Сенбі, 28 Қаңтар 2023
Жаңалықтар 2921 0 пікір 13 Тамыз, 2013 сағат 12:02

Есей Жеңісұлы: «KAZsport» телеарнасынан «өз еркіммен» және «отбасы жағдайыммен» кеткен жоқпын»

- Есей аға, «KAZsport» телеарнасына 5,5 ай басшылық жасап, бағдарламалары мен бағыт-бағдарын түзіп, дәл ашылар тұста арнадан кетуіңізге не түрткі болды?

– Бұл мен жауап беретін сұрақ емес. Оның жауабын мені жаңа телеарнаның жеке студиясы мәселесін корпорация басшылығымен талқылап отырған жерімнен алып тастаған министрлік өкілдері білетін шығар. Ең бастысы, «өз еркіммен» және «отбасы жағдайыммен» кеткен жоқпын. Бастаған істі орта жолдан тастап, өз еркіммен кетіп қалатындай табансыз емеспін деп ойлаймын. «Отбасы жағдайым» жақсы болды, Астанада кіші қызым дүниеге келді. Балаларымның болашағын Астанамен байланыстырып та жүргенмін.

- Іштей өкініш, өкпе-реніш бар шығар?

– Әуелде қатты қорландым, бірақ уақыт өте келе өзімді іштей жегеніме ешкімнің қылшығы қисаймайтынын түсіндім. Ауылымда, қайын жұртымда бір ай демалып келдім де, басқа жұмысқа кірісіп кеттім. Балық ауладым, туыстарды араладым, балаларымды қыдырттым.

- Алматыға қайтып оралды деп естідік…

– Иә, қазір Алматыдамын. Қасиетті Алматым мені ешқашан өзегімнен тепкен емес. «Адасқан ұлын» тағы да құшақ жая қарсы алды. «Дала мен қала» газетінде тілші болып жұмысқа кіріскен жағдайым бар.

- Есей аға, «KAZsport» телеарнасына 5,5 ай басшылық жасап, бағдарламалары мен бағыт-бағдарын түзіп, дәл ашылар тұста арнадан кетуіңізге не түрткі болды?

– Бұл мен жауап беретін сұрақ емес. Оның жауабын мені жаңа телеарнаның жеке студиясы мәселесін корпорация басшылығымен талқылап отырған жерімнен алып тастаған министрлік өкілдері білетін шығар. Ең бастысы, «өз еркіммен» және «отбасы жағдайыммен» кеткен жоқпын. Бастаған істі орта жолдан тастап, өз еркіммен кетіп қалатындай табансыз емеспін деп ойлаймын. «Отбасы жағдайым» жақсы болды, Астанада кіші қызым дүниеге келді. Балаларымның болашағын Астанамен байланыстырып та жүргенмін.

- Іштей өкініш, өкпе-реніш бар шығар?

– Әуелде қатты қорландым, бірақ уақыт өте келе өзімді іштей жегеніме ешкімнің қылшығы қисаймайтынын түсіндім. Ауылымда, қайын жұртымда бір ай демалып келдім де, басқа жұмысқа кірісіп кеттім. Балық ауладым, туыстарды араладым, балаларымды қыдырттым.

- Алматыға қайтып оралды деп естідік…

– Иә, қазір Алматыдамын. Қасиетті Алматым мені ешқашан өзегімнен тепкен емес. «Адасқан ұлын» тағы да құшақ жая қарсы алды. «Дала мен қала» газетінде тілші болып жұмысқа кіріскен жағдайым бар.

- Төрт жылға жуық балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газетін бас редактор болдыңыз. Не түйдіңіз? 83 жылдық тарихы бар басылымның таралымының аз болуына не себеп деп ойлайсыз?

- 2009 жылдың 1 желтоқсанында «Ұлан» газетіне «Менің атым Қожаға» қауіп төнді» деген мақала жарияладым. Сонда осы жайға толық тоқталдым. Және әлі де сол пікірдемін. «Бұл жағдай қоғамда балаларға жанашырлықтың аздығын, тіпті жоққа таяу екенін көрсетеді. Өзіңіз ойлап көріңізші, біздің бала күнімізде бұрынғы «Қазақстан пионерін», қазіргі «Ұланды» білмейтін бала жоқ болатын. «Ұланға» бір ауыз сөзі жарияланған бала бүкіл ауыл үшін керемет беделді саналатын. Қазір ше? Қазір «Ұланды» білмейтін ауылдар, аудандар пайда болды. Бар-жоғы 10-15 жылдың ішінде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 4 жылға жуық студенттерге дәріс оқыдым. Сонда шәкірттерімнің ішінде «Ұланды» білмек түгілі, атын естімегендері де болды. «Ұлан» десең, әлдебір экзотикалық хайуанның атын естігендей, көздері тас төбесіне шығып, таң-тамаша болып отырады. Ол газетке бала жастан араласып, жас тілші атануға болатынын мүлде білмеген. Демек, сол ауылдың мектебінің мұғалімдерінде де, директорында да, сол ауданның білім бөлімінің басшыларында да, аудан әкімінде де, қыл аяғы, сол ауыл қарайтын облыс әкімінде де қайраткерлік, ұлтқа жанашырлық жоқ деген сөз. Нөл! Олар үшін «Бар жақсымыз – балаларға» деген әншейін ұран сөз ғана. Сөйте тұрып: «Қазір газет көп қой. Қайсыбіріне жазыл деп айтамыз?» – деп керілетіндер көп» деген сөзім – нақ сөзім.

- Иә, мен де жиі естимін осы пікірді. Бірақ «Ұлан» қайсыбір газет емес қой.

- Тағы да сол мақаладан үзінді келтірейінші осы сұрағыңызға: «Әрине, «Ұлан» – ұлттың жоқшысы. Бұл газет елдің еңсесі түскен елуінші жылдары да, аласапыран алпысыншы жылдары да, жалған жетістіктерді жіпке тізген жетпісінші жылдары да, сергелдеңге салған сексенінші жылдары да ұлт жоқшысы қалпынан айныған емес. «Оян, қазақ, көтер басты!» деген алаш ұранын бала тілімен саналарға шегелеген газет. Әр үйдің есігін бала болып қағып, «Менің атым Қожа» болып ақылды тентектік жасап еркелеген газет. Елімізде 2,5 миллион баланың кемі 1,5 миллионы қазақ тілінде жазып-сызып, оқи алады деп қарастырсақ, «Ұланның» таралымы кемі 300 мың болуға тиіс еді. Қайдан! 10 мыңнан аспайды. Балаларға арналған газеті оқылмаған қоғамнан қандай үміт күтуге болады?»

- Бұған кімді кінәлаймыз? Мүмкін насихаты аздығынан шығар?

- Сол мақаланы ары қарай оқиық: «Бұл жағдай – қазіргі ата-аналардың да бала тәрбиесіне мүлде құлықсыздығының көрінісі. Баласы кітап оқып жатыр ма, газетке қарай ма, жалпы не нәрсеге қызығады – бәрібір деген сөз. Қазіргі баласы мектеп жасындағы ата-аналар кімдер? Жасы 30-дан асқан, 40-қа жақындаған, кейбірі қырқылжың тартқан азаматтар. Олардың басым бөлігі 1990 жылдардың ортасында қарын қамын қатты күйттеді де, ошақ басынан ұзай алмайтын, ұзап ойлай алмайтын, мешеу адамдар болып қалыптасты. Бүгін тапқан тиынын зор медеу тұтатын , ертеңгіні ертең болғанда ғана ойлайтын жандар ретінде. Байқаймын, қазір кейбір ата-аналарға жалпыұлттық құндылық деген – әншейін түсініксіз сөз. «Ұлан» да, «Менің атым Қожа» да еш құнсыз. Шынына келгенде, «Ұланның» бір жылдық жазылу құнын (1700 теңгені) олар кез келген бұрышта тастап кетіп жүр. Босаған бөтелке, тұздалған балықтың қаңқасы ретінде, бір түскі ас ретінде, т.б. «Бала тәрбиесімен мектеп қана айналысуы керек» деген түсінік кейбірінің санасына орнап қалғаны соншалықты, баласының тәртіпсіздігін, бесіктен белі шықпай жатып азғындауының себебін тек мектептен көреді. Қасиетті ұяны сыртынан тілдейді, мұғалімдермен кез келген ортада оп-оңай бет жыртыса береді. Ондай ата-ана баласына «Ұланды» оқы деп айтушы ма еді? Өзі білмей тұрса…»

- Балалар басылымына қайта келу ойыңызда бар ма?

– Оны бір Алла біледі. Жалпы, қазақ атамыз қай сөзді де дәл, орнымен айтқанына көзім жетті. «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» дегені де дәл екен, «Ат баспаймын деген жерін үш рет басады, ер бармаймын деген жеріне үш рет барады» дегені де тура екен.

- Жарайды, енді әңгіме ауанын басқа жаққа бұрсақ. Жырларыңызды аз оқитын болдық. «Бір жарықтан» кейінгі жаңа жыр жинағыңыз енді қолға қашан тиеді?

– Өткен жылы «Қазығұрт» баспасынан «Тәуелсіздік толғауы» сериясы аясында «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!..» атты публицистикалық жинағым жарық көрді. Қазір екінші жыр жинағымды дайындап жатырмын. Алла бұйыртса, тың дүниелер ұсынамын. Өлеңдерім газеттерге шықпағалы жылдан асыпты. Дегенмен «Жазушы» баспасынан шыққан антологияға (құрастырған С.Жұбанияз) 20 шақты өлеңім кірді, жақында тағы бір антологияға ұсындым.

- Сіздің көңіліңізді қалдыру қаншалықты қиын, әлде «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!..» деп түк болмағандай ұмытып кетесіз бе?

– Менің көңілім тез қалады, бірақ тез жөнделеді. Лап етпе мінезім барын білемін. Адамның бәрін дос көруші едім, сонымнан ептеп көз жазып келе жатқан да сияқтымын. Өйткені, адамдар қазір жаман мінезімен көбірек мақтанатын болды.

- Қазақ журналистикасында сізді алаңдатар басты мәселе не?

– Қазіргі қазақ журналистеріне 30-40 жылдан кейінгі ұрпақ қатты разы болады. Соны білемін. Алаңдататын нәрсе – бірізділік. Ізденіс аз.

- Студент кезімізде «Қандай кітап оқып жүрсіңдер? Оқыңдаршы, кітапқа кеткен менің кегімді қайтарыңдаршы» деп бізге жиі айтушы едіңіз. Кітапқа кеткен есеңізді қайтара алып жүрсіз бе? Не оқып жүрсіз?

– Сол есені көңілімдегідей қайтара алмай жүрмін, тіршілік киіп кете береді. Үйде, жұмыста, көлікте жеке-жеке кітаптар алып жүремін. М.Салтыков-Щедриннің «Головлев мырзаларын» тәмамдап қалдым. Ұзақ оқитын әдет пайда болыпты осы күндері. А.Дюманың «Графиня де Монсоросын» оқып, роман бойынша түсірілген фильмді көріп едім, онша қабылдай алмадым.

- Бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлесіз? Қандай әкесіз?

– Жіті көңіл бөлуге тырысамын. Бірақ көп шектейтін сияқтымын. Саналарында «ұят болады» деген ұғым тұрғанын қалаймын, дегенмен «ол әрекетім балаларымның жасық болуына әкеп соқпас па?» деген күдігім де бар. Балаларым еркін, ерке. Ұлым, мысалы, сурет салуға бейім. Үлкен қызымда көшбасшылық қасиет бар. «Жақсы адам болып өссе» деймін, «солардың жетістігімен мақтанып жүрсем» деймін, көкірегімде арман көп, әйтеуір. «Балама сыр» деген циклды өлеңдерім бар, сонда оларға шын ақтарылғанмын.

- Оңтүстік өңірі сізге несімен қымбат, жиі келесіз бе?

- Жылына кем дегенде бір рет барып тұрушы едім, ат ізін салмағалы 3 жылдан асыпты. Бұл бір ғажайып өлке ғой. Нағыз контрасттар мекені. Қазақ даласының барлық тамырына бүлкілдетіп қан жүгіртіп жатқандай көрінеді маған.

- Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен — Әйгерім БЕГІМБЕТ

«Отырар» арнасы

0 пікір

Үздік материалдар

Анық-қанығы

Жақиянов: Маған ашық жала жабуға кірісті...

Ғалымжан Жақиянов 3113
Адасқандар

Мобилизация: Келімсектердің сенері - «дядя Вова!»

Жайберген Болатов 2228
Айқай

Елде ұлттық идеология өте әлсіз...

Бейсенғазы Ұлықбек 1900