Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3718 0 пікір 21 Тамыз, 2013 сағат 15:12

Шеңгелді: Жанжалға этникалық сипат беру әрекеттері негізсіз әрі шындыққа жанаспайды

Бұрынырақ хабарланғандай, а.ж. 19 тамызында Қапшағай қаласының полициясына Шеңгелді кентінің тұрғындары арасында туындаған тұрмыстық жанжал кезінде 2 адам атыс қаруынан жарақат алғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Олар шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, жараланғандардың бірі ауруханада көз жұмған. 20 тамыз күні қайтыс болған азаматты жер қойнына тапсырған соң, жерлеуге келген оның туыстары жеті үйдің терезесін сындырып, бірнеше автокөлікті зақымдап кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы тергеу-жедел іздестіру тобы құрылды. Полиция адам өлтірді деген күдікпен аталған кенттің екі тұрғынын іздестіруде. Сондай-ақ, бұзақылық және өзгенің мүлкіне зақым келтіру фактілері бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Бұл жанжалға этникалық сипат беру әрекеттерінің негізсіз әрі шындыққа жанаспайтындығын атап өткен жөн. Себебі аталған оқиғаға қатысқан екі жақтың да ішінде әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған азаматтар болған және ұрыс-керіс кенттің 2 тұрғынының өзара тұрмыстық жанжалы себебінен туындаған. Кент тұрғындары арасында зардап шеккендері жоқ.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңдылықты және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында қажетті деңгейде барлық іс-шаралар қолға алынды.

Оқиға орын алған өңірдегі жағдай тұрақты және жіті бақылауға алынған.

Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі

2013 жылғы 21 тамыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618