Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2769 0 пікір 13 Тамыз, 2013 сағат 08:03

Құрылтай: ҰЛТШЫЛ ҚАЗАҚТАР БІРІГІҢДЕР!

Ел басына күн туып, етікпенен су кешетін заман келсе атойлап атқа қонатын азаматтар қазақта қай заманда да аз болмаған.

Біреу мылтығын кезеп, елдің қаны, жердің шаңы шықпаса да бүгінгі қазақ ұлтының алдында тағы бір үлкен сын  сағаты тұрғанын бәріміз білеміз.

Ресей Кедендік одақ, Еуразиялық Одақ деп экономикалық қысым жасап, халықтың төбесіне зымыран құлатып, гептил шашып жатыр.

Қытай жерімізге көз алартып, қазақ мұнайына иелік етуде. Қазақтың бар байлығы шет елдің уысына түсті.

Бір сөзбен айтқанда Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі, қазақ ұлтының еркіндігі, болашақ ұрпақтың, сіз бен біздің ұл қыздарымыздың тағдыры таразыға түсті.

Тағдырды білектің күші, найзаның ұшы шешетін заманда ешкімге дес бермедік. Енді бүгін найзаның орнын қалам, интернет, білектің орнын ақыл, сана, бірлік басқанда есеміздің кетіп-ақ жатқанын көріп отырмыз.

Біз ешкімге жау емеспіз, билікке де қарсы емеспіз, біз тек өз ұлтымыздың сақталуын, мемлекетіміздің нығаюын қалаймыз.

Ата-баба аманаттаған  жерімізді, тілімізді, дінімізді сақтау, қорғау және келер ұрпаққа жеткізу арқайсымыздың азаматтық парызымыз, адамдық міндетіміз.

Қадірлі бауырлар, ұлтшыл азаматтар түрлі жағдаймен, пендешілікпен бір бірімізге салқын қабақ танытып, біріміз билікті, біріміз оппозицияны қолдап,  осыған дейін араз болып келсек немесе танымаған болсақ осындай сын сағатта барлығымыздың жүрегіміздің түбінде маздаған елімізге деген сүйіспеншілік, Отанымызға деген жанашырлық, ұлтымызды сақтауға деген ынта жігеріміздің, ел мерейін асырсақ деген асыл арманымыздың жолында бір жағадан бас шығаратын бауырға, досқа, туысқа айналатын сәт туды.

Өлсем топырақ туған жерден бұйырсын дейтін асыл азаматтарға айтарымыз, бір ұлттық идеяға бірігіп, ақылға ақыл, күшке күш қосып, ел болашағы, ұлт болашағы жолында үлкен саяси күшке айналайық дегіміз келеді.

Осы мақсатта алдағы қазан айында Алла қаласа Алматыда Ұлтшылдардың жалпы  құрылтайын өткізуді ұсынамыз және соған барлық сергек ойлы, сертіне берік, ұлтым деген ұл –қыздарды қолдауға, бірге болуға, бірігіп өткізуге шақырамыз.

Онда Ұлттық-демократиялық мемлекет орнатудың идеясын анықтап, болашаққа анық та айқын жоспар жасайық дейміз. Сөзден іске көшейік бауырлар!

Ұлт болашағы, ұрпақ тағдыры Сіз бен Біздің қолымызда.

ҰЛТШЫЛ ҚАЗАҚТАР БІРІГІҢДЕР!     

Ғабиден Жәкей +77017771969 (Алматы)

Мақсат Ілиясұлы +77059997868 (Астана)

Болатбек Біләл

Abai.kz

0 пікір