Бейсенбі, 30 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3259 0 пікір 21 Тамыз, 2013 сағат 10:59

Бар үмітім, атамекен қасиетті қазақ елінің атқа мінер азаматарында!

Мен, Мұрат Ақатайұлы – Қытай Халық Республикасының, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағының Алтай қалалық 3-ші орта мектебінде дене тәрбие оқытушысы болып жұмыс атқарамын. Қытайда, халықаралық қысқы спорт түрінің жеті түрінен (тіктен ирек салып түсу, таушаңғымен ұзаққа жүгіру, коньки тебу, ұзаққа жүгіру, ат шана айдау, байырғы қазақы шаңғымен ұзаққа сырғанау, байырғы қазақы садақ ату) ұласпалы ерекше Гиннес рекортын жаңартқан кәсіби мамандық атағым бар.

Бүкіл ғұмырымды спортықа арнап келемін. 2010 жылы тұңғыш рет ата-жұртым қазақ еліне келіп, спорт саласындағы бірқанша ел ағаларымен жүздесіп, көңіл толарлықтай қолдау алып қайттым, ал быйыл 2013 жылы тамыз айында екінші рет ұлт намысын арқалап тағы да ат басын ата-жұртқа бұрдым. Үміт пен арман тілектерімді де ала келдім.

Құрметті ел ағалары! Төменде Сіздерге қояр талаптарым:

  1. Халықаралық спорт мамандарының, тарихшылардың, архалогия мамандарының ұзын уақыттық ізденістерінің нәтижесінде – Қытайдағы, Алтай тау сілемі өңірінде, шамамен 10 мың жылдың алды-артында жылқы терісінен қапталған қаршаңғының барлыққа келгендігі анықталыды. Сөйтіп 2007 жылы Халықаралық Гиннес бас штабы жағынан «Гиннес еңдері» гуанамасы Алтай қаласына табыс етілді. Осы қаршаңғының моңғол, қазақ ұлттарының қайсысына тәуелді екендігі жоғарыдағыдай кәсіби мамандардың тағы да тынбай зерттеуінің арқасында Шыңжаң өлкелік үкіметі жағынан «Қазақ ұлтының байырғы тарихи мұралары» қатарына енгізілді, сөйтіп жылқы терісінен қапталған осы байырғы қаршаңғымызды тікелей еншіледік. Осы қуанышты хабармен күллі қазақ жұртынан сүйінші сұрай келген жайымда – бар.
  2. Қытай, әр жылдың қысқы, сентябрь айының 16 күнін, Алтай қаласында, осы байырғы жылқы терісінен қапталған қазақы қаршаңғы жарысын өткізу күні етіп белгілеген. Сонымен осы мезгілде жалпы беттік байырғы қазақ шаңғысынан дабыралы жарыс өтіп тұрады. Әрі мектептерде дене тәрбие сабағының бір мазмұны ретінде тіркелген.
  3. Ата-бабаларымыздың бүгінгі ұрпақтарға қалдырған қасиетті қазынасын жоғалтып алмай, ұлы табиғат сыйлаған сыйын қадірлеп, ұлт сапасын көтеріп, әлемдегі озық ұлттармен тең тұру үшін, қазақ елі қазақтары, қытай қазақтары, моңғолия қазақтарының бірлескен «Дүние қазақтарының байырғы қазақы қаршаңғы қоғамдық қорын» немесе ұйымын құрсақ. Бұған бас алқа қазақ елі болып біз қосымша қызымет атқарсақ.
  4. Осы қазақы қаршаңғымызды, әрі басқа да қаршыңғы түрлерін, Қытай, Қазақ екі ел ортасында және әлемдік спортшылармен бірлесе отырып, өзара тәжірбие алмастыру, дамыту, достық жарыстарын өткізіп отырсақ.
  5. Шығыс Қазақстан облысы, Алтай тау сілемінің жалғасы болып, осы өңірде, Қазақтың байырғы қаршаңғысын дамыту программасын құрып және басқа да таушаңғы алаңдарын ашуға лайықты орын даярлау жұмысын қолға алсаңыздар. Менің арнаулы тәрбиелеп жатқан 20-дан аса спортшы жеткіншектерім бар. Әр жылғы жарыс нәтижелері қуантарлықтай. Өкімет жағынан қаржылай көмек жетіспейді, шаңғы жасау, ремонттау, жаттығу жақтары қыруар қаржыны қажет етеді. Сондықтан да сіздермен сәйкесе отырып, осы Шығыс Қазақстанның Катонқарағай сияқты таулы өңірінен таушаңғы алаңын құрып, оны ортақ пайдалануға мүмкіндік жаратсаңыздар, әрі Қытайдағы спортқа әуестенетін қазақ жастарын, Қазақ елінің жоғарғы оқу орындары мен түрлі спорт мектептерінде кәсіби білім алып тәрбиеленуіне көмектессеңіздер.
  6. Осы байырғы қазақы қаршаңғымызды әлем қазақтарының ортақ мұрасы ретінде қарап, оны ең алдымен қазақтар тұрған мемлекеттерде үгіттеп, жалпыластырып, сосын әлемге әйгілеуді мақсат тұтқан үгіт-насихат қызметтерін алып барсақ.

Құрметпен:

Қытайдан – Мұрат Ақатайұлы

18.08.2013 жыл

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2418
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2739
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 3179
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1813