Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4065 0 пікір 5 Тамыз, 2013 сағат 09:38

«Қазақстан-2030» - баянды бастаудың бас жоспары болды

«Қазақстан-2030» - баянды бастаудың бас жоспары болды

Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағдыланған жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.

Нәтижесінде туған жағдайлады реттеу үшін басшылар олардың тәуелді болуға мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжірбие бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тұжырымдалады.

Сонымен ағымда әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыруы келесі мүмкіндіктерді туғызады:

—   стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін бақылау;

—   жағдайдың жетегімен жүрмей, оны реттеу;

—   күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау.

Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

«Қазақстан-2030» - баянды бастаудың бас жоспары болды

Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағдыланған жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.

Нәтижесінде туған жағдайлады реттеу үшін басшылар олардың тәуелді болуға мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжірбие бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тұжырымдалады.

Сонымен ағымда әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыруы келесі мүмкіндіктерді туғызады:

—   стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін бақылау;

—   жағдайдың жетегімен жүрмей, оны реттеу;

—   күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау.

Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түскен табыстар құрайды.ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;

Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;

Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. әлемдік тәжірибе бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді.

Қазақстанның 2030 даму стратегиясы ел экономикасын қарқынды өсіруге, халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары десек те болды.

Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясы келесі стратегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді.

—   әр бес жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар;

—   ұзақ мерзімді жоспардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатымен он жылдық даму жоспары;

—   мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар бес жылдық стратегиялық жоспар;

—   1998 жылдан бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының жылдық стратегиялық жоспары.

Сонымен, даму стратегиясы төрт кезең бойынша іске асырылатын — бағдарлама құжаты:

І. 1998-2000 ж.ж. — Алғашқы, (нөлдік) кезең. Бұл кезеңде аралық мақсаттарға жету үшін және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 жылыдың ортасын, қаржы секторын реформалау — 1998 жылы, төлем дағдарысын жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау — 2000 жылдан бастап жүжеге асырылды. Осы кезеңде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылады.

ІІ. 2001-2010 ж.ж. Бес жылдық және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері: жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; еңбек — қаржы сыйымды өндірісті дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу, т.б. Екінші және үшніші: экпорттық құбырларды іске қосу,  экономикалық өсуді жеделдету,  қолайсыз демографиялық жағдайларды жою, қоғамда орта топты қалыптастыру ұсынылады.

ІІІ. 2011-2020 ж.ж.  Екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер көзделіп отыр:

—   интенсивті экономикалық өсу;

—   қуатты жалпы ағарту потенциалды құру;

—   демографиялық саясатты белсендіру;

—   инфрақұрылымды жаңарту;

—   экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу.

ІV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылым жетістіктерін кеңінен пайдаланатын өндірістерге жалпылай көшуді және экологиялық таза жан-жақты өндіріс кәсіпорындарына бет бұру, қазақстанның экспортқа шығаратын өнімдерінің түрлерін көбейтуді көздейді. Бұл кезеңде алдыңғы қатардағы әскери күш қалыптасады.

Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелсіз өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру.  Осымен қатар ұлттық бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықтың экономикалық әу-ауқатын көтеру.

Стратегияның негізгі экономикалық мақсаты — еліміздің халық шаруашылық құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден, экологиялық таза аграрлық-индустриалдық елдердің қатарына қосу.

Еліміздің 2030 жылға дейін даму стратегиясы Қазақстан Президентінің қойылған мақсаттарға жеткізетін келесідей жеті ұзақ мерзімді басымдықты іске асыру қажеттігін атап көрсетті. Ол басымдықтар төмендегідей жіктеледі:

  1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК.  Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
  2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
  3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.  Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
  4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі менмүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
  5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
  6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС. Осы шектеулі секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетін етіп дамыту.
  7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісінде адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтық өкілдері болуға қабілетті. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленгеннақты іс-қимылдарға күш-жігерді жұмылдыра отырып, осы стратегияны талдау жасауға және оны дәйекті түрде іске асруға тиіспіз.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.

Стратегия экономикалық жағынан қарағандықтан тереңірек үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы басымдықтарға келесі бөлімдерде баса назар аударамыз.

Abai.kz

 

0 пікір