударған-ды. Қазақшаға да үйлесіп тұрған секілді.

Ал ХХ ғасырдан зу етіп сонау Иван Грозный (Қаһарлы Иван) дәуіріне топ ете түсетін, сосын сырт келбетінің ұқсастығынан таққа отыруға мәжбүр болатын жалған патшаның бүкіл ел әлі күнге дейін ойын-тойда жиі айтып жүретін «Танцуют – все!» деген «үндеуін» аудармашылар «Қане, бәріңіз билеңіздер деп қана қазақшалапты. Патшаның (мейлі, ол жалған болса да) аузына лайық сөз бе осы? Билеушінің әмірі емес, тойдағы тамаданың өтініші сияқты былқ-сылқ бірдеме. Оның үстіне, аудармашыларымыз өзге тілдегі сөйлем қанша сөзден тұрса, қазақшасын да сонша сөзбен қысқа да нұсқа құруға мән бермей келеді. Біздіңше, әлгі сөздің қазақы ұғымға да, жалған патша беделіне де сайма-сай нұсқасы «Жаппайбиге болса керек.

 Дастархан басына патшайым келген кезде ішімдік әсерінен батылдана түскен жалған патшаның оған шарап ұсынатын сәті бар: «Человек, челове-ек! Официант, с бочки один раз царице!». Мұндағы «бочка» – «бөшке», яғни, шарап құйылған кеспек немесе күбі. Яғни, бұл – «патшайымға күбіден шарап құйып әкеліңдер деген бұйрық. «С бочки» деген сөзді телеарнадағы тәржімешілер «почки» деп естісе керек, «патшайымға бір бүйрек әкеліңдер деп аударыпты! Шарапты ыдысқа емес, бүйрекке құйып әкеле ме сонда?..

Күлесіз бе, жылайсыз ба – оны өзіңіз біліңіз...

«Баклажанная икра» «Кәді езбесі» делініпті. Бұл сөзді қанша қазақ түсінді екен, білмеймін. Сөздіктердің кейбірінде баклажан «баялды», енді бірінде, рас, «кәді» деп берілген екен. Бірақ басым көпшілігінде «баклажан» күйінде жүр. «Икраның» уылдырық екені рас, бірақ бұл жерде тағамның түріне қарасаңыз, уылдырыққа да, езбеге де ұқсамайды. «Баклажан икрасы» дей бергеннің еш сөкеттігі жоқ еді деген ойдамыз.

 

Бізде «қазанға сап қайнатып» тынамыз ба?

Комедияның бұдан төрт ғасыр бұрынғы Қаһарлы Иван заманын көрсететін бөлігінде жиі айтылатын «холоп» сөзін тәржімешілер «малай» деп қолданыпты («ты чей холоп?» – «сен кімнің малайысың?»). Иә, бұл ескі сөздің «жалшы, малай, басыбайлы» деген мағынасының бары рас. Бірақ бұл жердегі контекстте ол аударма сөз ұғымын дәлме-дәл беріп тұрған жоқ. Патшаның «ты чьих будешь, холоп?» деп те сұрайтын тұсы бар. Сірә, оның мұндағы мәні «сен кімнің қолшоқпарысың?» дегенге сайып тұр. Демек, «холопты» бұл жерде «сойылсоғар», «қолшоқпар», «атқосшы» деген ұғымда пайдаланған жөн еді.

Шпактың милиция шақырып болып, «жду» дейтіні бар. Соны «тосамын» дегенше, «күтем» деп аудару әлдеқайда шынайы емес пе еді? «Истеричканы» «есірік» депті. Ал ол сөз тұтас мәтінге қосылғанда аса кірікпей қалған. Калька түрінде сөзбе-сөз аударуға тырысқандықтан, сөйлемдер мүлде жасанды шыққан. Егер «Я с ней проходил сцену, истеричка!» дегенді «Олбірқойылымныңкөрінісіеді ғой, қояншық-ау сипатында келтірсе, әлдеқайда күлкілі де түсінікті шығар еді.

Ал «белая горячка» деген дерттің «қаны ағарып кетті» боп жүргеніне не дейсіз? Қайдағы «ағарған қан»? Бұл – ұстамалы елірме ауруы емес пе? «У моего мужа белая горячка, на людей кидается!» – демек, «күйеуім елірмесі ұстап, елдің есін шығарып жатырболуы керек.

Шуриктің актриса әйелі шын патшаға осы заманғы спорттық киімді киіп алуды ұсынғанда, Қаһарлы Иванның «тфу, бесовская одежда» деп жақтырмай тыжырынатыны бар емес пе? Соны біздің білгіштер... «мынадай да киім бола ма екен деп аударыпты. «Бес» – «жын-шайтан» деген сөз. Демек, қазақшасында «тфу, шайтанның шоқпыты» делінсе, ұлттық ұғыммен үндесе түспес пе еді?

«Меня терзают смутные сомнения: у Шпака магнитофон, у посла медальон...» – әлі күнге дейін ел аузынан түспей келе жатқан фильмдегі әйгілі сөйлемдердің бірі. Бұл – әй жоқ, шәй жоқ, «көңілім бір түрлі маздап сала берді» деп аударылыпты! Мағынасы сәйкеспек түгілі, жуықтаса бұйырмасын! «Көкейіме көмескі күмәнкеледі: Шпактың магнитофоны, елшініңмедальоны...» десе, мазмұндық дәлдігімен қатар көркемдік сипаты да арта түсер еді-ау...

«Иван Васильевич мамандығын өзгертеді» комедиясында жалған патшаның швед елшісін қабылдайтын тұсы бар. Елші шведше ме, немісше ме, сайрап қоя бергенде, бұл жақта князь боп жүрген баяғы баукеспе Милославскийдің «надо бы переводчика...» аудармашы болса ғой...») деген өтінішіне патша сарайының қыметшісі Феофан: «Был у нас один толмач немчий. Ему переводить, а он ни лыка не вяжет. Вот мы его в кипятке и сварили», – деп жауап береді Тілмашымыз болған. Аудар десек, тілік үрмеліп, күмілжи береді. Ақыры қазанға сап қайнатып тындық»). Сонда ұры-князьдің «Нельзя так обращаться с переводчиками» Аудармашыларды қазанға салғаны несі») дейтіні оқырманның есінде болар. Осы сөйлемді КТК-нің «тілмаштары»... «Аудармашылар да нелерің бар деп тәржімелепті!

Біздіңше, сапасыз тәржіме жасап, елге ұсынудан именбейтін, сөз қадіріне жетік қазақтың бәрінің қанын қайнататын бүгінгі заманның осындай олақ аудармашыларында «қазанға сап қайнатса» артық болмас еді...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3585