Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3705 0 пікір 16 Тамыз, 2013 сағат 08:06

Ілесбек Байжанов. Тәуекел ханның «жалғызы»

Тәуекел Ханның заманында Ел астанасы Самарқан шаһары болған.
Мұхаммед Шайбани хан Қызылбастардың қолынан қаза тауып, дүниеден озғаннан соң бұрын екіге бөлініп кеткен Қазақ тайпалары қайта бірігіп, Алты Алаштан тарағандар мен Қызылбастар арасы «Қанды кекке» ұласып, екі арадағы қантөгіс соғыс тоқтамайды. Қызылбастардың Шарақ деген Баһадүрі Маруанақырдың айналасын шулатып, қантөгіске айналдырады.
Хан Тәуекелдің бір қорқатыны, өте қауіптенетін дұшпаны осы Шарақ Баһадүр екен. Шарақтан қорқатын себебі, бұл Баһадүр исі мұсылман елдеріне аты шыққан және өзін: «Мұхаммед пайғамбардың жиенінен тараған ұрпақпын!» - деп жар салады екен. Тәуекел Хан Мұхаммед (Ғ.С.) жиені болған ұрпаққа қарсы шығуға: «Дінбасылар мен исі мұсылман халықтарының наласына қаламын ба?» - деп, қорқады екен.
Ақыр соңы соғыс Қазақ жеріне қарай ойысады. Қызылбастар мен Қазақтар арасындағы Мұрынқарақ тауына жақын жердегі кезекті бір майдан алдында екі елдің Қолбасылары: «Жаппай қырғын жасағанша, Қолбасылар жекпе – жекке шығайық, жеңген жақтың әскері ұрыссыз беріледі!» - деген тоқтамға келеді. Қазақтан Тәуекел Ханның «Жалғызы» Әз Ғараб Алатау Батыр мен Қызылбастың Шарақ Баһадурі майдан алаңына ат ойнатып шығады. Бірінші сөз бастаған Шарақ Баһадүр:

- Ұрысты біздің Елдің дәстүрімен өткіземіз! Қазақ халқы қонағын сыйлаған, бірінші жолды берген. Маған кезекті бересің! Қаруды бірінші сілтеймін! Бірақ қарсы алдыңнан шабуға дәтім барар емес. Адамзаттың реңдісі екенсің! Ат құйрығын желкеңнен салдым! – деп, Шарық Баһадүр семсерін Алатаудың қарақұсынан сілтейді. Алайда оның сілтеген семсері дулығадан өтпей ортасынан қақ бөлінеді. Алатаудың дулығасы «Зұлмарт» құймасынан жасалған еді. Ендігі кезек Алатауға келгенде, оның қақ маңдайдан қатты шапқаны соншалықты, Қызылбастың басын қақ айырып, қылышы қазан толардан асып, сегізкөзін екіге бөліп барып тоқтайды. Шарықтың аты оның айқасқан екі білегімен қақ бөлінген денесін салақтатып, Қызылбастардың қолына апарып қосылады. Алатау Батыр қылышын сілтегенде, Шарық Баһадүр екі білегін айқастырып қалған екен. Осы жекпе – жектің аяғы Қызылбастардың ұрыссыз берілуімен аяқталады.
Әз Ғараб Алатау Батырдың осы ерлігін шайырлар:
- Еліңе шақырылмаған қонақ келді!
Ырысыңды тепкілеп талап келді!
Әз Ғараб Алатаудың қайратын – ай!
Шарақты қақ маңдайдан салған кезде,
Қазан толарын ақтарып
Сегіз көзін айырып, екі - ақ бөлді!
Салақтап екі айырылған денесімен,
Қызылбастың қалды айқасқан қос білегі! - деп жырлапты.

Түсіндірме

Дешті Қыпшақ Елі екіге бөлініп, Шайбан тұқымы Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани Хан түстіктегі Маруанақырды басып алып, Әмір Темір Көрегеннің шашырап кеткен ұрпақтарының иеліктерін тоз – тоз етеді. Бірнеше жылдың ішінде Орта Азияның ұлан – ғайыр жерлерін басып, талай елді бағындырады. Ақырында Иран шахымен жекпе – жекте қаза табады. Тарихта Иран шахы бұл ержүрек Ханның басынан шарап ішетін ыдыс істеткен деген деректер де бар. Тарихтың мұндай бұралаңы Дешті Қыпшақ Елінің қайта бірігіп, ортақ жау Қызылбастарға қарсы болған соғыс бұрынғыдан да өршіп кетеді. Осындай алмағайып майданның бірінде Алатау Батыр жекпе – жекте Қызылбастардың Бас Баһадүрін өлтірген соң ғана екі арада келісім – шартқа келуге жағдай туады. Бұл кездері Қазақтың Текті Маруанақыра Биі Ескендір Мұңшы бастаған Ұлы Билер мен алымдар жаңа заман талабына сай Ұлы Дала заңы «Жеті Жарғыны» жазып, талқылап біткен еді.
Осы соғыстан кейін екі жақ келісімге келіп, ұзаққа созылған «Қанды кек» тоқтайды. Ұлы Тәуекел Ханның басшылығымен алыс – жақындағы Қытай, Ресей, Иран, Мысыр, Қазан, Қырым және басқа да елдерден елшілер шақырылып, Алты Алаштың Ұлы Құрылтай жиынында «Жеті Жарғы» заңы қабылданып, оны басқа елдерге де мойындатады. Бірақ бұл жиынға шығыста жатқан ойрат, торғауыттар елі шақырылмай, мұның арты жаңа соғыстың тұтануына себепші болады.
«Жалғызы» - деп, Қазақ хандарының Бас Батырларын айтқан. «Зұлмарт» - деп, аса берік, болат құйма темірдің асылын айтқан.
«Жеті Жарғы» - заңына дейін, Ұлы Далада Амур Зәбур Дария патша дәуірінде қабылданған «Жасақ» - заңы қолданыста болған. Бұл Ұлы Дала заңын Еділ патша да, Күлтегін де, Қарахан патшалар мен Шыңғысхан, Әмір Темір Көреген, Айқарақ Керей Хандар да өзгертпеген.
«Мұрынқарақ» тауы – бұл тарихи жер Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Отырар аудандарының қиылысында, Сырдария өзенінің сол жағалауынан ары жыңғылды, тораңғылды тоғайлы жерде орналасқан. Айналасы құмшауытты болған бұл стратегиялық биіктен совет үкіметі кезінде, мүмкін Алатау Батыр мен Қазақтың Тектілері жерленген киелі жерді жою мақсатында болар, құрылысқа деп, ұзақ жылдар үлкен – үлкен жайын тастар алынып келген.
Мұхаммед Шайбани Ханның «Байрақты Ту» тіккен Ордасы Арыс ауданыны жерінде, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Байырқұм елді мекенінде орналасқан. Қазір бұл жер «Байырқұм төбе» - деп аталады.

Abai.kz

0 пікір