Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5906 0 пікір 20 Тамыз, 2013 сағат 08:20

Әлима - Әнуар Боранбаевтың немересі

Осы тамыз айының соңғы аптасында Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Боранбаеваның некесі қиылып, ұлан-асыр той болмақ. Екі жастың шаңырақ көтеру рәсімі Іле Алатауының баурайындағы «Royal Tulip» мейраманханасында атап өтілетін көрінеді. Әңгіме әрине назарбаевтар отбасына жақын адамдардың аузынан шығып отыр. Неке қияр салтынан соң тойдың беташар сөзі Алматыға іссапар жөнімен келетін Нұрсұлтан Әбішұлына тиеді. Ол кісіден кейін Айсұлтанның нағашы әжесі Сара Алпысқызы да жас отбасыға арнаған ақ тілегін ақтармақ.

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаеваның кіші ұлы. Ол ілгеріде нағашы атасының фамилиясына ауысқан. Өз әкесі Рахат Әлиев қазір «Шоразев» деген фамилия алып Австрияда тұрады. ҚР Қылмыстық істер кодексі бойынша сырттай 40 жылдан астам уақытқа жазаға кесілген. Бірақ осы күндері Шоразевті елге қайтару мәселесі де, өзгесі де аса көп айтыла бермейтін әңгіме. Ал, Айсұлтанның болашақ жары - Әлима Боранбаева болса да осал емес  – Лондондағы Картолд университетінің студенті. Әкесі Қайрат  Боранбаев "ҚазРосГаз" қазақ-ресей ортақ кәсіпорнының жетекшісі. Бәрінен де қымбаты біз үшін Әлиманың атасы болып тұр. «31-телеарнаның» хабарлауына сүйенсек, Әлима әйгілі актер Әнуар Боранбаевтың немересі екен!

Кино мен театр өнерінде өшпес із қалдырған дарын иесі Әнуар Боранбаев өмірінің соңын таршылықпен өткеріп еді. Жол апатына ұшырап, балдаққа сүйеніп қалды. Қайран Әнекеңнің сондағы халіне жанұшырып қазақ баспасөзі қаражат жинап берудің қамын жасап шырқырағанымен құлақ асқан жан ол тұста табылмаған. Әйткенменде, еркеудесін ешкімнің алдына жығып салмаған Боранбаев маңғаз, сырбаз қалпынан аумай бақиға аттанған-ды. Енді міне, сол Әнекеңнің немересі еліміздегі ең үлкен, ең әлеуетті әулеттің келіні атанып, босаға аттап жатыр. Бағы жансын!

Masa.kz 

0 пікір