Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2995 0 пікір 14 Тамыз, 2013 сағат 13:26

Ұлтшылдар Құрылтайына қос пікір

Күні кеше Ғабиден Жәкей, Мақсат Ілиясұлы, Болатбек Біләл бастаған азаматтар «Ұлтшыл қазақтар, бірігіңдер!» деп ұран тастап, қазақн айында ұлтшыл қазақтар құрылтайын өткізгелі отырғандарын айтып мәлімдеме жасаған еді (http://old.abai.kz/content/kyryltai-yltshyl-kazaktar-biriginder).

Құрылтайға қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Біз төменде тәуелсіз саясаткер Әміржан Қосанов пен тәуелсіз журналист Қасым Аманжолұлының пікірін беріп отырмыз.

 

 

http://old.abai.kz/sites/default/files/8x4trkvyi0f64wujxfwt.jpeg

Күні кеше Ғабиден Жәкей, Мақсат Ілиясұлы, Болатбек Біләл бастаған азаматтар «Ұлтшыл қазақтар, бірігіңдер!» деп ұран тастап, қазақн айында ұлтшыл қазақтар құрылтайын өткізгелі отырғандарын айтып мәлімдеме жасаған еді (http://old.abai.kz/content/kyryltai-yltshyl-kazaktar-biriginder).

Құрылтайға қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Біз төменде тәуелсіз саясаткер Әміржан Қосанов пен тәуелсіз журналист Қасым Аманжолұлының пікірін беріп отырмыз.

 

 

http://old.abai.kz/sites/default/files/8x4trkvyi0f64wujxfwt.jpeg

Әміржан Қосанов:
Ғабиден, Мақсат, Болатбек бауырларымыз ұлтшыл күштерді бірігу жөніндегі құрылтай өткізу туралы ұран тастапты.
1. Мен бірігудің кез келген формуласы мен формасын қолдап келе жатқан қазақпын. Сондықтан бұл идеяны да қолдаймын!
2. Меніңше, бірігу нақты идея мен оны жүзеге асырудың жолдары анықталған нақты құжат негізінде болуы тиіс. Мүмкін, Құрылтай алдында жұмыс тобын қүрып, сол жобаларды жер-жерде, оның ішінде әлеуметтік желілерде, талқылап, сондай мықты, піскен құжатты құрылтайға ұсыну керек болар.
3. Өз басым 15 жыл бойына атсалысып келе жатқан "Бірігу" идеясы ылғи да бір кедергіге кезігіп келеді. Ол "кім басшы болады?" деген сауал. Меніңше, осы пәле-сауалдан құтылу үшін, алғашқы кезеңге ұжымдық басшылық керек. Оны да ойластыру қажет. Және де ұлттық идеяны қолдап жүрген барша белсенді азаматтарды, топқа не біреудің біреуге реніш не өкпесіне қарамай, мүмкіншілігінше түгел қатыстыру қажет.
4. Қаржыландыру мәселесі де маңызды. Билікке не белгілі бір жеке қаржылық топқа телініп қалу келешекте субъективизмге, тактикалық қиындықтарға алып келеді. Сол жағын да анықтап алу керек.
5. Қаржы жұмсалып, жиын өтетін болса, оның Қазақстан заңдарына сәйкес өтіп, ертеңгі күні құжаттарына ешкім тиісе алмайтындай болған абзал.
6. Жаңаша тарихымызда ұлтшылдарды біріктірудің бірнеше бастамасы болған. Өкінішке қарай, олар жүзеге аспай қалды. Шынын айтсақ, көпшілік біріге алатынымызға сенуден қалып бара жатыр. Тағы да ұятқа қалмау үшін (әсіресе, басқа жұрт алдында!) мұндай бастаманы көтерушілер мен қолдаушылар қоғам алдындағы аса зор жауапкершілігін сезінуі тиіс деп ойлаймын!
Қатардағы қатысушы ретінде шама-шарқымша ат салысуға мен дайын. Басқа қазақты да соған шақырамын!

Әзірше айтарым осы!

 

 

http://old.abai.kz/sites/default/files/FC68B539-8E4D-4721-8847-27B4D3A84318_mw1024_n_s.jpg

Қасым Аманжолұлы:

Мұндай жиынның болғаны жақсы, әрине! Қос қолымды көтеріп қолдар едім, ЕГЕР:

- құрылтай өткізудің алдымен жобасы, жарғысы талқыланса;

- оны өткізуге жауапты ұйымдастыру комитеті ашық түрде жасақталса;

- құрылтайда көтерілмек басты мәселелер ақылдасып ортаға салынса;

- елдегі барша ұлтшыл күштер мен ұлтшыл белсенділер барынша қамтылып, мәлімдемеден бұрын келіссөздер жүргізілсе;

- құрылтайға жұмсалатын қаражат көзі бірнешеу және ашық болса.

Ал мына бастаманы ұсынушы азаматтардың ісінде асығыстық бар сияқты көрінеді. Әдейі күмән туғызып, жұмысқа белсенген жандардың ісіне кедергі жасау ниетім жоқ, алайда үш адамның бастамасымен құрылтай шақырып, ұлтқа Үндеу жариялау жөн емес деп ойлаймын. Алтай мен Атыраудың ортасын түгел қамтитын, ел болашағына жөн сілтейтін, атауы да тым киелі – Құрылтай деген ұғымды көкпарға айналдырып алмасақ екен. Бұл шақырылып жатқан «құрылтайдың» сәтті өтеріне сенбесем де, қателесуімді қатты тілеймін. Қалыс қалатынымды, бірақ қарсы жұмыс жасамайтынымды ол азаматтарға жеткіздім де.

Abai.kz

0 пікір