Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3589 0 пікір 21 Тамыз, 2013 сағат 11:26

Габала саммиті: түркілік бес ел басшылығы бас қосты

2013 жылғы 15-16 тамызда Түркі Кеңесіне мүше елдер басшыларының үшінші саммиті  Әзербайжан Республикасының Габала қаласында өтті.

Саммитте әдеттегідей түркітілді мемлекет басшылары бас қосты. Үшінші бұл саммиттің басты ерекшелігі сол, Түркі Кеңесіне мүше болмаса да, бесінші түркілік мемлекеттің ресми өкілі – Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Сапардурды Тойлыев мырза саммит жұмысына бастан аяқ қатысты.

Габбала саммитінің жұмысында бауырлас елдердің өзара экономикалық және көлік ынтымақтастығын нығайту мәселесі қаралды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуы бойынша,  түркі тілдес 6 мемлекеттің өндіретін жалпы ішкі жиынтық өнімі - 1 триллион 150 миллиард долларға жетіп отыр екен. Егер бұл қыруар өнім өзара экономикалық нарық айналымына түссе, түркі елдерінің әлеуеттері де еселеп артатыны сөзсіз.

Түркі елдерінің өзара тасымал қатынасы жылдан жылға дамып келеді. Биылғы мамыр айында Қазақстан–Түркіменстан–Иран теміржолының қазақ-түркімен бөлігі ресми түрде түйістірілді. Енді Баку–Тбилиси–Карс теміржолының тезірек іске қосылуы күтілуде. Біртұтас ынтымақ күрежолының Қазақстандағы Жезқазған-Бейнеу саласын салу қарқынмен жүргізілуде. Осы саммит отырысында Баку, Ақтау және Самсун кемежайлары арасында бауырлас қатынастар мен ынтымақ орнату жөнінде де келісім жасалды.

Саммит бірқатар гуманитарлық сала бойынша шешімдер қабылдады:

  • Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау үдерісін тездету мәселесі атап өтілді;
  • ортақ терминология құру мен ортақ терминдер сөздіктерін дайындау және ғылыми мақсаттар үшін қолданылатын әліпби жөніндегі отырыс шешімдері құпталды;
  • Түркі тарихы мен әдебиеті бойынша ортақ оқулықтар шығару және таңдамалы сабақтар ретінде білім беру мекемелерінде Кеңеске мүше мемлекеттердің тілдерін оқыту мақұлданды;
  • ·        тиісті министрліктер мен мемлекеттік мекемелерге Түркі университетаралық Одақ мақсаттарын іске асыру тапсырылды т.т.

Саммит жұмысының аясында, Түркі академиясы өз жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Академиясы өзінің «Түркі тәрбиесі» антологиясы мен «Түркі дүниесі» альманахының биылғы санын таныстырып, саммит назарына халықаралық «Алтаистика және түркология» журналының кезекті санын ұсынды.  Аталмыш ғылыми басылымдарға саммитке қатысқан ел басшылары оң бағасын берді.

Түркітілдес халықтардың ұлы жазушысы, қырғыз халқының перзенті Шыңғыс Айтматовтың туылғанының 85 жылдығы мерейтойы құрметіне орай 2013 жылы «Шыңғыс Айтматов және оның Ыстық-көл форумы» атты халықаралық конгресін өткізу мақұлданды.

Таяу уақытта бірінші Түркі универсиадасы өтуіне байланысты, саммит аясында аталмыш айтулы спорт шарасына қарқынды әзірлікті бастауға қатысты тапсырмалар жүктелді. 

Аталмыш саммитте Түркі кеңесінің төрағалығы Қырғыз елінен Әзірбайжанға тапсырылды.

Түркі саммитінің барысында Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы саналатын ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрылғанына 20 жыл толуына орай Түркі кеңесінің ІІІ Саммитінде мемлекет басшылары ТҮРКСОЙ-дың қызметіне жоғары баға беріп, ерекше маңызын атап өтті.  Жиын соңында ТҮРКСОЙ басшысы Д.Қасейінов түркі елдері басшылары мен Түркі кеңесінің Бас хатшысы Х.Акынжыға бірлікті бейнелейтін арнайы сыйлықтар тарту етті.

Кезекті түркі саммитінің қорытындысы бойынша Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің үшінші саммитінің декларациясы қабылданды.

Сондай-ақ Түркі Кеңесінің құрылғаннан бергі қызметіне саммит қатысушылары тарапынан ризашылық білдіріліп, Кеңестің кәзіргі  бас хатшысы Халел Ақынжы мырзаның құзыреті келесі мерзімге ұзартылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3520