Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3196 0 пікір 19 Тамыз, 2013 сағат 11:11

Александр Лукашенко: Кедендік одақ кері кетіп барады...

Орыс баспасөзі «Батька» деп «бағасын асырмақ» болып, келеке-мазақ етіп жүретін Белоруссия басшысы Александр Лукашенко Кедендік одақтың кері кетіп бара жатқанын айтып жарияға жар салуда. Ол ел астанасы  Минскде өткен баспасөз мәслихатында «Ресей Беларуссияны алдарқатып бағуда» деп салды. «Әуел десеңіз, - дейді Лукашенко, - Беларуссия өндіретін тауарларды Ресей нарығына жібермеу туралы бұйрық та бар».

 Белоруссия Кедендік одақтан бас тартуы мүмкін бе? Жоқ, әзірге Президент Лукашенко Кедендік одақтан еш қауіп-қатер сезінбейтінін, қорықпайтынын да қадап айтып отыр.

- «Бізді келіп Ресей тұншықтырып тастайды, біздің нарығымызды жаулап алады» деп біз қорықпаймыз, - деді ол баспасөз өкілдерімен әңгіме барысында.  Егер Кедендік одақ барлық елдердегі экономикалық одақтардың шарттары бойынша жұмыс істесе, тегі жаман болмас еді. Үш мемлекет құрып отырған Кедендік одақ та үлкен кеңістік   - 170 миллион халық. Бірақ тараптардың ешқайсысында тауарларды шектеу, қолдан қамал жасау деген болмауы керек. Анығын айтқанда, Ресей Белоруссияның Ресей мен Қазақстан нарығында жұмыс жасауына Мәскеу қарсылық етпеуі тіиіс.

 «Ал, қазір, - деп сөзін нақтылай түсті ол, - Ресей Белорус тауарларының орыс нарығына өтуіне кедерге жасап бағуда».

2009 жылдары Кедендік одақтың қарсаңында Белорус пен Ресей арасында «Молочная война», яғни «Сүт соғысы» деген «қақтығыс» болған. Сол кезде Ресей жағының мамандары Кедендік одаққа кіріп үлгермеген Белоруссияны орынсыз айыптап, «белорустар өнідіретін сүт өнімдері стандартқа сай емес» деген сөзді көңірсіткен. Әлгі сөз құлағына тиісімен «Батька» айқайға басып отырып Кедендік одаққа байланысты ресми Минскнің талабын күшейте түскен еді. Астана болса, одақтың мүшесі болуға асыққан. Міне, екі-үш жылдың жүзіне таяды,  Қазақстанның кәсіпкерлері өздері иелік ете бастаған төл нарығынан айрылып қалып жатқанын зарлап айтумен жүр. Кедендік одаққа дейін қазақ шаруаларының қолынан «ет, май жеп» келген орыстар қазір «қазақтарда арнайы қасапхана жоқ», «малынан аусыл шықты», «бақша дақылдары уға суарылған» деп қазақтан тіпті ауылшаруашылығы өнімдерін де сатып алмай отыр. Оны айтасыз, "Рошенге" тиым салмаған Қазақстанға Ресей қысым көрсетуді бастады. Ендігі олар өз нарығындағы Қазақстан өнімімен күресуде. "Қойған талапты орындамасаң өзіңнен көр!" деген қоқан-лоқысы болар. Осыдан кейін қайдағы "тең дәрежелі одақ" туралы айтуға болады?! Бүгін Лукашенко ерледі. Одақтың тең емес екенін, Ресейдің үстемдігін бетіне басып айтты. 

Abai.kz

0 пікір