Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5596 0 пікір 19 Тамыз, 2013 сағат 12:53

Қазақ режиссурасының тұңғышы

Аймауытовтың сан салалы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі – оның драматургиясы. Ол – қазақ әдебиетінде төңкеріс жылдары туған осы жанрдың көшбастаушыларының бірі. Сонымен бірге, ол қазақтың театр өнерінің бастауында тұрды. Қазақстанда алғашқы кәсіпқойлық ойын-сауық үйірмелерін ұйымдастырып, өзі жазған пьесаларына өзі режиссерлік етіп, сахнаға шығарды. Ол 1914 жылы Абайдың қайтыс болуының он жылдығына арналған Семейде өткен кеште өнер көрсетеді. 1915 жылы сол қалада «Біржан мен Сара» спектаклін сахнаға лайықтап қойып, өзі Біржаннның рөлін сомдайды. Жиырмасыншы жылдары Семейде «Ес-Аймақ» деген театр труппасы ұйымдасқанда да Ж.Аймауытов соның басы- қасында болған.

Драматургтің алғашқы пьесала­ры «Рәбиға», «Жебір болыс» (кейін «Мансапқорлар» болып жөнделген), «Қанапия – Шәрбану», 1916-1917 жыл­дары жазылған. Олар қолжазба кү­йінде тарап, көркөмөнер үйірме­лерінің сахналарында қойылады. Кейіннен қаламгер «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Шернияз» туындыларын жазған.

Аймауытовтың сан салалы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі – оның драматургиясы. Ол – қазақ әдебиетінде төңкеріс жылдары туған осы жанрдың көшбастаушыларының бірі. Сонымен бірге, ол қазақтың театр өнерінің бастауында тұрды. Қазақстанда алғашқы кәсіпқойлық ойын-сауық үйірмелерін ұйымдастырып, өзі жазған пьесаларына өзі режиссерлік етіп, сахнаға шығарды. Ол 1914 жылы Абайдың қайтыс болуының он жылдығына арналған Семейде өткен кеште өнер көрсетеді. 1915 жылы сол қалада «Біржан мен Сара» спектаклін сахнаға лайықтап қойып, өзі Біржаннның рөлін сомдайды. Жиырмасыншы жылдары Семейде «Ес-Аймақ» деген театр труппасы ұйымдасқанда да Ж.Аймауытов соның басы- қасында болған.

Драматургтің алғашқы пьесала­ры «Рәбиға», «Жебір болыс» (кейін «Мансапқорлар» болып жөнделген), «Қанапия – Шәрбану», 1916-1917 жыл­дары жазылған. Олар қолжазба кү­йінде тарап, көркөмөнер үйірме­лерінің сахналарында қойылады. Кейіннен қаламгер «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Шернияз» туындыларын жазған.
Ж.Аймауытов өз дәуірінің өзекті мәселелерін дөп басып жазатын драматург. Оның әрбір көркем туындыларында сан түрлі оқиғалар мен мінездер ашылады. «Мансап­қор­лар» пьесасында болыстыққа, би­лікке, яғни мансапқа таласып, ағайын­дылар арасындағы ұрыс-ке­рісті суреттесе, «Қанапия – Шәр­ба­ну» шығармасында әйел теңсіздігін тіл­ге тиек еткен. Сондай-ақ, «Ел қор­ға­ны» туындысында тарихымыз­дың дүбірлі кезеңі, ақтар мен қы­зыл­дар тартысын дәріптесе, «Сылаң қыз» ко­медиясында адам бойын­дағы са­раңдық сияқты келеңсіз қасиет­терді әжуалаған. Байқап отыр­ғаны­мыз­дай, оның барлық пьесаларына ортақ бай мен кедей арасындағы теңсіздік, әйел тең­сіздігі, адам ба­ла­сының кереғар іс-әрекеттерін, на­дандық, қараң­ғылық, қазақ ара­сындағы араздық, дау-дамай, т.с.с. мәселелерді қам­тиды. Қаламгердің пьесалары, негі­зінен, өз дәуірінің ең маңызды әлеуметтік мәселелерін көтеруге, сахна арқылы заманауи идеяларды таратуға арналады. Ол феодалдық-патриархалдық салтты, мешеулікті сынап, бейнелей отырып, елді оқу­ға, өнер-білім жолына үндейді. Әйелдердің бас бостанды­ғын, халық­тың азаттығын, теңдігін қор­ғайды.
Жалпы, Ж.Аймауытовтың режиссурасымен қазақ топыра­ғын­дағы тұңғыш спектакль Семейде 1915 жы­лы, 13 ақпанда қойыл­ғанын та­ғы да бір мәрте айта кету керек. Сах­на­ға қоятын пьеса бол­маған­дық­тан, мұғалімдер семи­нариясы­ның студенті Ж.Аймауытов әйгілі “Біржан – Сара” айты­сының Қазан­да басылған нұсқасын сахнаға бе­йім­деді. Ұлт­тық топырақта көркем­дік та­лап­қа толық жауап берген тұң­­ғыш спектакльдің қойылуы ерек­ше мәдени-рухани құбылыс. Бұл – ұлттық сахна өнерінің туған кү­ні.
Әрине, спектакль көру мүм­кін­дігіне ие болмағандықтан біз Ба­ғыбек Құндақбайұлының «Қоюшы Ж.Аймауытов режиссерге қажет көркемдік қиялға сүйеніп, тамаша шығармашылық ізденіске барған. Ол спектакльді көркемдеуді семи­нарияның үшінші курс студенті М.Әуезовке тапсырған. Орындаушылар өз кейіпкерлерінің сыртқы кескін-келбеті мен әрекетінің жанды суретін тауып, бейнені толық ашатын басты құрал – сөзге өте ұқып­ты қараған. Сөз астарына ден­деу, мән-мағынасын ашу – қойы­лым­ның басты шарты. Әлгі мақа­ла­да Сара рөлінде ойнаған Тұрар Қо­зыбағарова туралы: “…Сөзінің анық­тығы, дауысының мінсіздігі жұрт­тың ықыласын өзіне магниттей тартты”, – деп қандай керемет ай­­­тылған! Бұл сол кезең түгіл, бү­гінгі актерлеріміздің әлі толық мең­гере алмай келе жатқан мәсе­лесі ғой» деген ойына сүйене оты­рып, Біржанның сахналық бей­не­сін жасап, режиссерлік жұмысын жүр­гізген Жүсіпбек Аймауытовтың еңбегі жоғары бағаланған. Жоға­рыда айтылған мақаладағы қойы­лым­ның сахналық сипатын қай жа­ғынан алып қарасаң да режис­сер­дің сауаттылығы, өнердің өзіндік табиғатын молынан танитыны көз­ге ұрып тұр.
Ж.Аймауытовтың драматургия мен театрдағы шығармашылығын зерт­теуге өмірінің төрттен бір ши­регін арнаған белгілі театр сыншы­сы Бағыбек Құндақбайұлына ерекше ықылас танытуымыз керек. Сын­шының айтуынша, мұндай ұла­ғат­ты адамның өмірдегі және өнер­дегі жолын, соның ішінде театр өне­рімен байланысын зерттеуге ой сал­ған әрі зор ықпалын тигізген қа­зақтың ұлы жазушысы М.Әуезов. Өнер қайраткерінің цензураны ай­налып өтіп, тиіп-қашып жазған­да­рын кеңес тұсында саяси қатеге санап: «Алашорда идеясын театр өнерінде насихаттағаны үшін» деп Ор­талық Комитеттің сөгісіне ұшы­ра­ғаны тағы бар. Алайда, қаншама қиын­шылықтарға төтеп бере отырып, жазған бұл еңбегі алдағы буын­ға, яғни мына біздей жастарға баға жетпес құндылыққа айналып отыр.
Ж.Аймауытовтың әдебиет сала­сындағы өзіндік қолтаңбасы бар­шамызға мәлім. Жазушының дра­малық шығармаларының да қазақ драматургиясынан алатын орны ерекше. Атап айтқанда : «Біржан – Сара», «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия – Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз», «Сылаң қыз» пьесалары ерекше бір шеберлікпен жазылып, сонымен қатар, жоғары деңгейде автор-режиссердің сахналауымен қойылып, көрерменнің үлкен ықы­ла­сын иеленген болатын. Сол се­беп­­ті де өнер иесінің драматургия мен театрдағы туындыларының шоқтығының биіктігіне, режиссердің сынаптай сырғыған талантына еш күмән келтірмеңіз. Оның шеберлігін М.Әуезовтің “Театрды қызықтап, өзімізше оқып-үйреніп жүрген ша­ғы­мызда бәріміздің табынып, ұстаз тұтқанымыз – Жүсіпбек болатын. Және төрт-бес жас үлкендігіне қа­рай өнерге бәрімізден бұрын араласты. Сөзге шешен, орысшаға да жүйрік, көп оқып, көп білетін. Оның үстіне домбыраны шебер тартып, әдемі әншілігімен де оқшау еді, пьеса қоюда режиссураны да әдемі меңгерді” деген сөздері айқын­дай түспек.
Мақала мазмұнын зерделесек, Ж.Аймауытов бастаған талантты жастар спектакльді мәдени сауатты қойғанын аңғару қиын емес. Сах­на өнерінің ол кездегі сәбилігіне қарамастан, қойылымның көкейге қонымдылығы, сахналық келісті көркемделуі мен орындалу мәде­ние­ті жағынан шынайы шыққаны осы үзіндіден көрініп тұр.
Жасынан зерек, білім мен өнер­ге құштар, алаштың дархан дарынды азаматының осылай еуропалық үлгіде спектакль қоюы – ұлттық сах­на өнерінің бас­тамасы. Біз енді қа­зақ театры­ның тарихын 1926 жыл­дан емес, 1915 жылдан бас­тағанымыз жөн. Тарихи да, ғылыми да шындық осы.

Бердікей Мұқаш,
Т.Жүргенов атындағы
Қазақ Ұлттық өнер академиясының
4-курс студенті

0 пікір