Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3403 0 пікір 23 Тамыз, 2013 сағат 11:02

Қасым Аманжолұлы. Угазаевты үйіне қоя беріпті

Суретте: Шешендердің қолынан қаза болған 29 жастағы қазақ жігіті Мадияр Еркінбекұлы Ақжолтаев. Үйлену тойына шақыру билетіне түскен суреті.

Алматы облысына қарасты Шеңгелді ауылында ұлты шешен екі азаматтың екі қазақ баласын атып кеткенін бұдан бұрын хабарлағанбыз.

 ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, адам өлтірген деген күдікпен іздеу жарияланған  В.Угазаев пен А.Агазаев қамауға алынған.  Алайда Угазаев қамаудан босатылыпты. Угазаевтың тергеуге үйнен келіп-кетіп тұруға мұрсат алғаны туралы әлеуметтік желілерде «әңгіме» болып жатыр. Расында, Угазаев «бостандыққа» шыққанға ұқсайды. Ол жайында Алматы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысымен сөйлескенін келтіре отырып, белгілі журналист Қасым Аманжолұлы https://www.facebook.com парақшасында былай деп жазды:

«Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысымен қазір ғана сөйлестім. Рас екен. Угазаевты үйіне қоя беріпті. "Тергеуге үйінен келіп кетеді" дейді...»

 Қазір Шеңгелдідегі оқиғаға байланысты «басқаның мүлкіне зиян келтіру фактісі бойынша» да тергеу жүргізілуде. Бұл тергеу, шамасы, этникалық шешендердің ауласына кіріп, шарбақтарын қиратқан, машиналарын төңкеріп тастаған кент тұрғындарына қатысты қозғалып жатса керек.

Abai.kz

0 пікір