Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5775 0 пікір 12 Тамыз, 2013 сағат 05:05

Әбдірашит Бәкірұлы. Аяз би, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл!

Мемлекет - саяси субьект. Формасы жағынан әртүрлі: демократиядан бастап диктатураға дейін. Оның тікелей міндеті - өзін қорғау, тәуелсіздігін сақтау. Осы мақсат үшін мемлекет келесі шараларды жасауға мәжбүр: "жұмыссыздықты жою", "халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсарту", "тұрақтылықты қамтамасыз ету", "азық-түлік, әскери, демографиялық, экологиялық және т.б. қауіпсіздікті сақтау, сыртқы саясатта өз мүддесін қорғау. Осы мәселелердің оңды шешілуі - Биліктің "мемлекетшіл" болуына байланысты. Егер билік жүйесі "мемлекетшіл" бола алмаса, онда ол (билік) эгоистік қалыпта болып, онда мемлекет ресурсын жеке пайдаға жұмсау белең алады. Бұл - жауапкершілік мәселесінен туындайды. Себебі, авторитарлық билік орнаған мемлекетте елді басқару жүйесінің Жауапкершілігі алдымен Билеушінің алдында болмақ, ал "Мемлекеттік жауапкершілік" осының көлеңкесінде тұрады. Не себептен бұндай жағдай орын алуы мүмкін? Бұл - биліктің осылай болу-болмауы - мемлекет құрған халықтың да, оның билік жүйесінің де мәдени деңгейіне тәуелді болуы себептен. Өйткені, әлемдік озық тәжірибеден артта қалған қоғам (билігімен қосып алғанда) өз деңгейіне сай мемлекеттің "мәдениетсіз" формасын жасап шығады не оған жол береді. Ешбір шетелдік кеңесші бұл заңдылықты өзгертуге қабілетсіз. Ондай жағдайда "халық өзіне сай билігіне ие болды" деген аксиома қате.

Мемлекет - саяси субьект. Формасы жағынан әртүрлі: демократиядан бастап диктатураға дейін. Оның тікелей міндеті - өзін қорғау, тәуелсіздігін сақтау. Осы мақсат үшін мемлекет келесі шараларды жасауға мәжбүр: "жұмыссыздықты жою", "халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсарту", "тұрақтылықты қамтамасыз ету", "азық-түлік, әскери, демографиялық, экологиялық және т.б. қауіпсіздікті сақтау, сыртқы саясатта өз мүддесін қорғау. Осы мәселелердің оңды шешілуі - Биліктің "мемлекетшіл" болуына байланысты. Егер билік жүйесі "мемлекетшіл" бола алмаса, онда ол (билік) эгоистік қалыпта болып, онда мемлекет ресурсын жеке пайдаға жұмсау белең алады. Бұл - жауапкершілік мәселесінен туындайды. Себебі, авторитарлық билік орнаған мемлекетте елді басқару жүйесінің Жауапкершілігі алдымен Билеушінің алдында болмақ, ал "Мемлекеттік жауапкершілік" осының көлеңкесінде тұрады. Не себептен бұндай жағдай орын алуы мүмкін? Бұл - биліктің осылай болу-болмауы - мемлекет құрған халықтың да, оның билік жүйесінің де мәдени деңгейіне тәуелді болуы себептен. Өйткені, әлемдік озық тәжірибеден артта қалған қоғам (билігімен қосып алғанда) өз деңгейіне сай мемлекеттің "мәдениетсіз" формасын жасап шығады не оған жол береді. Ешбір шетелдік кеңесші бұл заңдылықты өзгертуге қабілетсіз. Ондай жағдайда "халық өзіне сай билігіне ие болды" деген аксиома қате. Бұл жағдайда "билік өзі секілді халықты (мәдениетті, қатынас ережелерін т.т.) жасап шықты" десек - шындыққа жақындаймыз. Өйткені, Халықты "мемлекеттік субъект" ету - оның билігінің ұзақ жылдардағы қажырлы саясатының жемісі болмақ. Ал билік өз жағдайының жайымен кетсе, онда міндетті түрде бұндай "Мемлекет" саяси тұрғыда өз Билеушісінің "автопортреті" болып шығуы мүмкін... Бұрынғы посткеңестік елдердің көбі осы жағдайға тап болды. Оның классикалық түрі - Түркіменстан болса, "мәдениленген" түріне Өзбекстан мен Қазақстан енеді. Ал революцияшыл Қырғыздар - бұрынғы номадтық дәстүрін демократия принциптеріне ұштастырумен айналысып жатыр. Бірақ ол әрекеттер де "мемлекетшілдік" талаптарын орындауға даяр емес. Өйткені, онда да "далалық демократия" ұран күйінде қалып тұр. Ал, кез келген уақытта Демократияның бірден-бір "көрін қазушысы" - коррупция мен парақорлық онда да жайқалып тұр. Сондықтан, ендеше, біздің мәдени-рухани деңгейіміз "мәдениетті мемлекет" құруға қауқарсыз болса, онда бір ғана жол бар, ол - Билікті "мемлекетшіл" болуға мәжбүрлеу! Оған қандай тәсілімен жетуге болады? Ең бастапқы жолы - Ата Заң және "қоғамдық келісім" түріндегі барлық басқа Заңдардың билік үшін қатаң сақталуына қол жеткізу. Сол үшін күресу. Яғни, бүкіл қоғам болып Биліктің өзінен осы - "қоғамдық келісімді" аттап өтпеуін талап ету, оны қадағалау, оған жол бермеу, заңның өз жолдары және тәсілдерімен қарсылық таныту. Бұл үшін бұдан былай барлығымыз да құқықтық сауаттануға кірісуіміз қажет. Тек қана оппозицияның Үндеулерін ғана "саяси шара" деп бағаламай, билік тарапынан ұлттық мүддеге қарсы әрекеттерді де "зиянды саяси қадам" деп бағалауды үйренуіміз қажет. Әрбір парақор елдің дамуын ондаған жылдар артқа тастайтын, сөйтіп әрқайсымыздың бақытты өмірге деген құқымызды аяқ асты ететін қаскүнем деп қабылдануы тиіс. Егер біз - қалтасы қалыңға бас шұлғи бермей, адамды адам ретінде бағалауды білсек - кеудесін мақтан керген, бірақ "ел қамы" дейтін түйсігі жоқтар өздері "іріктеліп" шыға келер еді. Дүниені Пасықтық емес, Ақыл мен Парасат билейтіні анықталар еді. Әзірге, біз жетекке еріп сондайлардың артынан кетіп барамыз... Бізге осы қалыптан айну қажет. Мысалы, мен мынаны ұсынар едім - барлық жерде Елдігіміз бен Тәуелсіздігіміздің бір символы ретінде Президент портреттері ілулі тұрады. Дұрыс. Алайда, енді, бұдан былай, оның төмен жағына "атышулы Коррупционерлердің" портреттерін іліп, оның үстіне үлкен әріптермен "КОРРУПЦИЯ ТАЖАЛЫ" деп жазып қойсақ - артық болмас еді... "Аяз би - әліңді біл, Құмырсқа - жолыңды біл" демеуші ме еді...

Abai.kz

0 пікір